Outlook Express программасын пайдалану
Электрондық хаттарды қабылдап алу, оқу, баспадан шығару және керісінше, хат жазу және оны жөнелту белгілі бір пошталық клиент программасы көмегімен жасалады. Қазіргі таңда кең қолданылыстағы программа MS Windows құрамындағы Outlook Express болып табылады.
Microsoft Outlook Express программасында бес бумамен жұмыс істеуге болады. Входящие бумасына барлық алынған хабарлар сақталады, оны әдейілеп өшірмегенше немесе ондағы хабарларды басқа бумаға сақтамағанша, ол өшпейді. Исходящие- жіберуге даяр хабарлар сақталады. Отправленные бумасында электрондық пошта арқылы жіберілген хаттардың көшірмесі сақталады. Удаленные бумасында барлық жойылған (өшірілген) хабарлар сақталады. Бұл қапшыққа хабарларды орналастырып қана қоймай, одан алуға да болады. Черновики бумасында белгілі бір өзгерістер енгізу керек хаттар сақталады [11].
Outlook Express программасының негізгі элементтері:
1- баспа жолы;
2- меню жолы;
3- құралдар тақтасы;
4- бумалар тізімі;
5- ашылған бумадағы хаттар тізімі;
6- хат мазмұны;
7- күй жолы.
Егер кез келген бір буманы таңдасақ, оның құрамы жайлы ақпаратты оң жағында орналасқа терезеден көре аламыз (№5). Ашылмаған хаттар қара қою түспен ерекшеленеді. Хаттарға тышқанмен басу арқылы оның мазмұнын төменгі терезеден көре аламыз (№6) [7].
Электронды хаттар жазу көп уақыт алмайды. Хатыңызға бланк таңдауға, әуен, хатқа файл тіркеуге болады.
Құралдар тақтасындағы батырмасы жаңа хат құру қызметін атқарады.
Хатты дайындап болғаннан кейін
- дайын болған хатты серверге жіберу батырмасы.
- хаттарға қосымша файлдарды тіркеу батырмасы.
- поштаны қабылдап алу батырмасы.
- хаттарды көру аодировкасын таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер хат Windows- 1251- де емес басқа кодировкада келсе (ISO, KOI- 8), яғни оқылмайтын түрде.
Outlook Express программасының алғашқы рет ашу мен оның қажетті параметрлерін тағайындау үшін Іске қосу (Пуск) менюінің Барлық программалар тізімі ішіндегі Microsoft Outlook жолын таңдау қажет.
1. Программада электрондық поштаның жаңа есепке алу жазбасын (учетная запись электронной почты) жасау керек. Мұны орындауда Outlook Express программасын алғашқы рет жүктеу кезінде автоматты түрде арнайы шебер ішкі программасы іске қосылады да, ол бірнеше қадам арқылы барлық керекті әрекеттерді атқарып шығады. Шеберді программа терезесі менюіндегі Сервис — Есепке алу жазбалары (Учетные записи) командасы арқылы да іске қосуға болады. Сонда шығатып сұқбат терезесіңдегі Қосу (Добавить) — Пошта жолын таңдау керек [1].
2. Шебердің алғашқы қадамын орындау кезінде барлық хаттарға қосылатын өз атыңызды толық енгізіп, Ары қарай батырмасын шертіңіз, сонан кейінгі шығатын терезенің Электрондық пошта жолына өз электрондық адресіңізді енгізіңіз де, тағы да Ары қарай батырмасын шертіңіз.
3. Пошта жәшіктері интернетке тұрақты түрде қосылып тұратын пошта серверлерінде сақталады. Поштадан хат алып, хат жіберу үшін серверлердің координаталарын білу керек. Осындай мәліметті және келіп түсетін хабарламалар сервері типін пошта жәшігі тіркелген интернет- провайдерден, немесе тегін пошта веб-сайтынан, немесе өз кеңсеңіздің жергілікті желісінің әкімшісінен білуте болады.
4. Келесі терезеде өз атыңызды, яғни e-mail адресіндегі @ белгісі алдындағы адрес бөлігін және электрондық поштаны ашуға рұқсат беретін құпиясөз (тіркеу кезінде тандалады) енгізу керек. Сонан кейін Ары қарай жолын таңдап, Дайын батырмасын шерту қажет.
5. Енгізілген параметрлерді тексеріп, қажет болса — өзгерту үшін өздеріңізге таныс Сервис — Есепке алу жазбалары менюін ашып, керекті жазбаны таңдап, Қасиеттер батырмасын шертіңіздер.
6. Сонда шығатын Есепке алу жазбалары терезесінде электрондық поштаның барлық параметрлері көрсетілген. Мысалы, Жалпы ішкі бетіндегі Поштаалғанда немесе синхронизациялау кезінде пайдалану пунктіндегі белгі осы жазбаның жаңа мәліметтері стандартты жолмен ([Ctrl] + [M] пернелерін басу) өңделуі тиіс екендігін білдіреді. Ал егер есепке алу жазбасы басқа компьютерде жасалатын болып, пошта жиі қаралмайтын жағдайда оның алдындағы белгіні алып тастаған жөн. Кері адрес өрісіне де назар аударыңыз — қажет болса, мұнда бірнеше адрес енгізіп қоюға болады, сонда сіздің хатқа берілетін жауаптар тек сізге ғана емес, хатшыңызға немесе әріптесіңізге де келіп түседі.
7. Әдетте, Outlook Express программасына хат келіп түскенде, ол пошта сервері жәшігінен автоматты түрде өшіріледі. Бірақ кейде қызмет бабы бойынша келген хаттармен мұндай жұмысты жасау қажет емес. Келген хаттарды үйде алып оқығанмен, жұмысқа келген соң, серверден оны тағы да алып қарап шығу қажет болып жатады. Осындай жағдайда Қосымша бетіндегі Серверде хат көшірмесін қалдыру пунктіне белгі қойып қойған дұрыс.
Телеконференциялар
Көптеген жерлер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейіннен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.
Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұндакөпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық почта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндай хаттар мақалалардеп аталады. нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады десе де болады. Мысалы, relcom.commerce.food.drinks(байланыс, комерция, тамақ, сусын) деген телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды: RELCOM телеконференциясы коммерцияға арналған, тамақ өнімдері, оның ішінде сусындар туралы өткізіледі.
Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес «қоймалар» бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы мынандай информация сақтай алады:
- мақаланың инвентарлық нөмірінің аналогы;
- мақала авторы (тақырыптағы информация бойынша) ;
- мақала көлемі (байт/килобайтпен өлшенеді);
- мақала тақырыбы (тақырып көшірмесіне сәйкес алынады).
Телеконференциялардың электрондық почта арқылы хат алуға қарағанда екі өзгешелігі бар, олар:
- біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып сақталып отырады деп аталады., олар өте ескіріп кетсе жойылады;
- екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық почтамен сол конференцияның жетекшісіне жөнелтеді. Ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы көпшілік оқуы үшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын өзі шешеді.
Телеконференция жұмысы сервердеп аталатын арнайы программаменжүргізіледі. Ал сервер телеконференцияғақатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұранстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді (жазады), оларға анықтамалық информация жібереді (каталогтарын және тағы басқа) немесе талап етулері бойынша болып өткен телеконференция хабарларын электорондық почта арқылы жеткізіп береді.
Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференциялар өткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра алады. Қазіргі кезде әңгіме тиек қыларлық барлық салалар жөнінде телеконференциялар өткізіледі. Сол себепті телеконференцияларға қатысу электрондық почтаны пайдалана алатын әрбір адам үшін өте қызғылықты, әрі қажетті іс болып табылады.
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 5445;