Кәсіпорын қорларының құрылымы. Қорлардың ауыспалы айналымы мен айналымы.

Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі үздіксіз үрдісті көрсетеді. Кәсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу - сату жолымен ала отырып, өндіріс үрдісін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл үрдіс үнемі қайталанып отыратындықтан кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.

Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымында капитал бір формадан екінші формаға айналады. Оны формула түрінде былай көрсетуге болады:

Ө.қ.ж.

А - Т ... Ө ... Т´ – А´

Ж.к

Бұл формулада ақша капиталы, өндірістік капитал және тауар капиталы нысандарының қызметтері көрінеді. Ол мынадай заңды сатылардан тұрады:

1-ші сатыда ақша капиталы өндіруші капиталға айналады. Өндірісті ұйымдастыру үшін алғы шарт жасайтын қажетті өндіріс кұрал - жабдықтары сатып алынады және еңбек ақы төлеу үшін ақша алдын ала жұмсалады.

 

І- саты

А – Т
өндіріс құрал-жабдықтары

жұмыс күші

 

2-ші сатыда өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін пайдаланып, тұтыну тауарын жасаумен аяқталады.

ІІ- саты

А – Т
ө.қ.ж

...... … Ө ..... Т'

Ж.к

3 -ші сатыда өнімді өткізу жүзеге асады, яғни тауар ақшаға айналады.

ІІІ- саты Т ' – А'

Сонымен капиталдың ауыспалы айналымы - өндіріс және айналыс үрдісін қамтиды және бастапқы ақшалай нысаннан капиталдың келесі басқа қызметтік нысанына ауысуын білдіреді

Үздіксіз жаңарып отыратын үрдіс болып қарастырылатын ауыспалы айналым, капиталдың айналымы деп аталады, яғни кәсіпкердін жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келу циклі. Капитал әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, яғни өндіріс және айналыс уақытының ұзақтығына тәуелді.

Кәсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан тұрады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады, басқаша айтқанда сол уақыт кезеңінде ресурстардың көлемінде көп өнім өндіруге мүмкіндік береді.

• өндіріс уақыты – бұл шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік қорларда болу уақыты: яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи үрдістердің әсер ету уақыты; еңбек үрдісіндегі үзілістер уақыты;

• айналыс уақыты – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 4616;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.