Agrave;тынастардың объектілері
Әлеуметтік қамсыздандырудың нақты, белгілі бір түрі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Заң әдебиеттерінде әлеуметгік қамсыздандырудың нақты түрін нақты игілік деп атау жиі кездеседі. Бұл игіліктерді немесе әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрлерін шартты түрде материалдық және материалдûқ емес игіліктер немесе объектілер деп бөлуге болады. Оларға мыналар жатады:
- зейнетакы - белгілі бір заңды оқиға туындаған кезде немесе тұлға белгіленген жасқà толған кезде азаматтарға мемлекет есебінен Орталықтàн немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретінде төленетін ай сайығы ұçàқ мерзімді ақшалай төлем (әлеуметтік зейнетақылар - мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін);
-жәрдемақылар – уақытша жоғалтылған жалақының орнын толтыру немесе арнайы қолдау көрсету мақсаттарында мемлекеттік қаржы немесе жұмыс берушінің қаржысы есебінен тағайындалатын қûñқà мерзімді немесе бір жолғы ақшалай төлемдер;
-өтемакылар - азаматтардың әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысты құқығы жүзеге асырумен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарындағы ақшалай төлемдер (мысалы, 1-топтағы мүгедекті немесе 80 жасқà толған түлғаны күтіп-бағушы жұмыс істемейтін еңбекке қàжеттi тұлғàғà өтемакы төлеу және т.б.).
Заңды фактілер.Әлеуметтік қамсыздандырудағы заңды фактілер - бұл құқықтық қатынастардың туындауымен, өзгеруімен немесе тотàтатылуына байланысты нақты объективтік оқиғалар мен әрекеттер. Заңды фактілер құкықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болып табылады.
Заңды фактілер жалқы болуы мүмкін. Мысалы, зейнеткердің қайтыс болу фактісі зейнетақû төлеуге қатысты құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Алайда, әлеуметгік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтататылуына әкеп соғатын заңды фактілердің ерекшелігі мынада олар күрделі заңды құрамнан туындайды, бұл құрамға бір емес, екі не одан да көп заңды фактілер кіреді. Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғатын заңды фактілердің жиынтығы заңды кұрам деп аталады. Мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақы алу үшін құкық қабілетті тұлға әлеуметтік қамсыздандыру органына өтінішпен жолданады, бұл орган, өз кезегінде, мүгедектің тұлғасын, оның кәсібін, мүгедектігінің тобын, мүгедектігінің себептерін анықтайды және зейнетақының осы түрін тағайындау туралы шешім қабылдайды. Аталған жағдайларды: мүгедекгің тұлғасын, оның кәсібін, мүгедектігінің тобын, мүгедектігінің себептерін анықтау нақты тұлғаның мүгедектігі бойынша зейнетақы алуға құкығының туындауын анықгайтын заңды кұрамды белгілеу болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар ұзақ мерзімді сипатқа ие. Сол себепті, оларды өзгерту негіздері туралы мәселе үлкен мәнге ие. Мүндай қатынастардың өзгеруіне негіз болып күрделі заңды кұрамдар, яғни заңды фактілердің жиынтығы - азаматтың ерік білдіруі және мемлекеттік органның құқықтық қатынастарды өзгерту туралы шешім қабылдауы табылады. Мысалы, зейнеткерді зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру үшін келесі заңды фактілер қажет: азаматтың өтініші, мұндай өзгеруге мүмкіндік беретін оқиғаның болуы, құзыретті органның ауыстыру туралы шешімі. Құқықтық қатынастардың өзгеруі белгілі бір түлғада жаңа құқықтың көрініс табатынын растайтын жаңа заңды фактілер туындаған кезде орын алады, яғни камсыз-дандырылатын түлғаның құқық қабілеттілігінде өзгсрістер туындайды.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2613;