Акционерлік қоғам.
3. Мемлекеттік кәсіпорын.
· Серіктестікжарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша, мүліктік құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар салынады.
Толық серіктестік - қатысушылары (толық серіктестер) кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиеселі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік толық серіктестік болып табылады.
Толық серіктестік қызметі барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.
Сенім серіктестігі -серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік -бір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Оның мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек. Онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар нысанында заттық үлестері де болуы мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т. б.).
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктіңқатысушылары серіктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.
· Акционерлік қоғам- бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушыларға шек қойылмайды. Ұйымдастырушы бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды. Акция дегенімізоның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін қосқандығын куәландыратын және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Сонымен бірге акция акционерлік қоғамның ісін басқаруға құқық береді, алайда бұл жерде бір акция - бір дауыс деген қағида басшылыққа алынады. Акционердің акциясы неғұрлым көп болса, акционерлік кәсіпорынның істеріне соғұрлым көп әсер ете алады. Мұндай жағдайда акционерлік кәсіпорынды басқаруда акциялардың бақылау пакетін иеленген акционер шешуші рөл атқарады.
· Мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеітік кәсіпорындар, мемлекеттік корпорациялар, аралас акционерлік қоғамдар.
Бюджеттіккәсіпорындарға заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бюджеттік кәсіпорындар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды.
Мемлекеттік корпорациялармемлекеттік кәсіпорындардың кеңінен тараған түрі. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал және пайда құрайды.
Аралас компанияларакционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға сай аралас компаниялар заңды иегep, коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 5609;