Меншік нысандарының көп түрлілігі

«Меншік» пен «иемдену» ұғымдарын ажырата білу керек. Меншік абстрактілі ұғым болса, иемдену – нақты ұғым.

Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде иемдену әдістері өзгеріп отырған. Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Олардың ішінде жеке меншік, жалпы үлестік меншік және ортақ меншік басты түрлері болып табылады.

Жеке меншік - өз еңбегіне негізделген және өзгенің еңбегіне негізделген жеке меншік болып екіге бөлінеді. Адамның өзінің еңбегіне негізделген меншік, мұнда меншік иесі мен жұмысшы рөлін бір тұлға атқарады, сондықтан өндірістің барлық нәтижесі жұмысшының меншігі болып табылады:

Жалдамалы еңбекке негізделген меншікте жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылады, сондықтан меншік иесінің алатын пайдасы жалақы мөлшеріне кем болады.

Иемденудің екінші түрі - жалпы үлестік меншік.Жалпы үлестік меншіктің ерекше белгілері:

- жеке меншік иелерінің үлестерін біріктіру негізінде құрылады;

- ол жалпы мақсатта, ортақ бақылау мен басқару арқылы пайдаланылады;

- мүлікті ортақтасып пайдаланудың экономикалық нәтижелері ұжымдық шаруашылыққа қатысушылардың арасында әрқайсысының үлесіне қарай бөлінеді.

Жалпы үлестік меншіктің көптеген нысандары бар:

Шаруашылық серіктестік- жарғылық капиталы қатысушылардың үлестеріне бөлінген, пайда табу мақсатында әрекет ететін коммерциялық ұйым.

Акционерлік қоғам– жарғылық капиталы акциялардың белгілі бір санына бөлінген коммерциялық ұйым.

Өндірістік кооператив- бірігіп шаруашылық жүргізу үшін оның мүшелерінің мүліктік, пайлық жарналарын біріктіру арқылы құрылатын азаматтардың ерікті бірлестігі.

Шаруашылық бірлестік - заңды тұлға, шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың, өндірістік кооперативтердің, мемлекеттік және басқа да кәсіпорындардың ерікті бірігуі.

Біріккен кәсіпорын- отандық және шетелдік әріптес кәсіпорындардың капитал салымдары негізінде құрылуы.

Жалпы ортақ меншік. Оның негізгіерекшеліктері:

- біртұтас ұжымға біріккен заңды және жеке тұлғалар өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып пайдаланады;

- әрбір қатысушының мүліктік үлесі анықталмайды;

- меншіктен алынатын жалпы табыс қатысушылар арасында теңдей үлесте немесе әрқайсысының ұжымдық нәтижелерге қосқан еңбектік үлесіне байланысты бөлінеді;

- мүлікті пайдалану, басқару барлық қатысушылардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы ортақ меншіктің де бірнеше түрі бар. Олар:

Алғашқы қауымдық ортақ меншік- адамзат өміріндегі ортақтасып иемденудің алғашқы нысаны. Табиғатқа толық тәуелді болғандыктан, олар тек қауымдасып өмір сүрді.

Жалпы отбасылық меншік- отбасы мүшелерімен жинақталған мүліктер.

Мемлекеттік меншік- мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің барлық мүліктері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік меншік тиімді бола алады, өйткені оның қызметтерімен байланысты өзіндік артықшылықтары бар: макроэкономикалық реттеуге, елдің экономикалық даму стратегиясын қалыптастыруға, ұлттық экономика құрылымын оңтайлы етуге қабілетті.

Муниципалдық меншік- жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың меншік құқығының болуы. Муниципалды меншік объектілері: су құбыры және канализация желісі, газ шаруашылығы, электрмен жабдықтау, көлік, тұрғын үй және т.б.

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 5134;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.