Ақша-несие жүйесі және ҚР -ң ақша-несие саясаты
Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі – адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету болып табылады.
Ұлттың дамуын қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеудің рөлі өте зор.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті - мемлекет мүддсін сақтау, қоғамды, халықлың әлсіз топтарын әлеуметтік жағана қорғау болып табылады. Экономиканы реттеудің негізгі әдістері:
- нарықтық, яғни тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы;
- әкімшлдік - әміршілдік, яғни бір орталықтан жоспарлау;
- тікелей мемлекеттік басқару.
Бірінші әдіс бойынша өндірістің өсіп дамуы төлем қаблеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар нарықтық тетіктер экономиканың дамуын сипаттап қана қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа үшырауын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың бағдарламасын жасайды.
Екінші әдіс бойынша кәсіпорындар өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды.
Кез келген елде, оның әлеуметтік - экономикалық құрылысына қарамастан белгілі бір дәрежеде мемлекеттік органдар арқылы басқау жұмысын ұйымдастырады. Орталықтанған экономикада оны басқарып реттеуде мемлекет тікелей қатынасады. Ал, еркін нарықтық экономикада мемлекеттің бұл істерге араласуы тікелей емес, көбінде жанама жағдайда орын алады. Мемлекеттің экономикаға араласуы, заң актілері, салық жүйесі, міндетті төлемдер мемлекеттік әлеуметтік экономикалық бағдарлама арқылы жүргізіледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті - мемлекет мүддесін сақтау, қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын әлеуметтік жағынан қорғау және т.б.
Тікелей мемлекеттік басқару – жекелеген салаларда объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды, мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери қорғаныс, энергетика, қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, емдеу -сауықтыру орындары, қазба байлықтар және т.б. мемлекеттік маңызды объектілер жатады. Бұл объектілер әдетте мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болады. Мемлекеттік реттеудің мынадай негізгі түрлері бар:
- салықтық реттеу – салық салу, оның түрлерін ставкаларын белгілеу, салық жеңілдіктерін беру немесе босату;
- ақша-несие қатынастары арқылы реттеу - салық жүйесін қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалдық саясаты деп атайды, осы арқылы ақша айналысына ықпал етеді. Мемлекет орталық - ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктің қарыз пайызының ставкасын белгілейді, несиелер береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады;
- бюджеттік реттеу - мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды. Бұдан басқа мемлекет салық төлемдерінен тыс мемлекетке қосымша төлем белгілей алады, сонымен ақша айналысы мен қор жинуады реттейді;
- баға арқылы реттеу - нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, одан артық қоюға тыйым салады;
- мемлекет бағғдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу - мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы концерндерге, фирмаларға, кәсіп орындарға, белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери заказдар мен қоғамдық транспортқа заказ береді;
- сыртқы экономикалық қатынасты реттеу - сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты сол елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау.
Егер орталықтандырлған жүйеде мемлекет кәсіпорындардың барлық әрекеті мен шаруашылық байланысын тікелей және әкімшілдік жолмен анықтаса. Нарықтық жүйеде – мемлекет тек макроэкономикалық және құқықтық реттеуді ғана көздейді, ал кәсіпорын өміріне тікелей араласпайды.
Нарықтық экономиканы макрореттеу мемлекеттің мынадай белсенді экономикалық және әлеуметтік - экономикалық саясатын қарастырады. Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатының басты мақсаты экономикалық өсу, экономикалық тиімділік, экономикалық бостандық, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі, бағаның бір қалыпты деңгейі, сыртқы саудадағы тепе-теңдік және т.б.
Ал, басты бағыттары:
- қаржылық;
- ақша-несиелік;
- әлеуметтік саясат.
Ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып табылды. Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамдас бөлшектерін білу керек. Оның маңыздыларының бірі ақша массасы.
Ақша массасы қолма-қол және қолма-қол емес формадағы барлық ақша құралдарының жиынтығы. Ақша массасы ақша сұранысы мен ұсынысына тәуелді болады.
Ақша ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Айналысқа ақшаны мемлекеттік қазыналық және эмиссиялық банк шығарады. Ақша ұсынысы ақша агрегаттары (М1, М2, М3,.......L ) арқылы белгіленеді.
Ақша ұсынысын сипаттау үшін көбінесе М1 агрегаты қолданылады, бұған ақшалар, депозиттер және чек депозиттері жатады.
М2 агрегатымонеталар, қағаз ақшалар, ағымдағы есептерден, яғни
М1 агрегаты + жедел және қор жинау салымындағы ақшалардан тұрады.
М3 агрегатына М2 + қор жинаудың ерекше түрлері және арнайы мекемелердегі салымдар кіреді.
L агрегатына бағалы қағаздар кіреді.
Ақша ұсынысын елдің Орталық банкі бақылап отырады. Ақша ұсынысының графигі тік түзу сызық түрінде болады.
Ақша ұсынысы ақша мультипликаторы көмегімен есептелінеді. Ақша мультипликаторы – бұл артық резервтің бір бөлігі. Нарықтағы ақша массасы және тауар мен қызмет көрсету массасының қатынасы ақшаның сатып алу қабілеттілігін анықтайды.
Ақша нарығының екінші компененті – сұраныс. Ақшаға сұранысты талдауда әр түрлі теориялық тәсілдер кездеседі. Олардың ең бастысы монетаризм. Монетаризм – бұл макроэкономикалық талдаудың негізгі құралы ретінде айналымдағы ақшаны қарастырады. Монетаризм ақшаның сандық теориясына негізделеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономист И.Фишер (1867-1947жж). Ақша сұранысы И.Фишердің теңдігімен анықталады.
M × V = P × Q
Мұндағы: M– айналыстағы ақша саны;
V – айналыстағы ақшалардың жылдамдығы;
P – орташа баға деңгейі;
Q- тауарлар мен қызметтер саны.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 4474;