Cумен қамтамасыз ету жүйесінің сорғылық станциялары
Бірінші көтергіштегі сорғының су алу қондырғысында орналасады. Олар цилиндр түрінде болып келеді. Сорғының саны аз болу қажет.
Екінші көтергіштегі сорғылар бұл су енгізудің үлкен ұзындығында қолданылады. Оларды айналымдық сумен қамтамасыз етудің сорғының станциясымен біріктіреді және сорғылар айналымдық деп аталады. Көтергіш станциялар жекеленген цехтардағы арындарды жоғарылату үшін керек. Дренажды сорғылар жер астындағы әр түлі үйіндіде жиналған суды сорып шығару үшін қажет.
Сорғының станцияларға қойылатын талаптар сорғының станциялармен сумен жабдықтаудың талаптарының деңгейлері бойынша категорияларға бөлінеді.
1. Мұнай өңдейтін металлургиялық,мұнай химиялық өнеркәсіптерге жататын сумен жабдықтаудың жүйелері жатады. Бұл кәсіпорындарда сумен қамтамасыз етудің үзілісінің болуы болмау керек, судың берілуінің төмендеуі 30%-дан көп болмау керек және 3 тәуліктен аспау керек.
2. Көмірлі, тау кенді, мұнай өндіруші,машина жасаушы өндірістері жатады. Бұл кәсіпорында судың берілуі үзілісі сағаттан аспау керек және судың беруінің төмендеуі бір айдан артық.
3. Басқа да кәсіпорындар жатады. Оларда cудың үзілісінің болуы бір тәуліктен аспау керек.
3.12 Бақылау сұрақтары:
- Кәсіпорынды сумен жабдықтау қандай үш түрге бөлінеді.
- Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйелері қандай болады.
- Технологиялық сумен жабдықтау жүйелері сұлбасынің түрлері бойынша қалай бөлінеді.
4. Техникалық суды тұтынушылардың сипаттамасы.
5. Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесі не үшін қажет және ол нені қамтамасыз етеді.
6. Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесі неден тұрады.
- Тікелей сумен қамтамасыз ету сұлбасы, оның жұмысы, артықшылығы және кемшіліктері.
- Технологиялық сумен жабдықтаудың қайталап пайдалану жүйесі, оның жұмыс істеу принципі, артықшылығы және кемшіліктері.
- Тікелей жүйемен салыстырғанда неліктен айналымды сумен қамтамасыз ету жүйесі артықшылығы бар?
10. Ағынсыз сумен қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру үшін не қажет?
11. Кәсіпорынның ағынсыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің принципиальдік сұлбасын салыңыз және оның жұмысын түсіндіріңіз.
12. Салқындатқыш құрылғылардың тағайындалуы, салқындатушы құрылғылар ретінде не қолданылады?
13. Жасанды су қоймасы қалай жасалады?
14. Тоған-салқындатқыштардың басты кемшіліктеріне не жатады?
15. Желдеткіш градирнялар, оның артықшылықтары мен кемшіліктері.
16. Тамшылы мұнаралы градирнялардың айналымды сумен қамтамасыз етуінің принципиальдік сұлбасы және оның жұмысы.
17. Электр станциясын су қоймасы-салқындатқышы бар сумен қамтамасыз етудің принципиальдік сұлбасы және оның жұмысы.
18. Бірінші көтергішті, екінші көтергішті сорғылар қай жерде орналасады және олардың қызметі қандай?
19. Арттыратын станциялар не үшін қажет.
20. Сорғылық станцияларға қойылатын талаптар қандай?
21. Дренажды сорғылар, шламды шаруашылық сорғылары не үшін қажет?
Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 2057;