Инфляцияның мәні, түрлері, типтері және пайда болу себептері
Инфляция – бұл өндіріс үрдісінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп факторлы құбылыс. Инфляция - дегеніміз баға деңгейінің тұрақты көтерілуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.
Инфляция мынадай себептерден туындайды:
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшаларды шығару;
- мемлекеттің өндірістік емес шығындарының артуы;
- тауар тапшылығының негізінде бағаның өсуі;
- кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы;
- жалақының еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және т.б. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуіне және артық ақша эмиссиясының пайда болуына алып келеді.
Дүниежүзілік тәжірибеде инфляцияны мынадай шартты түрлерге бөленді:
- экономиканы қамтитын аумағына байланысты – жергілікті, ұлттық және әлемдік инфляция;
- қозғалыс қарқынына байланысты – біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бір қалыпты емес) инфляция;
- бағаның жылдық өсу қарқынына қарай баяу, қарқынды және ұшқыр инфляция деп бөлінеді: баяу инфляция - онда бағаның өсу қарқыны жылына орта есеппен 5-10%-дан аспайды; қарқынды инфляция (галопирующая) - онда бағаның өсуі орта есеппен 10%-дан 100%-ға дейін өседі; ұшқыр инфляция (гиперинфляция) - онда бағаның өсуі жылына 100%-дан асады. Халықаралық Валюта Қорында баға айына 50%-ға өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыры (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен және өндірістің құлдырауымен ұштасса, ондай құбылысты стагфляция деп атайды.
Сонымен қатар нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп бөледі.
Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ашық инфляция нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен, оны толық бүлдіре алмайтын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция бағалар реттелетін экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді.
Ал, сұраныс пен ұыныс факторларына байланысты сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы депбөледі
Сұраныс инфляциясынегізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни, айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп, жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі.
Шығындар инфляциясы– өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индексациялауды талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.
Инфляцияның қазіргі кездерде өзіне тән біршама ерекшеліктері бар:
- егер, инфляция қарқыны бұрын бір жердің аумағынан шықпаса, қазір бүкіл ел аумағын қамтиды;
- егер, инфляция бұрын тек бір мезгілде ғана жүрсе, қазір инфляция көп уақытқа созылатын құбылыс;
- егер, инфляция бұрын тек ақшаның әсерінен туындаса, қазір көптеген ақшасыз және басқа да экономикалық емес факторларға да байланысты.
Инфляцияға ақшалай және ақшалай емес бірнеше факторлар әсер етеді:
Ақшалай факторларға - ақшаға сұраныстың тауар ұсынысынан жоғары болуының нәтиждесінде ақша айналысы заңының талаптарының бұзылуы, яғни, бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшалардың көптігі; ұлттық валюта бағамын бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. факторлар жатады.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдық, ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемлекеттің экономикалық саясаты; сыртқы экономикалық іс-шаралар сияқты тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін факторлар жатады.
Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді.
Баға индексі ═ ағымдағы баға – базистік кезеңдегі баға * 100%
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 13309;