Дәріс. Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары

 

Қазіргі кездегі ғылымдарды, социология ғылымын, негізгі сілтемелерді, әлеуметтік білімнің жеке тарихтарының пайда болуының шарттары мен факторларын, ғылыми пәндерді үш топ біріктіреді. Біріншіден, адам өмір сүретін қоршаған ортада жаңа шындықтардың пайда болуы, Оның өмірлік күшін ұстап тұруда және қайта өндіруде жаңа проблемалардың туындауын, индивидуалды және әлеуметтік субьектілкті, өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру секілді құбылыстар байқалды. Екіншіден, ол үшін жаңа, дәстүрлі ғылыми категорияларды – түсінік аппаратына сүйенген ғылыми білімнің өзіндік дамуы туралы айтылады. Үшіншіден, зерттеуші ғылымның индивидуалды – тұлғалық субьектілігі ескеріледі. Білім потенциялы, оның ғылыми интуициясы, зерттеу мүмкіншілігі ғылыми пәндердің, білімнің түрлі тармақтарының қалыптасуы мен дамуына түбегейлі ықпал етеді. Қарастырылған себебтердің үшінші тобы әдетте ғылыми білімнің дамуының субьективті факторы ретінде қарастырылады. Адам, қоғам, табиғат туралы ғылымның жаңа горизонттарын анықтайтын көрнекті ғылымдардың өзінің болуының өзі, қоғамдық өмірді, ең алдымен ғылыми білімнің эволюциясын сипаттайтын – обьективті құбылыс, өз кезегінде зерттеуінің темпераментін, мінезін, қабілетін, индивидуалды – тұлғалық мінездемесін ескерудің өзі маңызды. Бұл қасиеттер көп жағдайда ғылыми білімнің өсуінің мен мінездемесі мен масштабын анықтайды. Аталған топтарды негізге ала отырып, ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыс териясының прогрессивті дамуы мен қалыптасуының негізгі сілтемелерін және ғылыми білімнің дамуын анықтайтын шарттары мен факторларын қарастырайық, ең алдымен жаңа ғылыми пәннің зерттеу объектісіне айналған қазіргі кездегі адам өмірінің шындықтарына тоқталайық, әлеуметтік жұмыс тарихы және әлеуметтік жұмыс тарихының көптеген мамандары арнайы теориялық негіздері мен ерекше теориялырдың жасалуын қажет ететін қоғамдық құбылыс ретінде әлеуметтік жұмыстын қалыптасу кезеңін анықтаудың қажеттігі бар екен деген қорытындыға келді. Өткен ғасырдың соңғы ширегі әдетте осы кезеңмен аталады. Дәл осы кезенде көптеген индустриялды дамыған мемлекеттерде әлеуметтік жұмыспен кәсіби айналыса бастаған мамандар тобы пайда болды, Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары құрылды, университеттерде алғашқы әлеуметтік жұмыс факультетері ашылды. Осылайша, ХІХ ғ 90 жылы басында-ақ АҚШ-тың колумбиялық уневерситетінде әлеуметтік жұмыс факультеті ашылды. Әлеуметтік жұмыс теориясын ғылым және пәні ретінде дамуына, кәсіби әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау қажеттілігіне не негіз болады? ХІХ ғ ІІ жартысында адамның қоғамдық және индивидуалды өмірдің қандай шындықтары кәсіби әлеуметтік қызметкерлерді жаппай дайындау қажеттілігін, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің ғылыми зерттеу қажеттігін, “әлсіз” әлеуметтік топтарды қолдау қажеттігін тудырды? Өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік тұрмыстық проблемамикалар негізі, глобальды мәселелер тобына кіреді, экономикалық, саяси және әлеуметтік – мәдени процесстердің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Ең алдымен, жаппай урбанизациялану сияқты қоғамдық құбылысты бөліп көрсетсек болады. Урбанизация нәтижесінде индустриялды дамыған мемлекеттердің интенсивті өндірісі дамыды.

Ауыл тұрғындарының қалаға жаппай қоныс аударуы қоғамдағы маргинальды топтардың көбеюіне себепші болды. ХІХ-ХХ ғғ интенсивті жаппай урбанизациялану нәтижесінде көптеген индустриялды дамыған және орташа дамыған мемлекеттерде қала халқының саны өсті. Адамдарды өмір сүру салтына байланысты алшақтық, ұяттық, территориялық кесінділерге ғана бөліп қоймай, тұрғылықты жеріне қарай бөлуде кең етек алды (үлкен қала, орташа немесе, кіші қала типтес қоңыс, аудан, ауыл, және т.б.) Қоғамдық өңдірістің қиындауы, жұмыскердің біліктілігінің өсуі, жұмыскерлер ассоцациясына, үлкен ұжымдар қызметінің нәтижесіне адамның жауапкершілілігі мен рөлінің артуы, өзара байланыстың күшеюі, кәсіби қызметтің ортақ нәтижелерінің тиімділігінің артуына екі жақты ықпал жұмыс күшін тартушыға, оның денсаулығына, көңіл күйіне, жетістікке жетуіне, өмірлік бағдарларына жету ерекше назар аударуды қажет етті.ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғ басында мемлекеттік органдар және ірі фирмалар білім беру жүйесіне ғана емес, халықты кәсіби дайындауға белсенді түрде қаржыларын сала бастайды, өз кезегінде ХХғ дамыған мемлекеттерде индустриялық қызметтік дамуы адам тәртібінің заңдылықтарын, дамыған және техникалық жабдықталған әлеуметтік сферада зерттелуіне негіз болды. Бұның ең соңғы кезекте орындалған себебі, қызмет индустриясы тауарларға сұраныстың қалыптасуы және дәл болжамды, сондай-ақ қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасының материялы-заттық ортасын қиындату, Координалды өзгерту, оның өмір сүру салтын өзгерту, өмірлік әрекеттерінің кейбір формаларын, өмірлік күшін қалыпта ұстау әдістерін, олардың қалыптасуын талап етеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуына, оның қоғамдық жүйесінің қалыптасуына оның қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуына тағы бір фактор өз үлесін қосты. Бұл фактордың мазмұны- ХІХғ еңбектердің өз құқықтары үшін күресті. Қалалардың ірі өндірістердегі жұмысшылар тығыздығының өсуі, жұмысшы таптың ұйымдасуын күшейту, кәсіподақтар буржуазиялық үкімет пен кәсіпкерлерге өз ықпалын тигізді. Ал, соңғыларын әлеуметтік тұрмыстың түрлі формаларын қолдауды талап ететіндігіне сендірді. Пролетарлық революциялар дәуірі өткен жүз жылдықта кең етек жайды. Оның жою қасиеті прогрессивті қоғамдық құрылымына өтудің бейбіт, эволюциялық жолын іздеуді, дәстүрлі және жаңа әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа механизмдердің активизациялады. Әлеуметтік жұмыстың түрлі формаларының кең таралуы, оның объективті қажет қоғамдық құбылысы ретінде әзірленуі, қазіргі замандағы әлеуметтік қарама- қайшылықтарды шешудің негізгі жолы болып есептеледі.

Осы тұрғыдан ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ.бірінші жартысында адамзаттың жолында пайда болған бірқатар глобальды мәселелерді де назарға алған жөн. Олар көп жағдайда әлеуметтік жұмыстың қоғамдық құбылыс ретінде қалыптасуында сондай-ақ, оның теориялық және әдістемелік негізінің жасалуында маңызы зор, төмендегідей глобальды мәселелер үлкен маңызға ие болады: қоршаған ортаның ластануы, демографиялық жарылыс қаупі, әлсіз дамыған мемлекеттер мен аумақтардағы жаппай ашаршылық, жаппай қырып – жою қыруын қолдау, нәтижесінде адамзаттың өзін-өзі жою қаупі, моральды деграция мәселесі, әлеуметтік – мәдени қарама-қайшылықтар, дәстүрлі әлеуметтік институт ретінде отбасының бұзылуы,т.б. Әлеуметтік дефференцияның өсуі, түрлі мемлекеттердің халықтарының өмірлік деңгейлеріндегі айырмашылықтың ұлғайюы, миграция мәселесінің өткірлілігі, индустриалды дамыған және дамушы елдердегі өмірлік маңызды бағдарларды таңдау,т.б. жатқызуға болады.

Қазіргі заманғы әлемге мынадай сипаттамалар тән: Әлеуметтік қорғау мәселесінің тұрақтануы, оның теориялық әзірленуі, сауаттылар санының өсуі, тұрғындардың ақпараттандырылуы, сондай - ақ қоғам мен адамның іс - әрекетерінің қиындауы, жаңа тарихи жағдайда қауіптің күшею. Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби шеберлікті, адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің теориялық негізденуін талап етеді. Сонымен қатар, адамзат жәрдем қажет етушілерге әлеуметтік және индивидуалды көмекші күшейту үшін жаңа мүмкіндіктер алды.

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3361;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.