Дәріс. Әлеуметтік жұмыстың мәні және мақсаты.
Әлеуметтік жұмыстың мәнін анықтау әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қаматамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету сиқты категориялармен анықталады. Бұл терминдердің маңызы әлеуметтік жұмыстың мазмұндық сипаттамасын көрсетеді.
Әлеуметтік қорғау феномені кең және тар мағынада қарастырылады. Бірінші жағдайда (кең мағынада) әлеуметтік қорғау мемлекеттің және қоғамның барлық азаматтарды әлеуметтік қауіптерден, халықтың түрлі категорияларының бұзылуынан қорғайды. әлеуметтік қорғау нашар жағдайдағы адамдарды қоғайды Екінші жағдайда (тар мағынада) әлеуметтік қорғау - өмірлік қиын жағдайлардан не әлеуметтік қызмет клиенттерінің қиыншылық көруінен сақтайды.
Әлеуметтік қорғауды жүзеге асырудың негізгі жолы - әлеуметтік кепілдік –халықтың қан да категориясына байланысты мемлекеттің міндеттемесі. Кепілдіктің әрекеті төменгі әлеуметтік статусты (босқындар, жұмыссыздар, мүгедектер, жетім балалар) құқықтық статусты өсіру арқылы компенсациялауды білдіреді. Мысалы, жетім балаларға қосымша кепілдік беру т.б.
Әлеуметтік көмек әлеуметтік қорғауға қарағанда тек тікелей оған қажеттілік кезінде (медициналық көмек, заңдық көмек, психологиялық көмек) болады.
Әлеуметтік қамтамасыз етуді әлеуметтік қызмет клиенттеріне ашық және жасырын материалдық қоғамдық ресурстарды беру арқылы түсіндіруге болады.Ашық төлемдерге: зейнетақы – ай сайынғы мемлекеттік ақылай төлем. Ол жоғалтқан жұмыс ақысын компенсациялау түрінде азаматтарғаберіледі. Жәрдемақы -жұмыссыздық, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, отбасының ауру мүшесін қарау, ауру, карантин кезінде, көпбалалы және жалғыз басты аналарға, аз қамтамасыз етілген балаларға, шұғыл қызметтегі әскери адамдардың балаларына т.б. беріледі.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің жасырын түрі жеңілдіктер – халықтың нашар қорғалған категориясына қандай да қызмет көрсету түрін өтеуге жеңілдіктер жасау.Әлеуметтік қолдау категориясын нақтылауда көмектің субьекті және обьекті арасындағы өзара қатынастың интерактивтік жағына назар аударылады.
Әлеуметтік қолдау клиенттің өзі үшін маңызды өзіндік мінез-құлық сызығын құруға көмектесуге бағытталады.
Леуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.Мақсат – іс-әрекеттен күтілетін нәтиже. Әлеуметтік жұмыстың мақсаты – қиын жағдайға түскен азаматтың алдындағы мемлекеттің, қоғамның парызы туралы құндылық ұғымдардың сәйкестендіру нәтижесі.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаттарын анықтау бірнеше қайшылықтарды шешумен байланысты. 1. Бірінші қайшылық өмірлік қиын жағдайды жеңудің обьективті түрде мүмкін болмауынан пайда болады. Мүгедектік, жетімдік, қауіпті ауруды (ЖҚТБ, онкологиялық аурулар т.б.) толық өзгерту практикалық түрде мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың мақсаты өмірлік жағдайды аз ад болса жеңілдету.
2. Екінші қайшылық - әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жағдайында жақсы тұрмыстың қоғамдық нормалары мен индивидуалдықтың сәйкес келмеуі. Бұл жағдайлар адам басынан кешіретін күйзелістермен байланысты, олар қиын жағдаймен қоғамда қабылданға нормалар арқылы күреседі (қылмыстық құлық нормаларына тәуелді, адекватты емес адамдар).
3. Үшінші қайшылық – халықтың кейбір категорияларына медициналық қызмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік жұмыс, яғни, әлеуметтік жұмыс әлеуметтік практиканың басқа түрлеріне ауысады.
Әлеуметтік жұмыс міндеттеріне төмендегідей формулалар кіреді:
1. Индивидивид, отбасы өміріне қатынастың әлеуметтік және мемлекеттік нормаларын гуманизациялау.Әлеуметтік жұмыс қиын жағдайдағы адамға, халық категорияларына қоғам санасында аяушылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталады. Әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қорғауға бағытталған уақытылы заңдарды қабылдаудың инициаторлары болуы тиіс.Бұл міндеттерді шешу қоғамда өзара көмек, толеранттылық, альтруизм үлгілерін насихаттаумен байланысты.
2. Көмекті қажет ететін сферадағы қоғамдық институттардың потенциалын дамыту. Міндетті түрде мемлекеттік емес, формальды емес институттарды кейбір адамдар не адамдар тобына көмек беруге тарту, әлеуметтік мекемелердің қаржылық және материалдық резервтерін жасауға, толтыруға спонсорлық көмекті, халықаралық байланысты тарту (техникалық жабдықталу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін пайдалану, инновациялық және эксперименталдық іс-әрекет).Көмектің маңызды ресурстарының бірі мамандардың әлеуметтік жұмыс бойынша компетенттілігі, әлеуметтік көмектің оптималды жолдары мен тәсілдерін ғылыми және әдістемелік жасақтау.
3. Қоғамда өмір сүрудің қоғамдық эталондарын қоғамның ресурстық потенциалымен сәйкестендіру. Бұл міндетті жүзеге асыру әлеуметтік саясаттың және әлеуметтік жұмыстың барлық деңгейлерінде (заң шығару, бюджетті бөлу, барлық көмек түрлерін бөлу) шынайылық принципін сақтауды талап етеді. Әлеуметтік шынайылықты қамтамасы ету мекен-жайлық көмекті жүргізуге мүмкіндік беретін, халықтың түрлі категорияларына, жеке адамдарға дифференциалды қатынас орнатуды қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтер үшін төлемақының жұмсақ түрін енгізуді талап етеді.
4. Әлеуметтік жұмыс обьектісінің ішкі ресурстарын өзектендіру. Әлеуметтік қызмет клиенттерінің мүмкіндіктерін белсендіру қоғамдық ресурстарды рационалды пайдалануға мүмкіндік береді. Қиын жағдайдағы адамдардың өз өмірі үшін өз бетінділігін, жауапкершілігін дамыту әлеуметтік функцияның толыққандылығын қамтамасыз етеді, олар өздерінің қажеттілігін сезінетін болады.
5. Әлеуметтік жұмыс обьектісі үшін қоғамдық ресурстарды пайдалануды жеңілдету. Клиент қандай жағдайда қандай көмек, төлемақы т.б. қашан, қайдан ала алатындығы жөнінде ақпаратты білуі тиіс. Көмек көрсететін жақ әлеуметтік қызмет клиенттерімен қатынаста эмоционалдық, транспорттық т.б. қызметтерді орындауда ашықтық, мәдениеттілік көрсетуі тиіс.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 6293;