Жер рентасы жер иелерінің факторлық табысы

Аграрлық қатынастар экономикалық теорияның маңыз мәселелерінің бірі болып табылады. Аграрлық қатынастар деп – жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік - экономикалық қатынастарды айтады.

Ауылшаруашылығы өндірісі өнеркәсіп өндірісіне қарағанда, біршама ерекшелікті болып келеді:

біріншіден, мұнда басты өндіріс құралы жер болып табылады. Ауылшаруашылығына жарамды жер көлемі шектеулі;

екіншіден, ауылшаруашылығына жарамды жерлер табиғи және экономикалық құнарлылығы жағынан бөлінеді;

үшіншіден, жер қайта өндіруге келмейтін өндіріс құралы болып табылады;

төртіншіден, ауылшаруашылығы өндірісі үрдісіне жердің сапасы ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ, табиғи факторлар да (ауа райы, күннің ұзақтығы, жауын-шашын мөлшері) ықпал етед;

бесіншіден, ауылшаруашылық өндіріс циклында мерзімдік айырмашылық болады;

алтыншыдан, аграрлық қатыныстардың тарихы басқа жерді қолданғаны үшін ақы төлеудің ерекше экономикалық маңыздылығы барын куәландырады.

Жерді қолданғаны үшін төлем жалдық төлемнің мазмұны болып табылады, ал оның экономикалық қайнар көзі рента.

Ауылшаруашылығымен байланысты кәсіпорынның екі негізгі түрі бар.

· Агроөнеркәсіптік корпорациялар – ауылшаруашылығы өндірісінің өнімді өңдеу және сатумен ұштастыратын ірі тиімді өнеркәсіптік кешендер.

· Фермерлік шаруашылықтар - әр түрлі кооперативтер мен мемлекет көмегіне сүйенетін, бірақ дербестігімен еңбекке жоғары ынталылығымен жауапкершілігімен ерекшеленетін шаруашылықтар.

Ауылшаруашылық шикізаттарынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы - экономиканың ерекше сферасын қалыптастырады. Ол агроөнекәсіптік кешен (АӨК) деп аталады.

АӨК – дегеніміз ауылшаруашылығы өнімін өндіруге, оны сұрыптауға, қайта өңдеуге және тұтынушыға жеткізуге жұмыс істейтін ұлттық экономика салаларының жиынтығы. АӨК төрт негізгі сферадан тұрады:

І сфера – ауылшаруашылығына өндіріс құрал жабдықтарын жеткізетін және ауыл шаруашылығына техникалық қызмет етуді жүзеге асыратын өнеркәсіп салалары;

ІІ сфера – ауыл шаруашылығының өзі;

ІІІ сфера – ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушыға жеткізуді

( дайындау, өңдеу, сақтау тасымалдау, сату) қамтамасыз ететін салалар;

ІV сфера – инфрақұрлым, яғни, жол транспорттық шаруашылық, байланыс, материалдық - техникалық қызмет ету, сақтау жүйесі және т.б.

АӨК-нің құрылу негізі агро өнеркәсіптік интеграция, яғни ауылшаруашылығының қызмет етумен айналысатын және оның өнімін тұтынушыға жеткізетін салалар мен ауылшаруашылығын біріктіру үрдісі болып табылыды.

Ауылшарушылығының басты өндіріс құралы – жер болып табылады. Ол сан жағынан шектеулі, сондықтанда, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес. Жер ұсынысы әрқашанда абсолютті икемсіз болып келеді. Жер ұсынысының шектеулілігі және икемсіздігі ауылшаруашылығында баға құру ерекшелігімен байланысты.

Барлық экономикалық ресурстар сияқты жер де ақылы. Жер иесінің жерді пайдалануы нәтижесінде табатын табысы жер рентасы деп аталады. Жер рентасы жер иелеріне жалдық төлем түрінде төленеді. Жер рентасының пайда болу алғы шарты – жерді жалға алу болып табылады. Егер жер иесі өз жерінде ауылшаруашылығымен өзі айналысса, онда ол, рентаны қосымша пайда түрінде алады. Ал жерді жалға беретін болса, ол рентаны кәсіпкердің жалгерлік төлемі түрінде алады.

Жер иесінің табысы жердің құнарлылығына байланысты әр түрлі болып келеді. Құрылу ерекшелігіне қарай жер рентасы абсолюттік және дифференциалдық рента болып екіге бөлінеді.

· Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің жердің құнарлы, құнарсыздығына қарамастан барлық учаскелерден алатын табысы. Абсолюттік жер рентасы ауылшаруашылығы өнімінің құны мен оның қоғамдық өндіріс бағасы арасындағы айырмашылықтан көрінеді. Рентаның бұл түрін жер иесі иемденеді.

· Дифференциалдық рента – құнарлылығы жақсы, нарыққа жақын орналасқан жерлерден және жерді тиімді пайдаланудан алынады.

Дифференциалдық рентаның пайда болу себебі, жердің қоғамдық және табиғи құнарлылығының әр түрлі болуына байланысты. Дифференциалдық рентаның екі түрі бар. Олар: бірінші (І) дифференциалдық рента және екінші (ІІ) дифференциалдық рента.

І дифференциалдық рента – табиғи құнарлылығы жақсы және орташа жерлерден алынады. І дифференциалдық рентаны алу жағдайы жер учаскелерінің құнарлылығы мен нарықтан алшақ орналасқандығы арасындағы айырмашылықпен байланысты. Бұл рентаны жерге меншік иесі иемденеді. І дифференциалдық рентаның құрылу себебі жерді шаруашылық объектісі ретінде монополиялау болып табылады.

Ал, ІІ дифференциалдық рента – егіншілікті интенсивті жүргізу әдісімен, яғни құнарлылығы нашар жер учаскелерін қосымша капитал жұмсау арқылы, жаңа техника мен технологияларды қолдану негізінде, химиялық тыңайтқыштарды пайдаланып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде алатын қосымш табыс. ІІ дифференциалдық рентаны уақытша қолданған капиталы үшін төлем ретінде кәсіпкер арендатор алады. Дифференциалдық рента – бұл өндірістің қоғамдық және жеке бағалары арасындағы айырма.

Ауылшаруашылығында абсолюттік және дифференциалдық ренталардан басқа монополиялық рента алынады. Монополиялық рентаның құрылуының негізгі себебі – сапалы жердің жетіспеушілігі.

Монополиялық рента – жоғары бағамен сатылытын, сирек кездесетін дәнді дақылдарды өсіруге арналған жерлерден алынады. Монополиялық рента - нарықтық баға мен олардың құнының айырмашылығына тең монополиялық үстеме пайда түрінде алынады.

Жерге меншік иелері рентаны тек ауыл аруашылығы мақсатында пайдаланатын жер учаскелерінен ғана емес, сонымен қатар, үйлер мен құрылыстар салуға арналған участоктардан және пайдалы қазбалар шығатын жер учаскелерінен де алады.

Жер - адам еңбегінің жемісі емес, сондықтан оның құны болмайды. Бірақ, өндіріс факторы ретінде жер тауарлық сипатта болады, яғни, ол сатылады және сатылып алынады, сондықтан бағасы болады. Жердің нарықтық бағасы оған деген сұранысқа тәуелді. Жер ең алдымен жер кадастры арқылы экономикалық жағынан бағаланады. Жер кадастры дегеніміз – жер туралы мәліметтердің жиынтығы. Жер бағасы екі түрлі өлшемге байланысты:

- меншік иесі алатын рента көлеміне кері пропорционалды;

- қарыз пайызының мөлшеріне тура қатынаста болады.

Яғни,

Жер бағасы ═ R(рента)×100%

S(қарыз пайызы)

Ауылшаруашылығындағы бағаның құрылуы өндіріс жағдайымен байланысты. Жер бағасына әсер ететін негізгі факторлар:

- рента көлемі;

- қарыз пайызының мөлшері;

- жерге деген сұраныс;

- жер ұсынысы;

- жер салығы.

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 7361;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.