Сыныс заңы, ұсыныс қисығы және ұсынысқа әсер ететін факторлар

Ұсыныс дегеніміз – сатушылардың нарыққа тауарларды сату үшін ұсынуындағы талабы мен қабілеттілігі. Яғни, өндірушілердің белгілі бір бағалар бойынша сатуға дайындаған тауарларының жиынтығы.

Баға – ұсынысқа да әсер етуші негізгі фактор болып табылады. Баға мен ұсынылған өнім мөлшері арасындағы тікелей байланыс сұраныс заңы деп аталады. Баға жоғарылаған сайын ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныс заңының графикалық түрде бейнеленуін ұсыныс (S) қисық сызығы деп атайды. Ұсыныс қисығы өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық. (3-сызба)

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс тендеуі:

Qs = a + b * Р

Ұсыныс функциясының теңдеуі нарықтық баға (Р) мен ұсыныс көлемі (Qs) арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. а және b параметрлері ұсыныстың бағалық емес факторлары.

P

P S2

S

S S1

Р2

P1

 

Q1 Q 2 Q Q

3-сызба. Ұсыныс қисығы 4-сурет. Бағадан тыс факторлардың

әсерінен ұсыныс қисығының жылжуы

 

Ұсынысқа бағадан да басқа көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

- өндіріс ресурстары факторларының бағасы;

- технология;

- бағаны және тапшылықты күту;

- сатушылар саны;

- салық мөлшері;

- субсидия.

Бұл факторлар ұсынысты өзгертеді және ұсыныс қисығын оңға немесе солға жылжытады, яғни бағаның өсуі ұсынысты төмендетеді, керісінше бағаның төмендеуі ұсынысты өсіреді.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-теңдік бағаның құрылуына әкеп соғады.

Тепе-теңдік баға дегеніміз – баға мен тауар мөлшерінің өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері үйлесетін баға.

Егер, нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса, онда ұсыныс сұраныстан асып кетеді де, нәтижесінде артықшылық (молшылық) болады.

Егер, нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда сұраныс ұсыныстан басым болады немес тапшылық пайда болады.

Тепе – теңдік баға көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Олардың ең маңыздысы – салық салу мен бағаны бақылау. Бұл мемлекеттің араласуымен іске асырылады.

Нарықтық экономикада баға үш басты қызмет атқарады. Олар:

- бағдар беруші – сатушы мен сатып алушылар әрекеттері туралы ақпарат береді;

- ынталандырушы - өндірісті тиімді әдіспен жүргізуге және сұранысты ұтымды пайдалануға ықпал етеді;

- бөлу – бөлу арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында табыстар, өндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді.

 

P P

 

S артылып S

қалу

A A

P2 P2

 

P1 D Р1

тапшылық D

 

Q1 Q Q1 Q2 Q

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 10564;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.