Электрондық пошта — жаңа байланыс құралы

Еліміздің қазіргі әлеуметтік — экономикалық даму жағдайы компьютерлік технологияны жаппай пайдаланумен сипатталады.

Компьютерлік технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты байланыс түрлерінің қызметі өзгеруде.

Ақпараттық қоғамда байланыс құралдарының ролі ақпараттық ортамен адамның өзара қарым қатынасын үйлесімді етудегі және түрлі қызмет салаларында жедел ақпаратпен қамтамасыз етудегі орнымен анықталады.

Электрондық пошта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі поштаның екінші балама түрі болып есептеледі. Информацияны өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі пошта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашыктықта орналасса да) дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.

Электрондық пошта 1972 жылы пайда болды. Электрондық пошта кез келген құжатты-ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәліметтер бола ма (адресі, аты-жөні, тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі менің (хаттың өзі) бола ма — бәрібір олардың информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.

Электрондық поштаны пайдалану кезінде компьютерде әртүрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мүндай программалар мынадай жұмыстарды атқарады:

♦ алынған хабарларды талдау және жаңа хабарлар дайындау;

♦ байланыс торабымен жылдам хабар алмасу;

Бірінші программаның жұмысы байланыс желісіндегі компьютердегі мәтіндік информациямен жұмыс істеген сияқты болады.

Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен мәтінді дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі поштамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуы тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын қайталап оқып шығып, керек еместерін "қоржынға" тастап, керектілеріне жауап жазып, кейбірін қайта архивке салып қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты "пошта жәшігіне" салып, керекті адреске жөнелтеміз.

Сонымен, электрондық поштаның кәдімгі поштадан айырмашылығы "байланыс бөлімі" өз компьютерімізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.

Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым- қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келген сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа дайын хаттарды жөнелтіп, келген хатттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріміздің ішіндегі өз "пошта жәшігіміздегі" бұрынғы салынған хаттар түгел тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен хат- хабарлар ғана "жәшікте" жатады.

Дербес компьютерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтін болса, тораптық компьютермен байланысқан кезде келіп түскен барлық хат- хабарлар бір жәшікке түспей, адреске сәйкес олар осы компьютердегі өз иелерінің пошта "жәшіктеріне" сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге тиіс хат- хабарлары керекті адрестеріне жөнелтеді.

Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам пошта администраторы болып тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс көрсетілмеген, бірақ сол компьютерге бағытталған хабар осы администраторға табыс етіледі. Сонымен программаның басқаруымен компьютерге келіп түскен хаттар "талап етілгенше" келіп түскен пошта жәшігінде жата береді. Мүның қолайлы жағы - компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хабар бірден "жәшікте" сақталып тұра береді. Егер бұлай болмаса, тораптық компьютердің жады алынбаған хаттарға толып кетер еді. Соның өзінде де көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп адрестері дұрыс жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға арнайы белгі қойылып келген жеріне қайтарылады.

Электрондық пошта кез-келген құжатты, ол мейлі жалпы жайлы мәлімет бола ма немесе жәй хабар түріндегі мәтін бола ма бәрібір олардың ақпараттық негізін бірдей түрде анық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 2362;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.