Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші

Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші. Еңбек құқығының қайнар көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілер үшін олардың әрекет ету күшінің басталу және аяқталу уақытын, яғни, олардың уақыттағы шектерін белгілеудің тәжірибелік маңызы зор.

ҚР Конституциясының нормалары мен ережелері оны ресми түрде жариялаған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Конституцияны қабылдаған күн Қазакстан Республикасы Конституциясының күні деп саналады. ҚР Конституциясы күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмейтін бөліктері қолданылады. Конституция және оның жекелеген нормативтік ережелері белгіленген тәртіп бойынша жаңа Конституция қабылдағанға дейін немесе осы ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізетін конституциялық заң қабылдағанға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулылары, егер осы актілердің өзінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, алғаш рет ресми түрде жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңы 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданды, ал «ҚР еңбек туралы» заңының күшіне енуі туралы» арнайы заңның негізінде 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мысалы, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы 1997 жылғы 20 маусымда қабылданып, 1998 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген кейбір баптарын есептемегеíде, бұл заң 1997 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

ҚР Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап, ал ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың

нормативтік құқықтық актілері, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Дәл осындай мерзімдер жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің кұшіне енуі үшін де белгіленгеí.

Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде мемлекеттік шекара шегіндегі жер қабаты, жер қойнауы, су және әуекеңістігі танылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету күшінің құқықтык кеңістігі болып табылады.

Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметі, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік құқûқтûқ актілердің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.

Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші туралы сөз қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне және шетелдегі өзге де аумақтық құрылымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн. Себебі, «Қазақстан Республикасының аумағы» түсінігі жер-аумақтық, теңіз және әуе шектерімен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар, халықаралық -құқықтық актілермен де анықталады.

Атап өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы саласындағы халықаралық келісімдерде көзделсе, әлеуметтік қамсыздандыру туралы нормативтік актілер өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да таралады.

Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқыктық актілердің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ғана таралады.

Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріндегі (шалғай елді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке және т.б.) еңбек жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысына қатысты аудаңдық коэффицентгерді, әр түрлі жеңілдіктерді, кепілдіктерді және т.б. көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады.

 

 









Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 4133;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.