Арым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде

Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс. Б.Д. Парыгин мұны адамдардың танымдық ақпарат алмасуы, өзара түсінісуі, бірін – бірі қабылдау процесі деп атап өтті.

Л.П. Буева әдебиеттерді талдай келе қарым-қатынасты зерттеудің келесі аспектілерін ашып көрсетті:

1. ақпараттық-коммуникативтік (қарым-қатынас, барысында ақпарат алмасу жүзеге асатын жеке тұлғалық коммуникацияның бір түрі ретінде қарастырылады );

2. интеракциялық (қарым-қатынас кооперация процесі барысында индивидтердің өзара әрекеті ретінде қарастырылады );

3. гносеологиялық (адам әлеуметтік танымның объектісі және субъектісі ретінде қарастырылады);

4. аксиологиялық (қарым-қатынас құндылықтарды алмасу ретінде қарастырылады);

5. «нормативті» (индивидтің мінез-құлқын нормативті реттейтін процестегі қарым- қатынастың орны мен ролі анықталады);

6. «семиотикалық» (қарым–қатынас, бір жағынан, белгілер жүйесі ретінде, екінші жағынан, әр түрлі белгілер жүйесі қызметіндегі делдал ретінде сипатталады);

7. әлеуметтік – тәжіриблік (праксиологиялық) (қарым–қатынас әрекет, қабілет, іскерлік пен дағды алмасу ретінде қарастырылады).

Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері қарым – қатынас адамдардың мінез-құлық сипаты мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтері адамның өзара қарым-қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дегенді айтты. Расында, адамдардың өзара қарым-қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым- қатынасы тек өмірдегі халі мен күйіне ғана байланысты емес, олар әлеуметтік, экономикалық, саяси,т.б. факторлардың күшті ықпалында болды. Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреуі арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас –жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс.

Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптің, басқа әртүрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендіреді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас –топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздеріндегі қалыптасатын қарым-қатынас түрі.

Көпшілік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасауы, осындай қатынастардың түріне өнер, эстетикалық-қарым-қатынастарды да жатқызады.

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдардан қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлықын қалыптастыратын жан-жақты шындық.








Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 4785;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.