Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері

Экономикалық теория адамзат өмірімен тығыз байланысты ғылымдардың бірі. Ол еңбек туралы, қоғамдық қатынастардың шешуші саласы - өндірістік қатынасты зерттейтін ғылым. Экономикалық теорияның пәні – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы түрлі тауарларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арасындағы экономикалық қатынастарды зерттейді.

Экономикалық теория ғылымы микроэкономика және макроэкономика деген екі негізгі бөлімнен тұрады.

Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Ал макроэкономика - ұлттық экономиканы біртұтас экономика ретінде қарастырады.

Экономика ұғымы үш түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылады:

· экономика – шаруашылық әрекет, адамдар өмірінің ерекше саласы ретінде қарастырылады;

· экономика - шаруашылық жүргізу туралы ғылым деп қарастырылады;

· экономика – шаруашылық жүргізу үрдісінде пайда болатын адамдар арасындағы қарым-қатынас деп қарастырылады.

Экономикалық теория, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады. Олар:

· Ғылыми абстракциябұл зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау үрдісінде категориялар тұжырымдалады, құбылыстар мен үрдістердің өзіндік дербес ерекшеліктері анықталады. Тану үрдісіндегі қозғалыс белгілі бір заңдылықтармен тұжырымдалып, жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа жүреді.

· Талдау (анализ)экономикалық құбылыстарды жеке элементтерге жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастықтың құрамдас бөлігі ретінде зерттеу.

· Жинақтау (синтез) бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.

· Индукция жеке оқиғадан, құбылыстардан логикалық пайымдау арқылы жалпы ортақ қағидалар шығару.

· Дедукция – жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, үрдістердің кейбір жеке көріністері мен ерекшеліктерін сипаттау. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция әдістемелері негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар экономикалық теория жалпы ғылымдар жүйесінде мынадай қызметтер атқарады:

- танымдық – бұл экономикалық заңдар, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру;

- практикалық - нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіріледі;

- сындық - құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, олардың жетістігі мен артықшылығын, күнделікті өмірде қолдану мақсатында кемшілігін де көрсетеді;

- методологиялық - барлық экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методикалық негіз болады;

- болжам жасау - экономиканың, жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.









Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 7436;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.