Оғамдық өндіріс және оның құрылымы. Ұдайы өндірістің түрлері мен типтері

Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі оның өнімі. Ол қоғамдық сипатта болады. Өйткені, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады. Әр өнімнің екі қасиеті болады:

· тұтыну құны- (қажеттілікті өтеу қасиеті).

· еңбек шығыны (оны өндірумен байланысты адамның физиологиялық мағынада жұмыс күшін жұмсауы).

Сонымен қатар, өнім өндіруге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктермен қызмет көрсету кіреді. Сондықтан да, қоғамдық өндіріс материалдық және материалдық емес өндіріс саласы болып екіге бөлінеді:

Материалдық өндіріс саласына- материалдық игіліктерді өндіру салалары сонымен қатар, материалдық қызмет көрсету кіреді. Мысалы: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс саласы, транспорттық қызмет, коммуналдық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау және т.б.

Ал материалдық емес өндіріс саласына- өндірістен тыс игіліктерді (рухани игіліктер) өндіру және өндірістен тыс қызмет (рухани қызмет) көрсету жатады. Мысалы: ғылыми кеңестер беру, денсаулық сақтау, білім беру, кітап жазу, сурет салу және т.б.

Өмір ағымы сияқты қоғамдық өндіріс қозғалысы да үздіксіз болады. Өндірістің өзінен бастап бөлу, айырбас сатыларынан өте отырып, тұтынумен аяқталады. Бұл сатылардың бәрі өзара тығыз байланысты. Және адамдар арасында экономикалық қатынасты қалыптастырады.

Ндіріс- қоғамдық өндірудің бастапқы сатысы, ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті игіліктерді өндіру үрдісі. Өндіріс - қоғам өмірінде жетекші рөл атқарады. Ол өндірілген материалдық игіліктер әрқилы әлеуметтік топтардың жеке адамдардың үлесіне қарай бөлінеді.

Айырбас- бір жағынан өндіріспен бөлу, екінші жағынан өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты көрсетеді.

Тұтыну- қоғамдық өнімді адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыруға пайдалануы. Тұтыну өнім қозғалысының соңғы сатысы.

Экономикалық өрлеу қоғамдық өндірістің дамуына байланысты. Қоғамдық өндіріс үздіксіз дамып отырады. Өндірістің үздіксіз дамып, қайталанып ұлғайып отыруын ұдайы өндіріс дейді. Ұдайы өндіріс жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді:

Жай ұдайы өндіріс– бұл өндіріс үрдісінің бұрынғы ауқымда қайталануы, сондықтанда алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндірістің ұлғаймалы ауқымды қайталануы, өйткені алынған табыстың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің үш негізгі типі бар:

Интенсивті - ең алдымен өндіріс факторларын сапалық жетілдіру, яғни, еңбек құралдарын неғұрлым үнемді пайдалану, жұмыс күшінің біліктілігін арттыру және қордағы өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру көлемін сапалық жағынан ұлғайту.

Экстенсивті - өндіріс үрдісінің сан жағынан өсуі, яғни, өнімді екі есе көбейту үшін қолда бар өндіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін екі есе ұлғайту керек.

Аралас- өндіріс қуатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың санын ұлғайту және техникамен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 7739;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.