Леуметтік қамсыздандырудың функциялары
Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні келесі функциялардан көрініс табады:
- саяси;
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- демографиялық;
- сауықтыру;
- еңбек.
Әлеуметтік қамсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрақтылық сақтаудан және халықтың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі әлсіретуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына, еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуына көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасаудан көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы елдің халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық және құкық қорғаушылық сипаттағы қызметтер көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Олар мыналарды қамтиды:
1) азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастарды; 2) заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін нақты тауарлармен, қызметтермен қамтамасыз ету; 3) процедуралық және құқық қорғаушылық сипатгағы қоғамдық қатынастарды.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастар өз мәні бойынша әкімшілік-биліктік қатынастар болып табылады. Олардың 5 тәсілін бөліп қарастыруға болады:
- тегін, әрбір азаматтың бөлінетін, алайда мемлекет белгілеген әлеуметтік нормативтің (стандарттың) шегінде қоғамның саналы (ұтымды) қажеттіктеріне және экономикалық мүмкіндіктеріне сай игіліктерге қатысты теңдей құқықтарына негізделеді. Мысалы, от-басының жан басына шаққан табысына сәйкес медициналық қызмет көрсету, өтемақылар төлеу кезінде, бірақ кез келген жағдайда мұндай көмек еңбек қызметімен немесе зейнетақы жарналарын төлеумен байланысты болмайды;
- бұрынғы немесе ағымдағы еңбектің шығындарын, өндірістің, материалдық қамсыздандырудың қажеттліктерін ескере отырып теңестірілмейтін, бірақ нормаланған сипаттағы; - құнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайдағы. Мысалы, дәрі-дәрмектерді, санаторийларға жолдамаларды жеңілдетілген бағамен сату; - ақы үшін; - еңбектің саны мен сапасына қарай.
Байқағанымыздай, бұл қатынастар әртекті және құқықтық реттеудің әртүрлі әдістерін талап етеді. Қызметті ақылы түрде көрсету қағидасына негізделген қатынастар азаматтық құқықтың реттеу саласын қамтиды. Оларға үшінші тәсілдің ақылылыққа негізделетін қатынастары да жатады.
Қатынастардың бесінші түрі еңбек құқығы саласына жатады. Алқашқы үш тәсілдегі қатынастар негізінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығына жатады.
Ұзақ уақыт бойы бұл қатынастар еңбек, әкімшілік және қаржылық құқықтар шеңберінде дамыды. Алайда, уақыт ағымымен заңшығарушылық материалдың дамуымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының және оның ерекшеліктерінің дамуына әлеуметтік қамсыздандыру құқық дербес құқық саласы болып бөлініп шықты.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3130;