Азіргі білім жүйесінің негізгі кемшіліктері
ü Білім мазмұны: мұғалім оқушыға дайын (өңделген) ақпаратты береді; оқушыны пәндер бойынша білім, білік пен дағдыны жай меңгеруге бағыттайды.
ü Оқу процесіндегі қарым-қатынас: мұғалім мен оқушының арасында субъективті-объективті қарым-қатынастың басым болуы, мұғалім мен оқулықты оқу ақпаратының көзі ретінде қабылдауда оқушы рөлінің енжарлығы;
ü Оқу нәтижелері: оқушы қызметінің репродуктивті деңгейі; оқушылардың пәндерден білім, білік және дағдыларын бағалаудағы қалыптасқан саны.
Білім мазмұнын жаңартудағы негізгі процестер:
· Білім, білік және дағды жүйесін яғни, «білетін адамнан» «тіршілік әрекетіне дайын адамға»,яғни белсенді және шығармашыл ойлайтын және әрекет жасайтын, өзін-өзі зияткерлі дамытатын, адамгершілік және физикалық дамыған адамға: «Бүкіл өмір бойына жақсы білім» тұжырымдасынан білімнің бүкіл өмірге қажеттілігін түсінуге .
· Психологиялық жағынан мектептің және кәсіптік білімнің қазіргі заман барысында білім алуға және біліктілікті қайта мамандандыруға дайын болуы, оны өмірдің куйреуі ретінде емес, нақты шындық ретінде қабылдауға да дайын болуы.
· Бастамашылықты дамыту. Бастамашылық өмірде табыстықты, адамның ұтқыр, оның әртүрлі жағдайларды шешуге дайын болуын кепілдендіреді. Бастамашылықты тек қолдап қана қоймай, оны жүйелі, мақсатты түрде қалыптастыру қажет.
· Білімнен құзыреттілікке.Білім берудің білімге негізделген моделі жеке тұлға мен қоғам дамуының қажеттілігін қанағаттандырудан әлдеқашан қалған. Оқушыны материалды үйренуде дағдыны қалыптастыру үшін оқуда әртүрлі және де қиын жұмысқа тарту. Ынтымақтастық мүмкін болатын оқу негізгі болып табылады.
12 жылдық оқыту моделіне көшу жағдайында жалпы орта білім берудің мақсаты -жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.
Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты.
12 жылдық білім беру мазмұнының базалық принципі– әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталады.
12 жылдық оқыту моделіне көшу жағдайында жалпы орта білім берудің міндеттері:
- 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру;
- Шағын жинақталған мектеп проблемаларын шешу;
- Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.
2020 жылы 12 жылдық оқыту моделіне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015 жылы – 1, 5, 11-сыныптар).
2015 жылы құзыреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталады.
Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар, электрондық оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу жүзеге асырылуда. 2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне көшу төмендегідей кестеде көрсетілді (2-кесте).
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:
ü жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуімен;
ü күтілетін нәтижелерге бағыттылығы;
ü оқытудың сабақтастығы;
әрбір оқыту сатысының даралығы.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3838;