Нарықта үлесіне байланысты стратегияны таңдау.

Фирма мақсаты Стратегия түрі
Нарық үлесін кеңейту немесе жеңіп алу Қазірде бар нарық үлесін сақтау Нарықтан кету Шабуылдаушылық   Қорғанушылық Шегінушілік

 

Шабуылдаушы стратегиясы фирманың нарықта активті, агрессивті позициясын ұсынады. Және нарықтық үлесін кеңейту және алу мақсаттарының ізіне түседі.

Әрбір тауарлы нарықта немесе қызмет нарығында тиімді әрекет және фирманың өмір сүруіне керекті табысы үшін қамтамассыз ететін оптималды саналатын сегмент, егер бұл нарықтың 20 % сатып алушылар қатынасса, олар өз кезегімен берілген фирма ұсынып отырған қызметтің 80 % - на жуығын сатып алса.

Алайда егер фирма үлесі оптималды деңгейден төмен түссе, онда оның алдында диллемма тұрады: я оның кеңеюіне шаралар қабылдау, я нарықтан кету.

Шабуылдаушы стратегиясын қолдану тек бірнеше жағдайларда орынды:

Ø Егре нарықтағы үлесі қажетті минимумнан төмен болса немесе бәсекелестердің әрекеті нәтижесінде бірден қысқарып, белгілі деңгейді қамтамассыз етілмесе

Ø Жаңа німді нарыққа ендіру

Ø Бәсекелес – фирмаларөзінің позициясынан айырылып және аз шығын шығарып, нарықтық үлесті жоғарлату арқылы шын мүмкіндік туған жағдайда

Қорғаныс немесе тежеп тұру стратегиясы фирманың қазірде қолда ұстап тұрған нарықтық үлесті сақтап қалу және нарықта өз позициясын ұстап тұруды жорамалдайды. Ол мынандайда қолдануы мүмкін:

Ø Фирманың қанағаттандырарлық позициясы арқылы

Ø Шабуылдаушылық стратегиясын өткізу үшін қаражаттың жетпеген жағдайда

Ø Бәсекелестер тарапынан активті жауапты шаралардың болуынан мүмкіндігінен фирманың шабуылдаушылық стратегиясын жүзеге асруға қауіптенетін жағдайларда.

Бұл стратегияны әдетте ірі фирмалар оларға белгілі нарықта қолданады. Алайда мұндай стратегия түрі өзінде қауіпті жасырады.

Шегінушілік стратегиясы әдетте сналы түрде таңдалатын емес, амалсыздан болатын әрекет.

Маркетингтік альтернативті стратегияларды жасауда М.Портердің бәсекелестік моделін қолданады. Ол 2 типті бәсекелестік артықшылықты көрсетеді: өте төмен шығындар және мамандандыру.

Өте төмен шығындардың астында жай ғана бәсекелестердегідей өнімнің өндірісі мен өтіміне шығындар сомасының төмен болуы емес, сонымен бірге фирманың бәсекелестеріне қарағанда өте тиімді тауарды жасау және өткізу жатыр. Басқаша сөзбен айтқанда, бәсекелестік артықшылыққа жету үшін бұл типтегі туристтік кәсіпорын өніммен барлық операциялық циклді азғантай шығындармен және өте қысқа мерзім ішінде ұйымдастыру жағдайында болуы қажет.

Ал мамандандыру сөзінен бірінші кезекте бір ған қызметке мамандандырылуды түсінеміз. Алайда онда клиенттің ерекшеқажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігі және сол үшін айтарлықтай жақсы бағасын алу, яғни бәсекелестерге қарағанда орташа жоғарырақ баға алу. Басқаша сөзбен айқанда, осындай типті бәсекелестік артықшылықты қамтамассыз ету үшін фирма қалың топ бәсекелестердің ішінде айырылу шығармашылығын үйренуі керек. Ол сатып алушыларға стандартты терімі бар, алайдаалайда бір айрықша ерекшелігі бар өнімді немеесе стандартты емес параметрлермен жабдықталған шын мәнінде сатып алушыны қызықтыратын өнімді ұсынады.

Бәсекелестік артықшылықтарды алу мақсатымен мынадай стратегиялар ерекшелінеді:

Ø Жаппай маркетингі

Ø Дифференциялді маркетингі

Ø Шоғырландыру маркетингі

Жаппай маркетинг стратегиясы шығындар бойынша бәсекелестік артықшылықтарға жетуді көрсетеді. Стратегияны қолдана отырып фирма кең шеңберлі клиенттерге бағдарланады. Назар мен жігері жекелеген тұтынушылар қажеттілігінің айырмашылығына емес, қажеттіліктердің ортақтылығына бағытталған. Бұл мақсатпен максималды кең шеңберлі клиенттермен қабылдауы мүмкін оңды өнімдерді ұсынады. Мысал ретінде «Неккерман» батыс-германдық фирманың маркетингтік стратегиясы бола алады.

Дифференциялді маркетингтік стратегиясының негізгі мәні – туристтік кәсіпорынның бәсекелес фирма қызметінен ерекшелінетін және тұтынушылар көзқарасынан қайталанбайтын түрлі өнімдерді ұсынуында жатыр. Бұл түрлі клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді, яғни үлкен көлемді сегменттерге жұмыс істеу. әрқайсысына сәйкесінше ұсыныс құрылады.

Шоғырландыру маркетингтік стратегиясы фирманың барлық жігерінің бір немесе бірнеше сегмент нарығына шоғырлану және топ клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандыру есебінде өнімді ұсынуды көрсетеді. Лидерлік спецификалық сегменттерге төмен шығындар мен баға немесе уникальді ұсыныс я екеуі арқылы жетеді. Бұл стратегияны айтарлықтай ресурстартары шектелген фирмалар үшін тартымды. Алайда бұл стратегия өте тәуелді және әлсіз. өйткені ол азғантай сегментке немесе бір сегментке бағдарланған. Ең жақсысы дифференциялді маркетингтік стратегиясы. өйткені бұл стратегия қауіпсіз, тұрақты және шоғырланған маркетингтік стратегияға қарағанда уақытша емес.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Туризм сферасындағы бәсекелестік артықшылықтар.
  2. Нарықтық мүмкіндіктер.
  3. Кәсіпорынның мақсаттарын анықтауда үлкен назар.

Дәріс №15.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1300;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.