Капитал түрлері және қосымша құн өндіру тәсілдері

Капитал экономика ғылымның ең басты категорияларының бірі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капиталдың көптеген тарихи формалары орын алды. Сауда капиталы, қарыз капиталы, өнеркәсіптік капитал.

«Капитал» ұғымына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» еңбегінде К.Маркс жүргізген. Маркс тұжырымдамасы бойынша капитал – бұл өздігінен артатын құн немесе қосымша құн әкелетін құн. Және ол үнемі қозғалыста болады деген. Ол капиталға өндіріс құрал-жабдықтарын да, жұмыс күшін де, ақша сомасын да жатқызған. Бірақ, ақша да, өндіріс құрал-жабдықтары да, тіршілік заттары да өздігінен капитал бола алмайды. Оларды қосымша құн алу үшін қолданған кезде ғана, қанау құралы ретінде пайдаланған кезде ғана капиталға айналады.

Маркс капиталды құн және қосымша құн жасау үрдісіндегі олардың рөліне қарай тұрақты және өзгермелі капитал деп екіге бөледі.

Капиталдың өндіріс құрал-жабдықтарына айналатын және еңбек үрдісінде өзінің құнын өзгертпейтін бөлігін тұрақты капитал деп аталады. Тұрақты капитал «С» әрпімен белгіленеді. Тұрақты капиталға фабрика үйлерінің, құрылыстардың, машиналардың, жабдықтардың, аспаптардың құны және сонымен қатар шикізат, отын, көмекші материалдардың құны да жатады.

Ал, капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс үрдісінде өз құнын өзгертетін бөлігін өзгермелі капитал деп атайды. Оған жұмыс күшінің құны жатады. өзгермелі капитал «V»әрпімен белгіленеді.

Еңбек үрдісінде жұмысшы өзгермелі капитал мөлшеріне тең құн және қосымша құн жасайды. Демек қосымша құн өзгермелі капиталдың ғана жаған құны болып табылады. Жаңадан өндіріген құн v + m формуласы арқылы көрінеді. Мұндағы m – қосымша құн, v– жұмыс күшінің қайта өндірілген құны. Яғни, кәсіпорында өндірілген тауар құны W = c + v + mформуласымен анықталады.

Өндіріс үрдісіне толығымен қатысып, өзінің құнын өнімге бірте-бірте ауыстырып, өндіріс иесіне қайта оралатын элементтер негізгі капитал деп аталады. Негізгі капиталға өндірістік үйлерді, құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды және т.б. алуға жұмсалған капитал жатады. Ал, айналмалы капитал өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады. Айналмалы капиталға өндіріс иесінің еңбек заттарын сатып алуға жұмсаған шығындары жатады. Еңбек заттары, шикізат, қосалқы материалдар отын және т.б. өндіріс үрдісінде түгелімен тұтынылады. Айналмалы капиталға жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған капитал да яғни, өзгермелі капитал да жатады

Капиталистің немесе өндіріс иесінің иемденетін қосымша құн көлемі – қосымша құнның абсолюттік мөлшері. Ал, қосымша құнның салыстырмалы мөлшері немесе өзгермелі капиталдың өсу дәрежесі қосымша құнның өзгермелі капиталға қатынасымен

 

 

M

Vанықталады. Пайыз түрінде көрсетілген бұл қатынасты Маркс қосымша құн нормасы деп атап m' деп белгілеген.

 

m' = m × 100%

V

Қосымша құн нормасы дегеніміз – жұмыс күшін капиталдың, яғни жұмысшыны капиталистің қанау дәрежесінің көрінісі.

Өндіріс үрдісінде өндіріс иесін қызықтыратын ең басты мәселе қосымша құн алу болып табылады. Қосымша құн – жалдамалы жұмысшының, оның жұмыс күшінің құнынан артық жасаған құны. Жұмыс күні екі бөліктен тұрады: қажетті жұмыс уақыты және қосымша жұмыс уақыты. Қажетті жұмыс уақытында жұмсалған еңбек қажетті еңбек деп аталады және жұмыс күшінің құны өндіріледі. Ал, қосымша жұмыс уақытында жұмсалған еңбек - қосымша еңбек деп аталады және ол қосымша құн өндіреді. Қосымша құн өндірудің бірнеше әдісі бар:

1. Абсолюттік қосымша құн өндіру – жұмыс күнін абсолютті түрде ұзарту арқылы алынатын қосымша құн.

 

қажетті жұмыс уақыты қосымша жұмыс уақыты 5 сағат 5 сағат








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 11633;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.