Экономикалық циклдың мазмұны және өнеркәсіптік циклдың фазалары
Экономикалық циклдар теориясы - экономикалық өсу теориясымен қатар, халықшаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады.
Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең. Ол экономикады кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бастапқы циклы - құлдырау. Құлдырау құбылысының болуы сұраныс төлем қаблеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі. Құлдырау кезеңінің негізгі белгілері:
- тауардың артық өндірілуі;
- бағаның құлдырауы;
- өндіріс мөлшерінің қысқаруы, кәсіпорындардың, банктердің жаппай банкротқа ұшырауы;
- жұмыссыздықтың өсуі, жалақының төмендеуі;
- акция бағасының құлдырауы және т.б. Құлдырау толқыны тоқыраумен ұштасады. Яғни, экономикалық циклдың екінші фазасы тоқырау (депрессия). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқтайды. Жаппай жұмыссыздық пайда болады, төмен жалақы төленеді және пайыз нормасы барынша төмендейді. Бірте-бірте жандану фазасы басталады. Жандану кезеңінде тауар өндіруші кәсіпорындар пайда бола бастайды, жұмыссыздық аздап азаяды, пайда, қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. Өрлеу кезеңі өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және бұл кезде өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауар сұранысы артады, бағалар, пайыз нормасы өседі және несиеге сұраныс та артады. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан аса бастайды, нарық тауарлар мен қызметтермен толтырылады және жаңа өнеркәсіптік цикл басталады.
цикл
өрлеу
жандану
құлдырау
дағдарыс (тоқырау)
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 2514;