ТАҚЫРЫП ЕҢБЕК СТАЖЫ
1.Еңбек стажы. Еңбек стажынын түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
Еңбек стажы-бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзінің бұрынғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы - бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
Арнайы еңбек стажы - бұл белгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардағы, белгілі бір табиғи-климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластануға ұшыраған аумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмысының ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жүмыс істеген түлғалар үшін белгіленеді.
Үздіксіз еңбек стажы - бұл қызметкердің бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кездегі үзіліс, заңдарда белгіленген мерзімдерден аспаған және қызметтен босату қызметкердің кінәсынан болмаған жағдайдағы үздіксіз еңбек қызметінің ұзақтығы. Алайда, қазіргі кезде үздіксіз еңбек стажы зейнетақылар тағайындау кезде үлкен рөлді иеленбейді. Еңбек стажына енетін жүмыс кезеңдері.
Зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде мына-лар есепке алынады:
1) еңбек шарты(келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар акы төлейтін жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) мемлекеттік қызмет;
5) кәсіпкерлік қызмет;
6) І-топтағы, ІІ-топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундықтапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
8) жұмыс істемейтін анасының жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір баласы 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;
9) қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылған және куғын-сүргінге ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және ¥лы Отан соғысы кезеңінде өздері басқа мемлекетгердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
11) жұмыс істемейтін соғыс мүгедектердің және оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақыты;
12) бұрынғы кеңес мекемелерінің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері әйелдеріні (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жыл-данаспауғатиіс;
13) офицерлік кұрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімнен тыс атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және кайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, довсгорантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндізгі жоғары және орта діни оқу орындарында оқу;
15) әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кенқұлтару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
16) әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс. Стаж - еңбек қызметінің іс жүзіндегі ұзақтығымен, яғни қызметкер жұмысқа алынған күннен бастап жұмыстан босатылған күніне (қандай да бір негіздермен жеке еңбек шартының бұзылуы) дейін есептеледі. Алайда, заңдарда стаждың жеңілдетілген жағдайда да есептелетін кездері көзделген. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да есепке алынады:
1) ұрыс кимылдары кезеңінде майдандағы әскер кұрамындағы оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтің мерзімін есеп үшін белгіленген тәртіппен;
2) әскери бөлімдеріндегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екі есе мөлшерде;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласындағы жұмыс - екі есе мөлшерде;
4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласында болған уақыты - екі есе мөлшерде;
5) Ұлы Отан соғысы кезінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екі есе мөлшерде;
6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және куғын-сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - екі есе мөлшерде;
7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезенде жұмыс істеп, әскери кызмет аткару - үш есе мелшерде; 1963 жылы 6 шілдеденбастап 1992жылғы 1 каңтарға дейінгісі біржарым есе мөлшерде;
8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс - екі есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерінің пагология-анатомиялық белімдеріндегі жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша бір жарым есе мөлшерде;
9) толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жыл істеген жұмыс үшін есептеледі;
10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалары кәсіпорындарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жүмыс стажына есептеледі.
Зейнетақыны тағайындау үшін қажет стаждың болуын растау. Зейнетақы тағайындау үшін қажет стаждың болуы не кұжаттармен, не куә көрсетулерімен дәлелденеді.
Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңының 13-бабына сәйкес қажет еңбек стажын растайтын құжттар болып мыналар табылады: еңбек кітапшасы (болған жағдайда), жеке еңбек шарты, жұмысқа алу және одан босату туралы бұйрықтардан выписка.
ҚР «ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 12-бабына сәйкес 1998 жылғы 1 каңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады.
Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін еңбек кітапшалары 1939 жылдан, ал ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (ұжымдық шаруашылыктардың) барлық мүшелері үшін - 1965 жылдан бастап толтырыла бастады.
Еңбек кітапшасына жұмысқа кабылдау туралы, басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру туралы, барлық негіздер бойынша жұмыстан босату туралы жазбаларды жұмыс беруші (басшылық) кұжаттардың (бұйрықтар, өкімдер) негізінде және соларға сілтеме жасай отырып жазады.
Еңбек кітапшасына енетін жазбалар шимайсыз, өзгертусіз, тазалаусыз және т.б. жазылуы қажет. Егер еңбек кітапшасына жұмыстың мерзімі және сипаты туралы және т.б. мәліметтер туралы қате жазбалар енгізілсе, онла қате не дәл емес жазба енгізген кәсіпорын, мекеме, ұйым ғана еңбек кітапшасына өзгертулер енгізу құқығына ие болады. Түзетулер бұйрықтың не өкімнің түпнұсқасына дәл сәйкес келуі тиіс және белгіленген тәртіпте куәландырылуы тиіс. Куә көрсетулері осының алдында енгізілген жазбаларды өзгерту үшін негіз бола алмайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, өзгертулер тек құжаттардың – бұйрықтардың, өкімдердің және т.б. негізінде енгізіле алады.
Еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәліметтерді растайтын кұжаттардың негізінде не сот шешімінің негізінде анықталады.
Кәсіпкерлік қызметпен не өзге де қызіметті жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазакстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 каңтарга дейін сақтандыру жарналарын төлегені туралы құжаттармен расталады.
Аталған кұжаттар болмаса немесе оларға жазбалар дұрыс енгізілмесе, онда еңбек стажының болғандығын растаудың қажеттігі туады. Дәлелдемелер ретінде өзге кұлсаттар немесе куәлардың көрсетулері ұсынылуы мүмкін.
Еңбек стажының болғандығын құжаттық тұрғыдан растау үшін мыналар ұсынылуы мүмкін:
1. жинақтаушы зейнетақы қорынан анықтамалар, жеке шоттар және жалақыны беруге қатысты ведомостьтер, мінездемелер және жұмыс кезеңі туралы мәліметтерге ие өзге де кұжаттар;
2.жеке еңбек қызметімен айналысқан, тіркеу куәліктеріне немесе патенттеріне ие тұлғалардың жұмыс уакыты қаржы органдарының олардың өз қызметінен тапқан табысына салық телеуі туралы анықтамаларымен анықталады;
3.1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке еңбек қызметімен айналысқан тұлғалардың жұмыс уақыты жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттігі және ерікті жарналар төлегені туралы анықтамаларымен белгіленеді;
4. жоғары, арнайы орта жэне кэсіби-техникалык оку орындарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, кадрларды дайындау, біліктілігін көтеру және біліктілігін ауыстыру мектептері мен курстарында оқыған уақыт оқу кезеңдері туралы ақпаратқа ие архив мәліметтерінің негізінде берілген дипломдармен, куәліктермең, анықтамалармен және өзге де құжаттармен расталады;
5. егер емдеу мекемесінің корытындысы бойынша бұл тұлғалар басқа тұлғаның көмегін қажет ететін болса, I топ мүгедегіне, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақытты әлеуметгік қамсыздандыру жөніндегі орган күтім жасалған тұлғаның тұрғылықты жері бойынша анықтайды;
6.жұмыс істемейтін анасының жасы кіші балаларына күтім жасаған уақыты баланың тууын куәландыратын кұжаттармен (туу туралы куәлік) және оның 3 жасқа толуымен (неке туралы куәлік, балалар мекемелерінен, тұрғын үйге қатысты органдардан алынатын анықтамалар) расталады.
Куәлардың еңбек стажының болғаны туралы көрсетулері. Еңбек стажының болғаны туралы кұжаттар болмаған не оларды алу мүмкін болмаған, сонымен қатар архив мәліметтері болмаған жағдайда еңбек стажы өтініш берушіні бірге жұмыс істеген жылдары бойынша білетін және өтініш берушінің жұмыс істегеніне қатысты көрсету беріп отырған кезеңдегі өз жұмысы туралы құжаттарға ие екі немесе одан да көп куә-лардың көрсетулерінің негізінде анықталады.
Бұл ретте заңдар құжаттардың жоқ болуының, сақталмауының себептерін екі негізгі топқа беледі:
1.әскери әрекеттермен, табиғат зардаптарымен, апаттарымен және өзге де төтенше жағдайлармен байланысты;
2. кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның таратылуымен немесе өзге де себептер бойынша архив мәліметтерінің жоқ болуына байланысты.
Бірінші жағдайда еңбек стажы және оның ұзақтығы белгілі бір кезеіде бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде бірге істеген жұмысы бойынша өтініш берушіні білетін кем дегенде екі куәнің жеке көрсетулері бойынша анықталады.
Екінші жағдайда еңбек стажы және оның ұзақтығы бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде бірге істеген жұмысы бойынша өтініш берушіні білетін және аталған орында және аталған кезеңдегі өз жұмысы туралы құжаттарға ие кем дегенде екі куәнің жеке көрсетулері бойынша анықталады.
Куәлардың көрсетулері бойынша анықталған еңбек стажының ұзақтығы зейнетақыны тағайындау үшін талап етілетін стаждың жартысынан аспауы тиіс.
Жекелеген азаматтарда, діни ұйымдарда, ферма (шаруа) қожалықтарында жеке еңбек қызметі жағдайында істелген жұмыс уақытын көрсетулерімен дәлелденбейді.
Сонымен қатар, тіпті, жалпы еңбек стажын растайтын құжаттардың бап екендігіне қарамастан, жеңілдетілген жағдайларда және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығын беретін жұмыстар да куәлардын көрсетулерімен дәлелденбейді.
Куәлардын көрсетулерімен анықталған жұмыс стажы зейнетақы алу құқығын анықтау кезінде де, сонымен қатар оның мөлшерін еңбек стажының ұзақтығына қарай есептеу кезінде де ескеріледі.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 4024;