Арым-қатынастың функциялары
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады.
1.Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш ролді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады.
2.Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп атауға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынаша: «Бала әрқашанда 2 адам –оның өзі және ересек адам». Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесіне және де баланың дербестік ырықты іс-әрекетіне айналады.Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде –бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әрекет нәтижесінде өзара ықпал ету мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады.
3.Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады. Басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып біліп, өзіне -өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймістің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы - ең зор жаза». Көптеген психотерапевтік жүйелерге адамның мұндай жағдайы «қолдау алмаған, бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг – бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофренияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткеніндей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауырады екен. Адамдар өміріндегі әртүрлі дәстүрлер-амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекіту терапиясы» деп саналады.
4.Қарым-қатынастың төртінші функциясы тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар-«сүйкімді-сүйкімсіз», «ұнайды-ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік тіпті ролдік қатынасына да өз әсерін тигізеді.
5.Келесі, бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы – диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С.Выготский былай деген: «...адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды»
Сонымен, біз қарым-қатынастың түрін, формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеументтік психологияда баса назар аударылатыны тұлға аралық, тікелей қарым-қатынас түрі, әрі ең терең зерттелгені де осы түрі.
Әлеументтік психология, адамдардың түрлі әлеументтік топтарға кіруіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке сезімдері негізінде қалыптасады. Психология ғылыми жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Тұлға аралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылдаған: а) конъюктивті-адамдарды жақындататын, біріктірентін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер; ә) дизъюнктивті-адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морена (1958) ұсынған әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) кең қолданылады. Әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) негізінде нақты іс-әрекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын «ұнату, ұнатпауын» анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асыралды. Мұндай үйлестірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Сонымен қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды. Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты. Әлеуметтік қарым – қатынасқа коллективтендірілген еңбегін жоспарлап, басқару, орындалғанын қадағалап , тексеріп жатады.
Қарым – қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен , ұжыммен шешу, әрекет, қарым – қатынас пен өзара қарым – қатынас, т. б. жатады. Қарым – қатынас мазмұны қарым – қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым – қатынасының негізгі құралына тіл жатады. Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б.
Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 5844;