Дәріс. Әлеуметтік жұмыс педагогика және психологияның білім саласы ретінде. Әлеуметтік жұмыс әдістемесі.

Әлеуметтік жұмыс - өте жас білім саласы және оның қалыптасуы біткен жоқ. Көптеген гуманитарлық білімдер сияқты әлеуметтік жұмыста да әдіснамалық тұрғылар, өзіндік ғылыми білімі, әдістеме мен технологиялар, практикалық іс-әрекет тәжірибесі бар. Бұл тараулар өзара байланысты. «Әдіснама» сөзі екі грек сөзі: методос және логос сөзінен құралады. Аударғанда таным тәсілі, білім жолы, білім алу жолы туралы білім, таным жолы туралы білім дегенді білдіреді. Мамандардың айтуы бойынша әлеуметтік жұмыс практикасы құбылысын интерпретациялауда әлеуметтік жұмыс обьектісінің субьективтік факторларын бағалаумен байланысты тұрғылардың үш тобы бар.

Психологиялық бағытты тұрғыларда адамда бар ресурстарды реттеудің мүмкіндіктері жоғары бағаланады. Өмірлік қиын жағдаяттың пайда болуының себептерін психоанализ, гештальтпсихология, бихевиоризм және басқа да психологиялық теориялар адам психикасынан көреді. Сондықтан ол қажет ететін көмек психолого-педагогикалық сипатқа ие. Әлеуметтік бағытты тұрғыларда әлеуметтік байланыстардың бұзылуын қоғамнан көреді, ал әлеуметтік жұмыстың негізгі обьектісі деп тұлғаның, отбасының, қоғамдастықтың дезадаптациясын тудыратын қоғамдық қатынастар жүйесін атайды. Әлеуметтік бағыттыға жүйелік тұрғыны, экологиялық жүйе тұжырымдамасын, әлеуметтік-радикальды модель т.б. жатқызады.Кешендік бағытты тұрғылариндивидтің (топтың) қоғаммен өзара әрекет үрдісіне зейін аударады. С.И.Григорьев, Л.Г.Гуслякова әлеуметтік бағытты деп әлеуметтік жұмысты теориялық негіздеудің әлеуметтік-педагогикалық, когнитивтік, витальдық модельдерін атайды.Бірақ аталған тұжырымдамалардың біреуі де әлеуметтік жұмыс феноменін толық ашпайды, дегенмен, әрбір тұрғы әлеуметтік қорғауға өзінің интерпретациясын енгізеді.Әлеуметтік жұмысты ғылым ретінде анықтаудың бірнеше варианттары бар. Бұл астарда әлеуметтік жұмысты әлеуметтік функцияның бұзылуы жағдайында индивид, отбасы не қоғамдастықтың ішкі және сыртқы ресурстарын пайдалану үрдісінің заңдылықтары туралы ғылыми білім аумағы ретінде түсінеді. Кез-келген ғылым жүйесінде обьект, пән, негізгі категориялар, заңдылықтар мен таным әдістері бар. Ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыстың обьектісі индивид, отбасы немесе локальды социумның қоғаммен өзара әрекеті.Ғылыми білімнің бұл саласының пәні – индивид, отбасы немесе локальды социумның қоғаммен өзара әрекетінің бұзылуының және қалпына келтірілуінің заңдылықтары. Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде пәнаралық ғылыми категориялар, басқа ғылымдардың категорияларын (әлеуметтану, психология, педагогика, экономика, медицина, юриспруденция) кеңіне қолданады. Сонымен бірге әлеуметтік жұмыстың ғылыми категориялары: қиын өмірлік жағдай, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызмет, әлеуметтік кепілдік т.б. бар.Қазіргі әлеуметтік жұмыста социология, психология, экономика т.б. ғылым салаларының зерттеу әдістері кең қолданылады. Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеудің теориялық әдістеріне анализ, синтез, модельдеу т.б. жатады. Анализ – зерттелетін обьектіні элементтерге бөлшектеу, синтез – қарсы үрдіс, - элементтерді тұтас біріктіру, модельдеу – қандай да бір құбылысты, үрдісті, обьектілер жүйесін, процесстің модельдерін зерттеу және құру арқылы зерттеу. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдістері әлеуметтік жұмыста негізгі үш топ түрінде болуы мүмкін: сауалнама әдістері, бақылау, құжаттарды және клиенттердің іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу. Сауалнама әдістері жазбаша және ауызша сауалнама болып бөлінеді (анкеталау, интервью, тестілеу). Сауалнама индивидуалды және топтық болуы мүмкін. Бақылау – бұл іс-әрекет міндеттерімен шартталған мақсатты қабылдау.

Ғылыми бақылаудың негізгі шарты – обьективтілік, яғни, не қайта бақылау жолы арқылы қадағалау мүмкіндігі, не басқа әдістерді қолдану. Құжаттарды зерттеу - әлеуметтік жұмыстағы ғылыми әдіс ретінде заңдық мәні бар, қандай да бір факт, оқиға туралы акт түрлерімен жұмысты ұсынады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясы – бұл қандай да бір әрекет және операциялар алгоритмі бар, белгілі әлеуметтік, экономикалық, психолог-педагогикалық және құқықтық механизмдерге негізделген әлеуметтік қорғаудың не көмектің жақын міндеттерінің жиынтығының шешілуінің идеалды моделі. Практикалық іс-әрекетте таза технологиялар жоқ. Ол әлеуметтік мекеменің ерекшеліктеріне, не ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің жиынтығына адаптациялана отырып, әдістемеге айналады.

Әлеуметтік жұмыстың әдістемесі технологиядан мынадай айырмашылықтары бар: бірінші – нақты міндетті шешуге бағынышты, ал екіншісі – шешім процесін норалау үшін нақты міндеттер жиынтығына ие. Әрбір технологияның потенциалы шектеулі екендігіне күмән жоқ, әрбір технологияның шегі бар.

Практикалық іс-әрекет тәжірибесі – білім саласы ретінде әлеуметтік жұмыстың құрамды бөлігі. Оның ерекшелігі персонификация, яғни, тәжірибе белгілі мекемедегі нақты маманның кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасын білдіреді.

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 3913;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.