Айта есептеу және төлеу тәртібі
Зейнетақыларды тағайындауды, олардың мөлшерін қайта есептеуді және төлеуді зейнеткерлердің тұрғылықты жерлеріндегі әлеуметтік қамсыздандыру органдары жүзеге асырады. Зейнеткер тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда оның жаңа тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін төлеу зейнетақылық істің және тіркеу туралы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Зейнетақыларды тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімі, зейнетақыны тағайындауға, оның мөлшерін қайта есептеуге, зейнетақынын бір түрінен екіншісіне ауысуға қатысты жолдану тәртібі, зейнетақы кұжаттарын толтыру заңдарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Зейнеткердің қалауы бойынша зейнетақы зейнеткердің есеп шотына ауыстырылуы мүмкін немесе заңдарда белгіленген тәртіпте берілетін сенімхат бойынша төленуі мүмкін. Зейнеткердің зейнетақы алатын жері жыл сайын расталатын болса. мерзімі бір жылдан асатын сенімхат бойынша зейнетақы төлеу сенімхаттың әрекет ететін бүкіл мерзімінде жүзеге асырылады.
Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
Еңбек зейнетақысы зейнетақының көрсетілген түріне өтініш берген күннен бастап, бірақ ол осы зейнетақыны алуға құқық туындағаннан соң ғана тағайындалады.
Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі. Арыз бен қажетгі құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі.
Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
Еңбек зейнетақылары келесі мерзімдерге тағайындалады:
1)жасына байланысты еңбек зейнетақысы - өмір бойына;
2)мүгедектігіне байланысты еңбек зейнетақысы - мүгедек деп тану мерзіміне;
3)асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысы -бұл зейнетақыны алушы еңбекке жарамсыз болған бүкіл кезеңге.
Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
Зейнетақыларды төлеу келесі жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1)егер зейнеткер зейнетақыны қатарынан алты ай алмаса - зейнетақыны алмаған бүкіл кезеңге, аталған мерзім өткен айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;
2)егер мүгедек белгіленген мерзімде қайта куәландырудан өтуге келмесе - зейнетақыны төлеу тоқтатылады, ал бұл тұлғаны қайтадан мүгедек деп таныған жағдайда зейнетақы тоқтатылған күннен бастап, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге төленеді.
Қайта куәландырудан ету мерзімдерін себепті жағдайлармен өткізіп алған жағдайда, зейнетақыны төлеу қайта куәландырудан өту күнінен бастап, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге теленеді.
Егер мүгедекке зейнетақы төлеу еңбекке қабілетінің қалпына келуіне немесе қайта куәландыруға себепсіз жағдайлармен келмеуіне байланысты тоқтатылса, онда кейін бұл тұлғаны мүгедек деп таныған жағдайда, зейнетақы төлеуді тоқтатқан күннен 5 жыл уақыт аспаса, зейнетақы төлеу мүгедектікті белгілеген күннен бастап қалпына келтіріледі. Егер 5 жыл уақыт асып кетсе, онда зейнетақы жалпы негіздер бойынша тағайындалады.
Зейнетақыдан ұстап қалу
Зейнеткерлердің басым көпшілігі үшін зейнетақы өмір сүрудің негізгі, кейде жалғыз көзі болып табылады. Сол себепті, зейнетақыдан ұстап қалу тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін.
Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін.
Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиіс сомадан жасалады. Бұл ретте зейнетақыдан ұстап қалудың шектері белгіленген. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды. Зейнетақыдан ұстап қалу мыналарға бағытталуы мүмкін: отбасы мүшелерін бағуға (алименттер), кәсіпорынның немесе ұйымның мүлкін ұрла-ғаннан келтірілген зияндарды өтеуге, артық алынған жалақыны қайтаруға және т.б. Басқаша зейнетақыдан ұстап қалуға жол берілмейді.
Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
Еңбек зейнетақысын төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады: 1) зейнеткер қайтыс болған жағдайда, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша оны қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп жариялаған жағдайда - зейнеткер қайтыс болған немесе оны қайтыс болды, не хабар-ошарсыз кетті деп жариялау туралы шешім күшіне енген айдан кейінгі айдың 1 -күнінен бастап;
2) зейнеткер өзіне тағайындалған еңбек зейнетақысын алу құқығын жоғалтқан жағдайда, аталған зейнетақыны алу үшін ұсынылтан мәліметтердің шынайылығын жоққа шығаратын мән-жайлар немесе құжаттар табылған жағдайда – мән-жайлар немесе кұ жаттар табылған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;
3)тұлғаны мүгедек деп танудың мерзімі өткен жағдайда;
4)асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алушы түлғаның еңбекке қабілетті болуы - еңбекке қабілеттілік туындаған айдан кейінгі айдың 1 -күнінен бастап;
5)қайтыс болған асыраушы тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларына, аға-інілеріне, апа-қарындастарына немесе немерелеріне күтім жасауына байланысты асыраушысынан айырылуы жөніндегі зейнетақы алуға құқылы түлғалардың жұмысқа орналасуы;
6)қайтыс болған асыраушының балалары 18 жасқа толған соң, оқитындары 23 жасқа толған соң – кәмелеттік жасқа немесе 23 жасқа толған айдан кейінгі айдың 1-кунінен бастап.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2719;