Жалақы және оның негізгі түрлері
Экономикалық теорияда жалақы жайлы екі тұжырымдама бар: 1- жалақы - еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы, нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен анықталады; 2 - жалақы жұмыс күші - тауар құнының ақшалай көрінісі (бағасы).
Жалықының екі тұжырымдамасы да ағылшын саяси экономикасының классиктері А. Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит еңбек пен жұмыс арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептелінеді. А. Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті төменгі құн арқылы анықталады.
Яғни, жалақы дегеніміз – бұл жұмыскерге, оның жасаған еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған ҚЖӨ көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда жалақы қоғамдық өнім құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Жалақыны анықтайтын негізгі факторлар:
- жұмысшының қажеттілігін қанағаттандыратын тауар құны;
- оны мамандыққа оқытуға жұмсалған шығындар;
- оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттар құны.
Ал, жалақы мөлшеріне әсер ететін факторлар:
- еңбек өнімділігі;
- еңбек қарқындылығы;
- еңбектің күрделілігі;
- еңбекке деген сұраныс ұсыныстың арақатынасы.
Жалақы салық пен инфляцияға тәуелділігіне байланысты номиналды және нақты жалақы болып екіге бөлінеді. Номиналды жалақы – бұл жұмысшылардың еңбегіне төленген ақша саны. Номиналды жалақыға салықтар кіреді және ол тұтыну бағаларының өсуін ескермейді. Нақты жалақы – бұл еңбекақыға сатып алатын тауарлар мен қызметтер саны. Бұл үш түрлі факторға байланысты:
- номиналды жалақы көлеміне;
- салық көлеміне;
- тұтыну бағасы деңгейіне.
Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы. Яғни, ол жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Еңбек төлемін өлшеу тәсіліне байланысты жалақының екі түрі болады: мерзімді және кесімді жалақы.
• Мерзімді жалақы - өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол: күндік, апталық, айлық болып бөлінеді.
• Кесімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына байланысты болады. Жалақының бұл түрі мерзімді жалақымен байланысты, өйткені, бір өнімнің бағасы мерзімді жалақыны өндірілген өнім санына бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының нeгiзгi нысандарымен бipre жұмысшының еңбек өнімділігімен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуга бағытталған еңбек ақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді – прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлы және т.б. жатады.
Әр елдегі белгілі-бір мамандық иелері мен жалдамалы жұмысшылардың жалақысы әр түрлі. Ең алдымен жалақы - өндіріс жағдайы мен нарықтық конъюктураға байланысты. Яғни, өндірістегі табиғи ресурстар, капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, сұраныс пен ұсынысқа да байланысты.
Еңбек нарығы– нарықтың ең бір жетілмеген түріне жатады, өйткені мұнда бәсекенің әр қилы тежеушілері әрекет етеді. Бұған мынадай факторлар жатады:
- бос жұмыс орны мен мөлшері туралы жұмысшының хабарсыз болуы немесе осы хабардың жеткіліксіз болуы;
- жұмыс күшін жалдау мәселелері туралы заң актілерінің шектеулілігі;
- жалақы саласындағы фирма саясаты.
Еңбек нарығы мемлекет тарапынан реттеліп отырады. Реттеуші маңызды факторлар:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс;
- бос уақыттың ұзақтығы;
- еңбекке жалдау және жұмыстан босату тәртібі;
- бағаның өзгеруі мен жалақыны индексациялау;
- қауіпті жағдайлардан қамсыздандыру;
- денсаулығының кемуінен қамсыздандыру;
- қартаюмен байланысты қамсыздандыру сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Кәсіпорындарда әлеуметтік қорлар жасалып, оның есебінен жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру мүдделері жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру - зейнетақымен қамту, асыраушысынан айырылғандарды қамсыздандыру, жұмыссыздық жағдайында төленетін жәрдемақы, еңбекке жарамсыз мүгедек адамдарға көмек ақы беруді қамтиды.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 11895;