Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні мен формалары

Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылқтардың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден тұрады:

- ұлттық шаруашылқтардың жиынтығы;

- халықаралық экономикалық байланыстар.

Дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшелігін әлемдік экономика ғылымы қарастырады. Әлемдік экономика - экономикадағы жалпы заңдылықтармен бірге нақты болып жатқан құбылыстарды да зерттейді.

Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа созылатын үрдіс. Және ол дүниежүзілік сауда-экономикалық, қаржылық және ғылыми-техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.

Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрлымы, ол байланыстардың бейнесі - ұлттық шаруашылықтардың дұниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекеттер арасында күрделі байланыстар және қарама-қайшылықтар орын алады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрлымы және әлемдік экономикалық қатынастар арасындағы байланыс өндіргіш күш пен өндірістік қатынастардың деңгейімен анықталады. Әлем әр түрлі экономикалық жүйелерге бөлінетіндіктен олар халықаралық топтарға бірігеді. Сонымен қатар, олар бір-біріне ұқсамайтын егеменді, өз беттерінше экономикалық субъектілер болып табылады.

Әлемдік шаруашылықтың бір бөлігі болып саналатын халықаралық экономикалық қатынастар бүгінгі таңда жоғары деңгейде дамуда. Қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынасқа (ХЭҚ) тән қасиеттер сан және сапа жағынан өсу. Халықаралық экономикалық қатынастардың мынадай негізгі түрлері бар:

- халықаралық сауда;

- халықаралық валюта қатынастары;

- халықаралық капитал шығару және халықаралық несие;

- халықаралық жұмыс күші миграциясы;

- ғылым мен техника саласындағы халықаралық алмасу.

І. Халықаралық сауда – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген және экспорт пен импорт арқылы жүзеге асатын халықаралық экономикалық қатынастар формасы. Экспорт – елден тауар шығару, импорт – елге тауар енгізу.

Халықаралық сауданың көрсеткіштері:

- сыртқы сауда айналымы = экспорт + импорт;

- сауда балансы = тауарлар экспорты мен импортының айырмасы.

Активті баланс – экспорттан түскен табыс сомасының импортқа кеткен шығыннан артық болуы.

Пассивті баланс – импортқа кеткен шығын сомасының экспорттан түскен табыстан артық болуы.

Халықаралық сауданың тиімділігі екі түрлі көзқараспен бағаланады:

1. Абсолютті артықшылықтар теориясы: белгілі – бір ел қандай да бір тауар өндіруде басқа елмен салыстырғанда абсолютті артықшылықтарға ие деп есептеледі (егер ол бұл тауарды аз шығынмен өндіретін болса)

2. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы: әр тауар баламалы шығыны аз елде шығарылса, шығарылған өнімнің жиынтық көлемі көп болады.

Сыртқы судада шетелдік баж (тарифтер) және тарифтік емес тосқауылдар қолданылады.

Мемлекет ХЭҚ – ты, соның ішінде сыртқы сауда аймағын үнемі реттеп отырады. Сыртқы сауданы реттеуде мемлекеттің бір-біріне қарама-қарсы екі саясаты қолданылады:

- протекционизм – ішкі нарықты шетелдік тауарлардан қорғауға бағытталған және импортты шектейтін саясат.

- фритредерстік немесе еркін сауда саясаты - ішкі нарықты шетелдік капитал мен қызметтерге ашу.

ІІ. Шетке капитал шығару – бұл басқа елдерге тиімді орналастыру және пайдалану мақсатындағы капитал экспорты. Капитал шығарудың негізгі формалары:

- Кәсіпкерлік капитал. Оның негізгі екі түрі бар: тікелей инвестициялар – шет елдерде өз өндірісін құру; портфелді инвестициялар – жергілікті компанияларға ақша салу.

- Несиелік капитал бұл шетел банктеріне ақша салу және шетелдік заемдарды сатып алу. Оның заемдар және несиелер деген негізгі түрлері бар. Капиталды шетке шығару негізінде трансұлттық корпорациялар қалыптасты. Бұлар бір елдегі басты кәсіпорын қолында акцияның бақылаушы пакеті жинақталған ірі халықаралық концерндер.

ІІІ. Халықаралық валюта жүйесі –сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңды ережелерінің жиынтығы. Халықаралық валюта жүйесінің мынадай негізгі түрлері бар:

1. 1879-1934 жж. Алтын стандарты. Бұл алтындық тепе-теңдікке бағытталып бекітілген валюта бағамы.

2. 1944-1971 жж. Берттон-Бон жүйесі, алтын-доллор стандартты жүйе. Ол доллорға қатысты және доллордағы алтын бағасына сәйкес валюта бағамының сомасы. (1944ж жаңа валюта жүйесін ХВҚ-на жасаған халықаралық конференция Бреттон-Бонда өткен).

3. 1976 жылдан бергі басқарылатын құбылмалы валюта бағамдарының жүйесі. (Ямайка валюта жүйесі. 1971ж долларды алтынға айырбастау ресми тоқтағаннан кейін қызмет жасай бастады. Мұнда көп валюталық стандарт жүйесі қолданылады).

Басқа валютаның ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігінің құны валюта бағамы деп аталады. Валюта бағамының үш негізгі жүйесі бар.

- бекітілген бағам – бір ел өз ақша бірлігінің алтын құрамын белгілейді, осылайша өз валютасымен басқа елдердің валюта алмастыру бағамын анықтайды.

- еркін құбылмалы бағамдар - ұсыныстар мен сұраныстар негізінде анықталады және өз валютасының құнына мемлекеттің ықпал етуін шектейді. Валюта бағамдарының еркін ауытқуы тапшылықты және төлем баланстарының активтерін автоматты түрде реттейді;

- басқарылатын құбылмалы валюта бағамдар жүйесі - әр түрлі елдер орталық банктерінің валюта бағамдарының қысқа мерзімді және елеулі аутқуларын деңгейлестіру үшін ашық нарықтарда шетел валютасын сатып алуын және сатуын қарастырады.

Халықаралық валюта жүйесінің құрамдас бөліктері:

- халықаралық төлем және есеп құралдарын белгілеу,

- валюталық курстардың ережелері;

- мемлекетаралық валюталық нарықтар,

- халықаралық валюта қатынастарын реттейтін мемлекетаралақ институттар.

ІV. Халықаралық жұмыс күші миграциясы – яғни, еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге жұмыс іздеп және өмір сүру деңгейін жақсарту үшін орын алмастыруы. ХЖМ – ның екі негізгі себебі бар:

· Экономикалық себептер -кәсіби біліктілігі төмен жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі; дамушы елдерде жоғары білімді мамандарға сұраныстың өсуі; жалақыдағы мемлекет аралық айырмашылықтар.

· Экономикалық емес себептер -демографиялық; саяси діни; ұлттық мәдени; жанұялық және т.б








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 11215;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.