Дәріс. Әлеуметтік жұмыстың принциптері
Әлеуметтік жұмыс принциптері.Әлеуметтік жұмыс принциптері әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмектің тиімдңлңгңн қамтамасыз етеді. Принцип – бұл қандай да іс-әрекеттің жетекшілік ережесі, басты талап, негізгі идея. Әлеуметтік жұмыстың принциптері жалпы гуманитарлық құндылықтармен және метадеңгейдегі құндылықтармен анықталады Мысалы, адамның өмір сүруге құқысы, бостандық, теңдік, шындық, әлеуметтік жауапкершілік, бейбітшілікті қамтамасыз ету. Осылардың негізінде қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасауға талаптар қойылады.Осы негізде принциптердің бірінші тобы:клиентоцентризм, әлеуметтік қызметкердің клиенттің өзіндік күшіне арқа сүйеуі, конфиденциалдық, универсалдық, толеранттылық.Әлеуметтік жұмыс клиентті өзінің құндылықтар жүйеісінің орталығына қояды. Сондықтан, клиентоцентризм, яғни, әлеуметтік қызметтің клиентінің қажеттелектері, қызықғушылықтарын қорғау және сыйлау басты орында.
1. Клиентоцентризм принципі адамға оның әрекеттері, өмір сүру салты жалпы моральдық нормаларға сәйкес келдмесе де өзіндік таңдау жасауға құқық беруге негізделген. Клиентоцентризм принципі әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін шектейді, өйткені клиент азамат ретінде әлеуметтік қызметтен бас тарту құқығына ие.
2. Клиенттің өзіндік күшіне сүйену принципі. Бұл принципті жүзеге асыру клиенттің ортаның жағымсыз ықпалдарына қабілетін арттырумен байланысты.
3. Конфиденциалдық принципі клиенттің жеке өмірдің субьектісі екендігіне байланысты. Түрлі қиын мәселелер кең тарағанды қаламайды. Түрлі ақпараттарды таратпау әлеуметтік қызметкерден құжаттармен жұмыс істеуде жауапкершілікті, қарым-қатынаста өзін бақылауды талапетеді.
4. Универсалдылық принципі клиенттің жынысы, діні, ұлты, саяси көзқарастары т.б. сыйластықпен қарауды талап етеді.
5. Толеранттылық принципі әлеуметтік қызмет маманын клиент жағынан болатын агрессия, провокацияға шыдамдықпен қарауды талап етеді. Мысалы, дау-жанжалға бармау, қайырымдылық, біріккен іс-әрекетке ұмтылыс т.б.
Принциптердің екінші тобы – профилактикалық бағыттылық, әлеуметтік реакция, араласуға әрекеттілігін тексеру –алдыңғымен салыстырғанда басқаша. Олар ерекше көмекпен байланысты.
1. Профилактикалық бағыттылық – жеке проблеманың дамуының түрлі кезеңдерінде қоғамдық ресурстарды шығарудың айырмашылықтарымен шартталған. Неғұрлым себептерді ерте тапса, соғұрлым мемлекеттік құралдар және мамандардың күштері қиындықты жеңуге аз күш жұмсайды.
2. Әлеуметтік жұмыстағы тікелеу реакция көмекті оптимизациялауға жағдай жасайды. Бірақ, кейде қиын жағдайдағы адамға бірден көмек көрсету оның өміріне, денсаулығына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Бірден реакцияны қажет ететін жағдайларға кәрілік шақтағы өзіне қызмет көрсетуден айырылу, балаларға деген күш көрсету, қорқыту т.б. жатады.
3. Араласу әрекетін тексеру кәсіби көмек басқа да әлеуметтік аурулардың пайда болмауына кепілдік бере алмауымен байланысты. Сондықтан әлеуметтік қызметкер әлеуметтік қызметтен, төлемнен бас тартқан клиентті үнемі назарында ұстауы тиіс.
Принциптердің үшінші тобының маңыздылығы - әлеуметтік құқықтарды қорғау және әлеуметтік ресурстарды максимизациялау - әлеуметтік қызметтегі қоғамдық және мемлекеттік ресурстар, бұл ресурстардың берілу тәртібінің ролімен түсіндіріледі.
1. Әлеуметтік құқық әрбір азамат үшін қажет. Қиын жағдайдағы адамдар қосымша құқыларына байланысты ресурстарды пайдаланады. Бірақ, мемлекеттің, әлеуметтік қызметтің мүмкіндіктері шектеулі , сондықтан мемлекеттік емес және формальды емес институттардың көмегі қажет.
2. Әлеуметтік ресурстарды максимизациялауда әлеуметтік қызметкер клиенттің құқыларын сақтауға жауапкершілігімен қатар, керек кезде оның құқыларын кеңейтуге, қосымша ресурстар беруге міндетті. Мысалы, ребилитация, ресурстарды тікелей беру т.б.
1. Реабилитация механизмі – бұл толықтай не шағын бөліктері жоғалған ресурстарды қалпына келтіру. Ең белгілілері медициналық, кәсіби, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық реабилитация. Психологиялық реабилитация ішкі кризисті басынан кешірген адамдарға (жақындарынан айырылғандар, өзінің жазылмайтын ауруын білгендер, жұмысынан айырылғандар,суицидке дайын адамдар, басқа да стрессогенді жағдайдағылар) бағытталады.
2. Сыртқы ауыстыру механизмі жоқ ресурсты ауыстыруды білдіреді. Мысалы, ата-анасынан айырылған жетім балаларды тәрбиелеудің түрлі формалары (асырап алу, күту, т.б.).
3. Ішкі ресурстарды өсіру механизмінің реабилитациядан айырмашылығы қазіргі уақытта ресурстары жасына сәйкес, оны қалпына келтіріп керек емес ресурстарға ықпалды білдіреді (әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру, белсенді өмірлік позиция).
4. Ресурстарды тікелей беру механизмі әлеуметтік қамтамасыз етудің барлық формалараында әрекетті (зейнетақы, жеңілдіктер) және клиенттерге заң, медициналық, психологиялық сұрақтар бойынша ақпарат беруде (кеңес беру).
5. Ресурстарды резервтеу механизмі ең бірінші қаржылық құралдарды жинақтау және әлеуметтік сақтауда көрінеді (зейнетақылық қамтамасыз етудегі сақтау практикасының дамуы, денсаулықты сақтандыру т.б.).
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 7135;