Тақырып ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ
Жасына байланысты зейнетақынын түсінігі
1.Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.
2.Жасына байланысты зейнетақылардың түрлері.
3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақылардың толық көлемінде тағайындау жағдайлары.
4.Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу.
5.Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау.
Жасына байланысты зейнетақы ретінде азаматтардың белгілі бір жасқа толған кезде және онда қажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетақыны атайды. Еңбек зейнетақысын алуға құқық беретін жас және еңбек стажының ұзактығы заңдарда анықталған.
Зейнетақылық жасқа толу азаматқа жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тоқтату құқығын береді, ал мемлекетте мұндай азаматты өмір сүру құралы - жасына байланысты зейнетақымен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.
Сонымен, жасына байланысты еңбек зейнетақысына екі белгі тән: зейнетақылық жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы. Бұл ретте еңбек зейнетақысын тағайын дағаннан кейін көптеген зейнеткерлердің өзінің еңбекке қабілетін сақтап, еңбек қызметін әрі қарай жалғастыруына рұқсат беріледі. Яғни, оларға одан кейінгі бүкіл өміріне төленетін зеинетақы тағаиындалады: олар жұмыс істеп жүрген кезге де, жұмыс істей алмайтын кезге де.
Бұдан шығатын қорытынды, жасына байланысты еңбек зейнетақысының тағы да бір айрықша белгісі болып мына жағдай табылады - бұл зейнетақыны тағайындау адамның еңбекке қабілеттігіне тәуелді болмайды, ал, мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақы азаматтың еңбекке қабілеттігімен тығыз байланысты. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының жасына байланысты зейнетақыдан айырмашылығы мынада: жасына байланысты зейнетакыны алу құқығын иелену үшін белгілі бір жасқа толу және белгілі бір еңбек стажының болуы қажет, ал еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы қандай да бір жасқа толумен байланысты емес.
Яғни, жасына байланысты еңбек зейнетақысы — бұл зейнетақының жасқа толған және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажына ие тұлғалар үшін өмір сүрудің негізгі көзі болып табылатын, өмір бойы ай сайын төленетін акшалай төлем.
Жасына байланысты зейнетақылар КСРО-да 20-жылдардың соңында енгізілді. Дәл осы уақыттан бастап белгілі бір жасқа толу тоқыма өнеркәсібінің жұмысшылары үшін, ал содан кейін халық шаурашылығының барлық жұмысшылары мен қызметкерлері үшін зейнетақылық қамсыздандырудың дербес негізіне айналды.
Жасына байланысты зейнетақылардын түрлері. Жасына байланысты зейнетақылар еңбек жағдайларына, енбек стажының ұзактығына және бірқатар өзге де жағдайларға қарай өз ішінде түрлерге бөлінеді.
Мұндай түрлерге мыналар жатады:
-жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;
-жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;
-арнайы заңды негіздерге негізделген жасына байланысты зейнетақы. Жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін, жоғарыда атап өткеніміздей, белгілі бір жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы қажет.
Жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы еңбек стажының жалпы ұзақтығы болған жағдайда немесе жасқа да, еңбек стажының ұзақтығына да талаптар бір мезетте төмендетілген жағдайда зейнетке заңда көзделгеннен ертерек шығуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген зейнетақылық қамсыздандыру құқығын бес және одан да көп балаларды туған және оларға 8 жасқа толғанға дейін күтім жасаған көпбалалы аналар иеленеді. Бұл ретте аталған құқық тек туған балаларға қатысты ғана туындайды. Асырап алған балалар туған балаларға теңестіріледі. Ал өгёй ұлдар мен өгей кыздар туған балаларға теңестірілмейді.
Жасына байланысты зейнетақыларды тағайындау үшін арнайы заңды негіздер азаматтардың кейбір санаттарына, мысалы Чернобыль апатынан, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бағытгалған.
Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
Орталықтан жасына байланысты зейнетақылар толық көлемде келесідей жасқа толған
кезде және келесідей жағдайлар болған жағдайда тағайындалады:
1) 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
2) 1998 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл енбек стажы болғанда; әйелдерге 56,5 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
3) 1999 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 57 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
4) 2000 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 57,5 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
5) 2001 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 58 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері жоғарыда аталған азаматтардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.
Байқап отырғанымыздай, әлеуметтік қорғау құқығы еркектер мен әйелдер үшін зейнетақы жасы мен еңбек стажының болуын түрліше көздеген. Бұл айырмашылық 5 жылды құрайды.
Орталыктан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 каңтардан бастап жүзеге асырылады.
1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді.
1998 жылғы 1 каңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірак ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 процентінен аспауға тиіс.
¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектердің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекетгік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімібойынша және жұмысорындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қантарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.
Орталықтан төленетін зейнетакы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы тәлеудің барлық тұрлері және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі.
Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республиқалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
ТАҚЫРЫП
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 4504;