Дәріс. Мектептегі әлеуметтік жұмыс.
Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог – ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушылардың әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Ол әртүрлі әлеуметтік мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық– педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез–құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленішті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің , отбасының, ортаның, билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсыз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; баланың талантын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы–отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс–әрекеті, отбасындағы немесе тәлім–тәрбие мекемесіндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында, «жеке тұлға–отбасы–қоғам» жүйесіндегі өзара қарым–қатынастарды реттеп отырады.Осы оқиғалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушылар және де көп балалы отбасы, жетім, толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы назардан тыс қалмауы керек. Білім мекемесіндегі әлеуметтік педагог мұндай балаларғат жоспарлы түрде және рухани көмек ұйымдастырады. Оқушылардың отбасылық жағдайын анықтап, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасына көмек көрсетуді қйымдастырып, баланың жеке дамуындағы ауытқуларының алдын алып түзету жұмыстарын жүргізеді. Білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог жетім және ата–ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақылық, зейнетақылық және тұрғын үй жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік рухани және жоғары деңгейдегі мәдениетті педагог психолог , баланың білім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны қорғауға өзінің белсенді рөл атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, ұстанымы болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогтың жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогтың жаңа интенсивті әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білу қажет. Әлеуметтік педагог ата–аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес беріп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 4030;