Аталған зейнетақылардың алу құқығы бар тұлғалар
Еңбекке жарамсыз болып, яғни аталғн зейнетақларды алу құқығыны алумына тұлғалар болып табылады:
- 18 жасқа толмаған балалары (солардың ішінде, асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-інілері, апа-қарындастары және немерелері;
Осындай зейнетақы құқығына ие кәмелетке толмаған тұлғалар басқа тұлғалармен асыранған жағдай да бұл құқығын сақтап қалады;
-әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнетақылық жасқа толған әкесі, анасы (соның ішінде, асырап алушылары); сонымен қатар зейнетақылық жасқа толған және асыраушысы қайтыс болған күні ол мүгедек болып табылса ері немесе әйелі де асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленеді;
-қайтыс болған тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларына, аға-інілеріне, апа-қарындастарына немесе немерелеріне күтім жасаушы және жұмыс істемейтін ата-анасының бірі немесе жұбайы, атасы не әжесі, аға-інісі немесе апа-қарындасы - жасына және еңбекке жарамдылығына_қарамастан;
- зейнетақылық жасқа жеткен атасы және әжесі - егер заң бойынша оларды күтуге міндетті тұлғалар болмаса және аталаған тұлғалардың өмір сүруінің өзге көзі болмаса.
18 жастан асқан азаматтар мұндай зейнетақы алу құқығын орта білім беру жүйесінің оқу мекемесін аяқтағанға дейін, сонымен қатар, егер олар жоғары және орта арнайы білім беру жүйесінде күндізгі бөлімде оқыса - 23 жасқа дейін сақтайды.
Егер қайтыс болған асыраушының отбасының мүшелері оның толық асырауында болса немесе одан тұрақты түрде және олар үшін өмір сүрудің негізгі көзі болып табылатын көмек алып отырса, аталған тұлғалар оның асырауында болды деп саналады.
Екі ата-анасынан да айырылған балалар үшін тағайындалған мұндай зейнетақы олардың заңды өкілдеріне (асыраушыларына, қорғаншыларына)төленеді.Егер сәби оның анасымен некеде түрған тұлға қайтыс болған соң өмірге келсе, асыраушы қайтыс болған күннен сәби өмірге келгенге дейін тоғыз айдан артық уақыт өтпесе, қайтыс болған тұлға оның әкесі деп жазылуы мүмкін.
Кейіннен жарамсыз деп танылған некеде туған балалар тіркелген некедегі балаларға теңестіріледі, және солардың құқыктарын иелене алады (мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыны алу құқығына қатысты). Сонымен қатар, тіркелмеген некеде тұрған ата-аналарынан туған, алайда қайтыс болған тұлға тиісті мәліметтер бойынша АХАЖ-да әкесі ретінде жазылған балалар да асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленеді.
Әкелікті АХАЖ органдарында немесе сот тәртібімен анықтаған жағдайда, баланың туған уақытына қарамастан, бұл балалар да тіркелген некеде туған балалар сияқты асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленеді. Өзін баланың әкесі ретінде таныған және баланы күтіп-бағуға және тәрбиелеуге қатыскан тұлға қайтыс болған жағдайда бұл тұлғаны әке ретінде тану фактісі сотта ерекше өндіріс тәртібімен жүргізіледі.
Бұл жағдайлардың барлығында тиісті кұжаттар АХАЖ органдарына берілуі тиіс, бұл органдар, өз кезегінде, баланың туу туралы куәлігіне тиісті жазбалар жазады (ата-анасының өтінішінің не сот шешімінің негізінде), содан кейін бұл құжаттар зейнетақы тағайындайтын органға жіберіледі.
Ата-анасьның екеуін де, не олардың біреуін ата-аналық құқықтардан айырған жағдайда, олар қайтыс болса, балалар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын жоғалтпайды.
Асырап алған балалар үшін де туған балаларға сияқты зейнетақы тағайындалады, бірақ олардың өздерінің туған (биологиялық) ата-анасы қайтыс болған жағдайда, бұл балалар туған ата-анасының қайтыс болуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленбейді. Алайда, егер мұндай зейнетақы оларды басқа тұлға асырағанға дейін тағайындалса, бұл құқық бұдан кейін де сақталады. Асырап алынған, туған (биологиялық) әкесінің немесе анасының қайтыс болуына орай зейнетақы алушы бала асырап алушы әкесі не анасы қайтыс болғаннан кейін не туған ата-анасының, не асырап алу шыларының қайтыс болуына орай зейнетақыны тандауы тиіс.
Егер бұл фактілер сот тәртібімен дәлелденсе, қайтыс болған асыраушылардың отбасыларына қатысты барлық ережелер хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардың немесе қайтыс болды деп жарияланған тұлғалардың отбасыларына да таралады.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 1540;