Леуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түрлері
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік кұкықтық актілерге әртүрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б. жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені құрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құқûқтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ен жоғары заңдылық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де кұкықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы саясаты адамның жақсы өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытгалған саясатқа ие әлеуметгік мемлекет болып табылады.
Казақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы қорғалады, отбасын, балаларды және аналарды, мүгедектерді және қарт адамдарды мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған коса, азаматгардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтàрды ҚР Конституциясының жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары).
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес акгілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жана ережелер бекітті.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде сипатталады.
Әлеуметтік қамсыздандыру туралы зандар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады: ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
Конституциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары; Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
- министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықгары және қаулылары;
-мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2062;