Неркәсіпті газбен қамтамасыз ету

 

Өнеркәсіпті газ тасымалдау, цех аралық тораптар арқылы жер беті немесе жер асты төсеніштен бойынша газ құбырлары арқылы тартылады. Жер бетіндегі газ құбырының артықшылығы – короозияның болмауы және газдың жоғалуының аз қауіпсіздігі. Цех аралық құбырлы өткізгіштерден газ цехке, цех ішіндегі желілер бойынша келіп түседі. Цехтардың арасындағы өнеркәсіптік газ құбырларынан айырмашылығы олардың саны мен газ реттеуіш орындарының орналасуына байланысты. Егер кәсіпорын өнімділігі бойынша шағын болса, аз қысымды желіге қосылады және оған газдың шығын өлшеуіш пункті орналастырылады. ПЗРГ (пункт замера расхода газа ) орналасады. Егер де газ құбырларына орташа қысым берілетін болса, онда төмендегі сұлбалар бойынша жүзеге асырылады:

1. Газ құбырлары әрбір цехке тартылады. Онда ГТО қондырғылары орналастырылады. Осы құрылғыда газдардың қысымы төменгі қысымға дейін азаяды. Газ тарататын қондырғылардан тек қана осы цехтің тұтынышуларына келіп түседі және әрбір цехтағы газдың шығыны өлшенеді.

2. Орталық ГТО-ң сұлбасы ол жеке тұрған ғимаратта орналасады. ГТО-ға ПЗРГ орналастырылады. Орталық газ тарату пунктінде газдың қысымы орташа қысымға дейін азаяды. Газ тарату қондырғылары орналасақан аса қысымды цехтар үшін қажет. Яғни өнеркәсіптегі газбен қамтамасыз ету 2 сұлба арқылы бөлінеді.

 

 


Сурет 5. 1-ші нұсқадағы орталық ГТО сұлбасы.

 

ГТО-ң орталық газ тарататын орынның сұлбасының 1 нұсқасы көрсетілген.

1 – қалалық желілер;

2 – желі бойынша орналасқан конденсат жинағы;

3 – ажыратушы құрылғы.

 

Осы сұлбаның артықшылығы:

1 – әрбір цехтағы қысым меншікті газ тарату қондырғылары арқылы сақталады. Яғни басқа цехтағы қысымдарға тәуелсіз қысым.

2 – агрегаттар алдындағы төзімді қысым сақталады. Яғни, цех аралық газ құбырларында қысымның жоғалуы болмайды;

3 – газ құбырларындағы қысымның түсуінің есептік көрсеткіштерін қолдануға болады

Осы аталмыш сұлба кәсіпорын цехтердің бір бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан жағдайда қолданылады. Цехтар шағын бәрдей қысымды цехтар орналасқан кәсіпорын үшін орталық ГТО-ң сұлбасының 2 нұсқасы қолданылады. Яғни, оның артықшылығы – онда қысымды реттеуге арналған 1 ғана күйде орнатылады. Ажыратушы құрылғы әрбір тармақтарында орнатылады, 6 суреттегі: 1 – қалалардың желілері; 2 – цех аралық желілер; 3 – конденсаттар жинағы; 4 – ажыратқыш бекітпелері.

Әрбір тармақтарды үрлеу үшін үрлеуіш газ құбыры орнатылады. Егер де тармақтардың ұшында гидравликалық бекітпе немесе конденсаттар жинағы болатын болса, онда үрлеу үшін дренаж орнатылады.

 


Сурет 6. 2-ші нұсқадағы орталық ГТҚ сұлбасы.








Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 1600;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.