Экономикалық заңдар мен категориялар

Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстарының мәні экономикалық категориялар мен заңдарда көрсетіледі.

Экономикалық категориялар дегеніміз – қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық ұғымдар. Мысалы: ақша, тауар, сұраныс, ұсыныс, капитал, өндіріс, несие, қаржы, жалақы, құн, баға және т.б. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму үрдісін сипаттайды.

Экономикалық заңдар – бұл адамдардың іс-әрекет қызметінің себеп - салдарлы байланыстарын көрсететін заңдар. Олар адамдардың іс-қызметінің нәтижесінде туындап, осы үрдіс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдар әрқашанда объективті сипатта болады, яғни адамның еркі мен санасынан тәуелсіз туындап, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты тарихи нысандарының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар - барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар.

Экономикалық заңдар мәңгі емес олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туындап өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Сондықтан адамдар өз еркімен дербес шешімдер арқылы экономикалық заңды жоққа шығарып оның орнына жаңа заңдарды шығара алмайды. Экономикалық заңдардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қоғамдағы объективті экономикалық үрдістердің өзгерісімен тікелей байланысты.

Алайда экономикалық заңдар өздігінен адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше олар тек адамдардың іс - әрекеттері негізінде ғана қалыптасып көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен, олардың іс - әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып біліп олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдайтын болса ғана заң жүзеге асады. Бұл талаптарға қайшы келетін кез – келген әрекет сөзсіз шаруашылық жүргізудегі қиындықтарға, орынсыз шығындарға соқтыратыны даусыз. Нарықтық қатынастарға өту мен оларды дамыту жолында айтылғандарды қатаң ескеру қажет.

Экономикалық теория негізінде экономикалық саясат анықталады. Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық теорияны жаңа сатыға көтеретіндей тұтас экономикалық жүйе дамиды.

Экономикалық саясаттың негізгі міндеттері:

- экономикалық еркіндік - экономикалық субъектілерге шаруашылық

практикасында іс-әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігін беру;

- экономикалық өсу - барлық халықтың өмірі мен әл-ауқатын жақсарту;

-жұмыспен қамту және жұмыссыздық -жұмыссыздықты табиғи деңгейде ұстап тұру;

- баға тұрақтылығыинфляцияны төмендету және қаржы саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау-экономикалық даму талаптарын және экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау;

- әлеуметтік-экономикалық кепілдік -әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың өмірлеріне қалыпты жағдай жасау;

- әділ салық салу-табысы төмен тұрғындар топтары үшін салық жеңілдіктерін енгізу.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 9168;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.