Білім беру мекемесінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетін диагностикалау
Білім беру мекемесінің қызметінің көрсеткіштері және критерилері:Жаңа білім беру бағдарламаларын жасау және ендіру;Білім беру бағдарламасының мекеменің әрбір ұжымында, білім беру деңгейінде, халықтың әрбір әлеуметтік тобында қабылдануы;Мекеменің социуммен байланысының деңгейі,Педагогтың кәсіби біліктілігін көтеруді қамтамасыз етін жағдайларды жақсарту;Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру нәтижелері,Білім беру үрдісіне қатысушылардың эмоционалдық-тұлғалық қанағаттануының дамуы.Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістері және әдістемелері оқушылардың ата-аналардың, педагогтардың, мекеме басшыларының мекемемен бірігіп қызмет істейтін ұйымдар өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.
Оларды қолдану бойынша жіктеу төмендегідей көріністе:
құжаттарды зерттеу және талдау (кеісімдер, оқу жоспарлары, бағдарламалары, әдістемелер, сабақ журналдары т.б.);
бақылау;
әңгімелесу;
моделдеу және жобалау;
эксперимент;
сауалнама және анкеталау;
сооциометриялық зерттеу;
әлеуметтік зерттеу;
бланкалық және аппаратуралық тестілер (индивидуалдық және топтық).Әлеуметтік-психолого-педагогикалық диагностика әдістері және әдістемелерін уақытылы өткізіп тұрған дұрыс. Оларды аймақтың білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне, бағытына, баланың және педагогтардың жеке ерекшеліктеріне байланысты таңдаған жөн. Әдістер және әдістемелер шартты түрде екі кезеңге бөлінуі тиіс: бастапқы (ұйымдастырылған үрдіс басталмас бұрын) және қорытынды (үрдіс аяқталғаннан кейін).
Қолданылатын материалдар, әдістемелер және әдістер:
Тәрбиеленушілер және мектеп бітірушілер:
Оқушылардың өзіне мінездемесі;
“Мен неге бұл мектепті таңдадым?” (клуб, орталық т.б.) тақырыбына шығарма;
Әңгімелесу жеке және топтық әңгіме
Әлеуметтік-психологиялық диагностика әдістемесі;
Балаларды диагностикалау және бақылау нәтижелері бойынша талдау материалдары;
Балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерінің диагностикалық материалдары;
Тұлғаның жасөспірімдік-жеткіншектік кезеңіндегі бағыттылығын зерттейтін анкета-сауалнама;
“Қарым –қатынасқа қажеттілік”анкетасы;
Өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі;
“Сіздің болашақ мамандығыңыз”анкетасы;
“Оқытуға қатынасыңыз”анкетасы;
Социометриялық зерттеу;
“Мамандықты саналы таңдау қабілеті” тестасы;
Педагог пен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты өлшеу;
“Егер де мен біздің мектебімізде педагог болсам” тақырыбында шығарма;
ЖОО, орта арнаулы оқу орнына түскен, жұмысқа тұрған мектеп бітірушілер саны;
Кітапхана, музейлер, оқушылардың ғылыми қоғамдрының жұмыс бағдарламалары;
Конкурс, олимпиадалардың жеңімпаздарының болуы;
Түрлі конкурс, вестивальдардың т.б. лауреат, дипломанттарының дипломдарының көшірмелері;
Балаларды психологиялық түзету бағдарламалары;
Дарынды балалармен жұмыс бағдарламалары;
Оқушылардың тәуелсіз мінездемелері.
Ата-аналар:
Ата-аналар жиналысы;
Ата-аналар үшін анкеталар;
әңгімелесу,
ата-аналармен хат алысу;
жорықтар, экскурсия, мерекелердің және т.б. сценариилері;
көрме материалдары;
ата-аналармен біріккен жұмыс формалары;
ата-аналармен жұмыс бойынша бағдарламалар, жоспарлар;
ата-аналарды мадақтау: жиілігі, саны, формасы;
Педагогтардың психолого-педагогикалық компетенттілігі:
Педагогтардың коммуникативтік қабілеттілігін бағалау әдістемесі;
Педагог жұмысын бағалау әдістемесі;
Педагогикалық ықпалдардың өзін-өзі бақылау әдістемесі;
Оқушы тұлғасына сипаттама беруде педагогтың педагогикалық шеберлігінің деңгейін бағалау әдістемесі.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін бағалаудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
· әлеуметтік-педагогикалық проблемалардың мен оларды шешу нәтижелерінің сәйкестігі;
· балалар мен ересектердің әлеуметтік құнды іс-әрекет түрлеріне қатысу динамикасы;
· білім беру үрдісіне қатысушылардың базалық әлеуметтік құндылықтарға қатынасының өзгеруінің динамикасы;
· микроклимат, әлеуметтік ортадағы әлеуметтік-педагогикалық жағдайдың динамикасы;
· қоғамдық бірлестіктердегі балалар мен ересектердің әлеуметтіу инициативаларының пайда болуы, дамуы;
· әлеуметтік педагогтың құжаттарының жағдайы;
· әлеуметтік педагогтың кәсіби өсуі.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3619;