Асырау шысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақының түсінігі қайтыс болған асыраушысының отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерін материалдық қамсыздандырудың қажеттігімен байланысты. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы ретінде асыраушысының қайтыс болуына орай қайтыс болған тұлғаның асырауында болған, оның отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне тағайындалатын ай сайынғы төлемдерді атауға болады. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакының мөлшері қайтыс болған тұлғаның жалақысына пара-пар келеді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақының басты айырмашылығы — ол тірі кезінде отбасының асыраушысы болған қайтыс болған тұлғаның зейнетақы алуға құқығына тәуелді. Өлім бұл тұлғаның отбасын оның жұмысынан түсетін табыстардан айырады. Осындай кезде мемлекет адамгершілк көрсете отырып, асыраушысынан айыры-луына байланысты өмір сұру көзінен айырылған отбасына зейнетақы түрінде көмек көрсетеді. Отбасы мүшелерінің зейнетақыларының мөлшері қайтыс болған тұлғаның жалақысына байланысты болады. Бұл ретте асыраушының қоғамға пайдалы қызметі өз сипаты бойынша әртүрлі болуы мүмкін, алайда ол зейнетақылық қамсыздандырудың талаптарына жауап беруі тиіс (яғни, бұл еңбек қызметі, әскердегі, ішкі істер орган-дарындағы қызмет, оқу, мемлекеттік немесе қоғамдық міңдеттерді, азаматтық борышты орындау және т.б. болуы мүмкін). Аталған жағдайларда заң қайтыс болған асыраушының еңбек қызметінің ұзактығына, әскердегі, ішкі істер органдарындағы қызметіне белгілі бір талаптар қояды. Асыраушының өлімінің де, кейбір кездері өлім уақытының да мәні болады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакы алуға құқылы тұлғалар санаттары және мұндай зейнетақыны тағайындау жағдайлары заңдарда анықталған. Ескеріп өтетін жайт, біздің елімізде асыраушысынан айырьшуына байланысты зейнетақылық қамсыздандыруға жататын отбасы мүшелерінің ең кең тізімдерінің бірі таралған. Көптеген шетелдерде асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы тұлғалардың қатарына қайтыс болған тұлғаның ері (зайыбы) мен балалары ғана жатқызылған.

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар қайтыс болған тұлғанын асырауында болған, оның отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне қатысты тағайындалады. Бұл ретте ескеріп ететін бір жайт, қайтыс болған тұлғаның әкесі. анасы, әйелі, күйеуі қайтыс болған түлғаның асырауында болмаса да, зейнетақылық жасқа толған кезде аталған зейнетақыны алу құқығын иеленеді. Егер тұлғаның хабарошарсыз кеткені белгіленген тәртіп бойынша дәлелденсе, хабар-ошарсыз кеткен асыраушысының отбасы кайтыс болған асыраушының отбасына теңестіріледі.

Асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысы асыраушының еңбек стажының ұзақтығына, оның өлімінің себебіне және уақытына (тұлғаның қасақана қылмыстық әрекетті жасаған немесе зиян кетірген жағдайларын қоспағанда) қрамастан тағайындалады.Мұндай жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік зейнетақы тағайындалады.

 








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 1924;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.