Ақшаның мәні және қызметтері

Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп, олардың айырбасында аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент.

Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас, сауданың даму үрдістерімен, шаруашылықтың нарықтық формасының нығаюымен байланыстырды

К. Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын құн формасының дамуымен байланыстырды.

Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквиваленті алтын болды. Маркстің теориясында ақша рөлін бағалы металдар - алтын мен күміс атқарған. Бұл ХІХ ғасырдың басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді. Алтынның ақша рөлін атқаруының негізгі себептері:

- сақталымдылығы;

- портативтілігі ( шамалы көлемінде жоғарғы құндылықтың болуы);

- экономикалық бөлінуі ( алтын құймасы, яғни салмағы жағынан екіге бірдей бөлінген бөліктердің құймасының құны дәл екі есеге азаяды). Мұндай қасиет малда да, бағалы терілерде де, інжу-маржандарда да жоқ.

- алтынның салыстырмалы түрде табиғаттағы сиректігінде.

Ақшаның мәні оның тауар өндірісі мен айналыс сферасында атқаратын қызметінен көрінеді. Ақша өзара байланысты 5 қызмет атқарады: құн өлшеуіш, айналыс құралы, қор жинау құралы, төлем құралы және дүниежүзілік ақша қызметі.

· құн өлшемі - ақшаның көмегімен барлық, тауарлардың құны көрсетіліп, оның бағасы белгіленеді;

· айналыс құралы - ақша тауар алмасу үрдісінде аралық қызмет атқарады;

· қор жинау құралы - өндірушілер және жеке адамдардың ақшаларын банктерде, мемлекеттік қазынада жинақтауы;

· төлем құралы - тауарларды несиеге сатқан кезде ақша төлем құралы қызметін атқарады;

· дүниежүзілік ақша - дүниежүзілік ақша қызметін халықарлық экономикалық қатынас кезінде атқарады. Бұл қызметті тек алтын немесе алтынға еркін айырбастала алатын валюталар ғана атқара алады.

ХХ ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді, ешбір елде алтын ақша ретінде айналыста болмайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар - доллар, евро, иена және т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен, алтынның айналыстан шығуы және оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқаруды доғаруы.

Ақша толық құнды ақшалар және толық құнды емес ақшалар болып екіге бөлінеді. Толық құнды ақшаларға – алтын, күміс сияқты асыл металдарды жатқызамыз. Ал толық құнды емес ақшаларға – қағаз ақшалар, биллиондық теңгелер және несие ақшаларды жатады:

- қағаз ақшалар дегеніміз айналысқа түсетін толық құнды ақшаларды алмастыратын ақшалық белгілер;

- биллион теңгелер – төмен сапалы күміс, мыс, алюмини сияқты металдар қорытпасынан жасалған, көрсетілген бағасы ондағы металл құннан төмен толық емес, майда, айырбас тиындар;

- несие ақшалар – қарызға берілген немесе қарызға алынған ақшалардың ерекше түрі. Оларға вексель, чек, банкнот, несие карточкалары жатады.

Әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны яғни, ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі бірнеше элементтен тұрады: ақша бірлігі, баға ауқымы (масштабы), эмиссиялық жүйе, ақша түрлері, ақша жүйесінің институттары.

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 7070;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.