Асыраушысынан айырылуына байланысты зсйнетақыларды тағайындау жағдайлары

Заңдарда асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы тағайындаудың негізгі үш шарты көзделген:

-асыраушысынан айырылу;

-отбасы мүшелерінің еңбекке жарамсыздығы;

-қайтыс болған асыраушының асырауында болу.

Аталған үш шарттың барлығы құжатты түрде дәлелденуі тиіс. Л Бірінші шартқа - асырау шысынан айырылуына - белгіленген тәртіпте анықталуы тиіс өлім, хабар-ошарсыз кету жатады.

Өлім фактісі АХАЖ органдары берген өлу туралы куәлікпен куәландырылады, әскери қызметшілер үшін -әскери комиссариат, әскери білім немесе өзге де әскери мекеме берген құжатпен куәландырылады. Өлім фактісін медициналық тұрғыдан дәледенген соң өтініш АХАЖ органына жеті күннен, ал зорлап өлтіру, өзін-өзі өлтіру, қайғылы оқиғадан өлу, сонымен қатар, қайтыс болған түлғаның мәйіті табылған кезде - өлім орын алған немесе мәйіт табылған күннен бастап бес күннен кешіктірмей берілуі тиіс. Өлімді тіркеу қайтыс болған тұлғаның тұрғылыкты жері бойынша немесе ол қайтыс болған жердегі АХАЖ органдарында жүргізіледі. Соттың тұлғаны қайтыс болды деп тану туралы немесе өлім фактісін анықтау туралы шешімдерін тіркеу шешім шығарылған орын бойынша жүргізіледі.

Хабар-ошарсыз кету фактісі сотпен куәландырылады және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларымен реттеледі. Егер азаматтың тұрғылықты жері бойынша не ол туралы, не оның қайда жүргені туралы мәліметтер болмаса, сот бұл азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Соттан немесе тергеуден қашып жүрген тулға ларды мемлекеттік органдар іздеуді жалғастырса, онда бұл тұлғаларды хабар-ошарсыз кетті деп тануға болмайды.

Сонымен қатар, егер азамат тұрғылықты жері бойынша және оның туыстарына, жақындарына және достарына оның қай жерде екені бір жылдан астам белгісіз болса, және ол өміріне қауіп төндіруі мүмкін "нёмесё оның қайғылы оқиғадан қайтыс болуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жоғалып кетсе, онда сот тәртібімен бұл азамат қайтыс болды деп жариялануы мүмкін. Жоғалып кеткен тұлғаның қайтыс болған күні ретінде оны қайтыс болды деп таныған сот шешімінің күшіне енген күні саналады.

Хабар-ошарсыз кеткен түлға немесе қайтыс болды деп таныған тұлға табылған немесе ол өзі келтен жағдайда, сот өз шешімінің күшін жояды және қаулының көшірмесін жазбаларға тиісті өзгертулер енгізу және өлім туралы жазбаның күшін жою үшін өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша орналасқан АХАЖ органына жібереді.

Асыраушының хабар-ошарсыз кетуіне немесе қайтыс бодды деп жариялануына байланысты зейнетақы жалпы негіздер бойьнша тағайындалады. Ал асыраушы табылған, не ол өзі келген жағдайда, мұндай зейнетақыны төлеу тоқтатылады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыны төлеудің екінші шарты болып оның отбасы мүшелерінің еңбекке жарамсыздығы табылады. Бұл жағдайда еңбекке жарамсыздық түлғалардың және әлеуметтік құбылыстардың әртүрлі санаттарын қамтиды. ҚР 1997 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігіне, асыраушы-сынан айырылуына және жасына байланысты мемлекетгік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңында мұндай зейнетақыларды алуға құқылы тұлғалардың өте үлкен шеңбері көрсетілген. Соған қоса, тұлғалардың әрбір санаты үшін асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды алуға қатысты қосымша шарттар белгіленген. Мысалы, егер қайтыс болған асыраушының 18 жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-карындастары және немерелері осы жасқатолғанға дейін мүгедек болса және олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, онда олар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленеді. Егер олардың ата-анасының кем дегенде біреуі еңбекке қабілетті болса, яғни оларда асыраушы бар, мұндай жағдайда бұл түлғалар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленбейді.

 

Жәрдемақы тағайындалатын кезең

 

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы, қайтыс болған түлғаның, отбасының мүшесі еңбекке жарамсыз болып саналған кезеңге тағайындалады. Отбасының зейнетақы жасындағы мүшелеріне мұндай зейнетақы өмір бойына тағайындалады.

Отбасының мүндай зейнетақы алу құқығына ие барлық мүшелеріне бір ортақ жәрдемақы тағайындалады. Алайда, отбасы мүшесінің талабы бойынша оның үлесі бөлініп, оған бөлек төленуі мүмкін. Жәрдемақының үлесін бөлу, оны белуге қатысты жолданған күннен бастап жүзеге асырылады.

Отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, жәрдемақының мөлшері осындай жәрдемақы алу құқығына ие отбасы мүшелерінің санына қарай тиісті азайтылады немесе көбейтіледі.

Отбасы мүшелерінің біріне жәрдемақы төлеу токтатылған жағдайда немесе жәрдемақы төлеу тоқтатылған соң, қайта төленетін жағдайда да жәрдемақының мөлшерін өзгерту мәселесі каралады.

 








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3503;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.