Лттық экономиканың құрылымы
Экономикалық теория макроэкономика және микроэкономика деген екі бөлімнен тұрады. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейді. Ал, микроэкономика жекелеген экономикалық субъектілерді зерттейді.
Макроэкономика мен микроэкономика экономикалық теорияның екі жекелеген бөлігі болғанымен, экономикалық құбылыстар мен заңдылықтар туралы қорытындылары бірін-бірі толықтырады.
Макроэкономикалық теория ХХғ. 30-50 жылдарынан қолданыла бастады. Оның негізін қалаушы Джон Кейнс болып табылады, ол мемлекеттің ұлттық экономикаға белсенді араласуының қажеттілігін дәлелдеген. Сонымен қатар, макроэкономикада ұлттық экономиканың жалпы бағыты және даму заңдылықтары зерттеледі. Ұлттық экономика ұғымы негізінде барлық макроэкономикалық категориялар мен қағидалар қалыптасқан.
Макроэкономикалық теорияның пәні бір тұтас жүйе ретінде қарастырылатын экономикалық іс-әрекет болып табылады.
Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды макроэкономикалық зерттеудің бірнеше ерекшеліктері бар:
1. Ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының қағидаларын, яғни ұлттық табыстың жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы деңгейін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқыны және т.б зерттеуді көздейді.
2. Макроэкономикалық талдауда жеке нарықтағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекетері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
3. Макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын бейнелейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Бұл субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылар және мемлекет кіреді.
Микро және макро дәрежеде позитивтік және норвативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы нақты байланыстар зерттеледі. Ал, экономиканың әр түрлі аспектілерінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макро дәрежеде көбінесе, мемлекеттің саясаты талданады.
Макроэкономикалық саясат мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағытталады:
- тұрақты және экономикалық өсу;
- жұмыспен толық қамтамасыз ету;
- бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;
- әлеуметтік әділет және еңбекке қабілетсіздерді экономикалық жағынан қамтамасыз ету;
- мемлекеттiң сауда және төлем балансының тұрақты болуы;
- экономикалықтиімділік;
- экономикалық еркіндік;
- табысты әділетті бөлу;
- ішкі сауда балансы.
Сонымен қатар, макроэкономикада ұлттық экономиканың жалпы бағыты және даму заңдылықтары зерттеледі. Ұлттық экономика ұғымы негізінде барлық макроэкономикалық категориялар мен қағидалар қалыптасқан.
Ұлттық экономика жүйесінің даму заңдылықтары экономика ғылмының негізгі бөлімінің бірі макроэкономикада қарастырылады. Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бір бөлімі болып табылады. Ұлттық экономика дегеніміз - халық тұтынуын қанағаттандыруға бағытталған мемлекет деңгейіндегі шаруашылық субъектілерінің экономикалық іс-әрекеті.
Ұлттық экономика деңгейінде зерттелетін негізгі мәселелер:
- ұлттық өнім және ұлттық табыс мөлшері мен құрылымын анықтау;
- ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
- инфляция деңгейі;
- экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
- экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюктуралық өзгерістердің себептерін анықтау;
- ұлттық экономиканың сыртқы экономикамен байланысы;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Ұлттық экономика дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі болып табылады. Дүниежүзілік шаруашылықтың бөлігі болу үшін ол әрқашан да ашық экономика болу керек.
Ашық экономика дегеніміз - мемлекеттер арасындғы экономикалық қатынастарға қатысатын экономика, яғни экспорт пен импорт экономикасы.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен байланысы мыналардан көрінеді:
- сауда – ұлттық өнімнің бір бөлігі экспортқа кетеді, ал табыстың бір бөлігі импортқа кетеді;
- ұлттық экономикаға дүниежүзілік нарық бағасы да әсер етеді;
- қаржы, корпорация немесе банк сияқты ірі инвесторлар халықаралық деңгейде қызмет жасайды;
- ғылыми техникалық ақпаратпен және технологиялық жетісіктермен айырбас;
- жұмыс күшін орналастыру.
Бұлардың ішінде ең негізгісі сауда мен қаржы болып табылады.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 3089;