Жалға берілген кәсіпорын мүлкін сатып алу.
Сонымен қатар ұлттық бағдарламаға сәйкес жекешелендірудің үш негізгі түрі бар: шағын жекешелендіру, жаппай жекешелендіру және жеке жоба бойынша жекешелендіру.
· Шағынжекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі объектілерді жекешелендіру;
· Жаппай жекешелендіру (купондық) – жұмысшылар саны 200 адамнан жоғары орта кәсіпорындарды жекешедендіру;
· Жеке жоба бойынша жекешелендіру – 5000 адамнан астам жұмысшысы бар стратегиялық маңызды мемлекет объектілерін жекешелендіру.
Жекешелендіру үрдісі ұзаққа созылатын құбылыс. Қазақстанда жекешелендіру қадамдары 1991 жылдан басталған және ол төрт негізгі кезеңмен жүрілді. Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері және өзіндік мақсаттары болды.
- І кезең 1991-1992 - мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыру, азаматтарға мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін сату;
- ІІ кезең 1993-1995 - нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау;
- ІІІ кезең 1996-1998 - жекешелендіру үрдісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту;
- ІV кезең 1999- 2000 - жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін және оларды басқарудың жолдарын жетілдіру.
Қазақстандағы жекешелендіру үрдісіне жеке-жеке тоқталсақ:
1-кезең: 1991 жылы маусым айында «1991-1992жж. арналған Қазақ ССР-ң мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру бағдарламасы» қабылданды. Мақсаты - өндірістің құлдырауының алдын-алу бойынша жедел шаралар жүйесін дайындау мен жүзеге асыру. Екі жыл ішінде 1993 ж. наурыз айына дейін республикада 30%- сауда, 40%- қүрылыс, 25%- қоғамдық тамақтану салаларының кәсіпорындары жекешелендірілді.
2-кезең: 1993ж. 5- наурызда «1993-І995жж. арналған Қазақстан Республикасында мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» қабылданды. Мақсаты - өндірісті тұрақтандыру және өндіріс құрылымын интенсивті қайта құру. Бұл кезеңде. біріншіден, жекешелендіру үрдісіне қатысушылар көлемі ұлғайды, Қазақстандықтармен қоса шетелдік жеке және заңды тұлғаларға меншік объектілерін сатып алуға құқық берілді; екіншіден, меншікті республика азаматтарына тегін (немесе купонды) берумен қатар, жеке жобалар бойынша ақшалай сату енгізілді;
1993-1996 жж. аралығында жекешелендірудің негізгі кезеңі өтті. Ол тек шағын ғана емес, сонымен қатар ірі шаруашылык салаларын қамтыды. Қазақстан халқының негізгі бөлігінің ақшалай ресурстары болмағандықтан, шетелдік инвесторларға үлкен үміт артылды.
3-кезең: 1996 жылы 27 ақпанда «1996-1998 жж. арнанған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен қайта құру бағдарламасы» қабылданды. Максаты – инновациялық бағдарламалар қабылдау, сондай-ақ құрылымдық қайта құру бойынша түбегейлі өзгерістерге байланысты өзекті мәселелерді шешу. Осы бағдарламаға сай электр энергетикасы, мұнай-газ және химия, металлургия және тау-кен, көлік-коммуникация кешендерінің кәсіпорындарын жекешелендіру көзделді. Агроөнеркәсіп кешенінде жекешелендіру үрдісін аяқтау және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен ғылым салаларында жекешелендіру үрдісін бастау туралы шешім қабылданды.
4 - кезең: 1999 ж. 1-маусымда ҚР үкіметінің каулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналган жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру бағдарламасы» қабылданды. Оның мақсаты - жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті баскарудын құқықтық негіздерін және оларды басқаруды жетілдіру.
5 - кезең: 2003 ж. ақпан айында 2005ж. дейін мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру мен жекешелендірудің салалық бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері - мемлекетттік мүлікті тиімді пайдалану, оны есепке алу жүйесін жетілдіру, белгілі бір салалар мен нақты кәсіпорындарды жекешелендіру арқылы республикалык және жергілікті бюджет табыстарын арттыру болды.
Бюджет заңына сай республикалық меншікке жататын және тау-кен, өңдеуші салалардағы мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер ұлттық қорға аударылады. 2003-2004 жж. бұл аударымдар 58 млрд. 261 млн. теңгені құраған. 2004ж. өзінде мемлекеттік меншікті жекешелендіруден алынған түсімдер - 8601 млн. теңге.
Қазақстанда жекешелендіру үрдісінің негізгі бөлігі аяқталды. Бірақ меншік нысандарын өзгерту арқылы тиімді нарықтық экономика құру мәселелері аякталмайтынын есте ұстаған жөн. Жекешелендірудің мәні меншік нысанын ауыстыру емес, капиталды арттыруға қабілетті және ынталы меншік иесінің жаңа типтерін бекіту болып табылады. Ендігі мәселе. жаңа меншік иелерінің өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға біліктілік танытуы мен ынталарын арттыруға жағдай жасау қажет.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 4152;