Экономикалық дағдарыстар және олардың түрлері

Циклдық дамудың өзіндік ерекшелігі болады. Құрлымы жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Құрлымдық дағдарыстар салыстырмалы жағынан өндіру, кем немесе артық болу түрінде көрінеді. Олар жалпы өнеркәсіптік дағдарыспен қатар жүреді немесе онымен сәйкес келмейді.

Аграрлық дағдарыстар әдетте табиғи факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін. Олардың болуына еңбекті ұйымдастырудың кемшіліктері, техникалық артта қалу, жерді пайдалану мен оны иемдену жүйелерінің кемшіліктері жатады.

Негізгі капиталдың дүркін – дүркін жаңартылуы дағдарыстардың жиі-жиі болуының материалдық негізі болып табылады. Әрбір дағдарыс негізгі капиталдың жаппай сапалық жағынан тозуына әкеп соғады, өйткені баға күрт кеміген кезде ескі жабдықтар өзін ақтай алмайды. Ауылшаруашылығы өнеркәсіп циклдерінің ықпалын бастан кешіріп қана қоймайды, сондай-ақ ерекше аграрлық дағдарыстарға душар болады. Өнеркәсіп дағдарысы сияқты, аграрлық дағдарыстың да себебі - өндіріс әдісіне байланысты.

Аграрлық дағдарыстың пайда болуы экономикадағы құрлымдық өзгерістермен тығыз байланысты. Аграрлық дағдарыстар өнеркәсіп дағдарысынан өзгеше болады. Аграрлық дағдарыстардың бірінші ерекшелігі, олардың қамтитын сферасы тек ауылшаруашылығы болып табылатындығында, аграрлық дағдарыс кезінде өнеркәсіп циклінің түрліше фазаларында, оның ішінде өрлеу фазасында да болуы мүмкін. Ал, екінші ерекшелігі - олар циклдық емес сипатта болады. Аграрлық дағдарыстар уақытылы емес анда – санда болып тұрады. Аграрлық дағдарыстардың үшінші ерекшелігі олардың ұзақ уақытқа созылатындығында. Әдетте әрқайсысы 1-2 жылға созылатын өнеркәсіп дағдарысына қарағанда, аграрлық дағдарыстар созылыңқы келеді. 20 немесе одан да көп жылға созылады. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығының маңызды себебі – жерге жеке меншік монополиясы болып табылады.

Экономикалық дағдарыстар өндіріс әдісінің өрісі тарылғанын көрсетеді. Дағдарыстар ең алдымен ұсақ кәсіпорындарға қатты зардап тигізеді, олардың көпшілігі жойылып кетеді. Ал ірі кәсіпорындарда дағдарыс кезінде :

- жұмыссыздық елеулі түрде күшейеді;

- жұмыс күшіне деген сұраныс қысқарады және сонымен қатар оны ұсынудың ұлғаюы салдарынан жұмысшының жалақысы кемиді;

- жұмыссыздықтың өсуін пайдаланып жұмысшының бір бөлігін жұмыстан шығара отырып, қалған жұмысшының еңбек интенсивтілігін арттыруға күш алады.

 

Семинар сабағының жоспары

1. Экономикалық цикл және оның түрлері (қысқа, орта, ұзақ мерзімді циклдар).

2. Аграрлық дағдарыстар, олардың өнеркәсіптік дағдарыстан ерекшелігі. Құрылымдық дағдарыстар.

3. Дағдарысқа қарсы саясат және Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсудің бағдарламалары

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 4256;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.043 сек.