Коммуникациялық байланыс каналы.
Байланыс жолдарының типтері. Байланыс жолдарының жабдықтары. Кабельдердің стандарттары. Физикалық деңгейде дискретті түрде мәліметтерді жөнелту тәсілдері. Коммутация әдістері.
Коммуникация - латынның «communikation» сөзіне алынған, (кез келген хабарлама, байланыс тарату.) ақпарат алмасуды білдіреді.
Материалдық коммуникацияға қандай да бір физикалық обьектілерді (транспорттық магистраль, газ праводтар т.б) таратуға байланысты процессор жатады.
Аудиториялық коммуникация - Дәріс, театрлар, концерт залдары.
Ақпараттық қарым – қатынас ақпаратты таратуға байланысты процестерді біріктіреді .
- Аудио коммуникация – радио, грамжазбалар, телефон;
- Видео коммуникация - видиобейнелер, теледидар, кино.
- Компьютерлік коммуникация- дискеталар, компьютерлік байланыс құралдары.
Ақпараттық коммуникация ортасы – бұл ақпараттар алмасуындағы шарттар мен құралдардың жиынтығы.
Компьютерлік коммуникацияортасы- бұл компьютер көмегімен ақпарат алмасудың құралдары мен шарттарының жиынтығы.
Телекоммуникация- бұл компьютерлер негізінде мәліметтерді қашықтан тарату.
Коммуникация (байланыс, мәліметтерді жеткізу) – ақпараттарды тасымалдап жеткізу құрылғыларын қамтыйтын жалпы ұғым. Мәліметтерді, мысалы, телефон арнасы көмегімен бір компьютерден екіншісіне жеткізу.
Коммуникация сервер – терминал, компьютер және принтерсияқты құрылғылардың желіге қосылуына жеке коммуникациялық хаттамасыз – ақ іске асыратын, байланысқа сәйкес программалық жасақтамамен қамтамасыз етілген компьютер. Жергілікті желілерде – жұмыс станциялардың үлкен электрондық есептеу машиналарына, модемдерге, факс- модемдерге және басқа құрылғыларға қатынас құруда қамтамасыз ететін компьютер де осылай аталады.
Коммуникациялық хаттама – қысқа мерзімде стандартты пішімді пайдаланып, желінің бір торыбынан (түінінен) екіншісіне мәліметтерді жеткізуді атқаратын мүмкіндіктер жиыны.
Коммутация – құрылғыларды бір – бірімен ауыстыратын қосу арқылы керекті байланыстарды іске асыру.
Каналдардың моммутацияларымен ауқымды желелер осыдан жүз жыл бұрын – әртүрлі мемлекеттердегі, қаладағы, ауылдағы тұрғындарға телефон қызметін бірдей пайдалануға ұсыну жөнінде негізгі мәселелерді шешу үшін арналған. Бұл мәселе толығымен шешіліп, бүгінгі күні бүкіл әлемдік телефон желісі көмегімен бірнеше секунд ішінде басқа құрлықтағы қажетті абонетпен байланысуға болады. Телефонды желілер каналдардың коммуникациялар техникасының негізінде жұмыс істейді. Каналдардың коммуникациялары мен желілер әр түрде мәліметтерді жөнелту үшін қолданылады.
Телефонды байланыс
Радиотрубкалы телефондар немесе радиотелефондар-бұл кәдімгі АТС пен сымтемірден байланысқан телефонды аппараттар. Мұнда телефон трубкасындағы бауы радиобайланыс желісімен айырбасталынған. Осындай мүмкіндікті жүзеге асыру үшін аз қуатты қабылдап беруші радиоқұралдар бар. Офиста, ұйымдарда, пәтерлерде қарапайым телефондар пайдаланылады. Олардың қашықтық мүмкіндігі 100 м-ден бірнеше километрге дейін бар. Бірақ радиотелефонның моделіне және оларды пайдалану шартына тәуелді.
Радиотелефондардың көбісі радиотрубкасы жоқ болса да қоңырауды қабылдайды. Радиотелефондар фирмалармен шығарылады. Мысалы Panasonic:KX-T9080, KX-T9280, KX-T7980-2км дейін қашықтықтықамтамасыз етеді. Sony фирмасының CLT55, CLT75 Sharp, Siemens модельдерінің байланыс қашықтығы 5 км-ге дейін қашықтықты қамтамасыз етеді.
Мысалы Panasonic KX-T9550 радиотелефон 900 мГц жиілік диапазонында жұмыс істейді және автожауапкері бар.
Осы радиотелефонның автожауапкері 64 хабарламаларды жаза алады, жалпы жазылуы 15 минут.
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 2223;