Бырлардың жіктелуі

 

Газ шығарылған жерінен тұтынушыларға магистральді газ құбыры арқылы жеткізіледі.

Газ құбырлары магистральді газ құбырларымен газ таратушы станциялардан (ГРС) тұтынушыларға дейін таратушы жүйе және ішкі заводтық газ құбыры, оның ішінде қазандық қондырғысына жіберілетін газ құбыры арқылы деп бөлінеді. Таратушы газ құбыры газды жекелеген кәсіпорындармен топтасқан ғимараттарға тікелей газды жіберуге арналады. Қысымына байланысты газ құбырлары:

- төмен қысымды – 0,005 МПа-ға дейінгі;

- орташа қысымды – 0,005 тен 0,3 МПа-ға дейінгі;

- жоғары қысымды – 0,3-тен 1,2 МПа-ға дейінгі деп бөлінеді.

3 суретте жеке бөлмеде орналасқан ГРП-ның (газ тарататын орынның) сұлбасы көрсетілген. ГТО-ның жіберу қабілеті қысым реттегіштердің өнімділігімен анықталады. ГТО-ға қорғауыш бекітуші қақпақша, қысым реттегіш, сүзгіш, газдың шығынын есептейтін диафрагмалар, өлшегіш құралдар, газ құбырын бекіткіш темір арқау (арматура) орнатылады.

Газ құбырлары қазандыққа магистральдан тұйықталған тармақтар түрінде тартылады. Газ құбырындағы газдың берілуін жедел тоқтату үшін электр жетегінен сөндіретін құрылғыны қолданады. Газ құбырлары білтелермен жабдықталады, ол газды үрлеген кезде газ құбырымен атмосфераға, ауаға бағыттауға қажет.

Домналық және коксты газ қазандықтарын пайдаланғанда газбен қамтамасыз ету жүйесі де дәл осындай жүйемен жұмыс істейді. Жалпы зауыттық газ құбырынан тазартылған домналық немесе коксты газды алатын қазандық қондырғылары бар өндіріс орындары үшін жекелеген ГРП-ны пайдаланған жөн, яғни онда газдың тұрақты қысымы сақталады және реттеліп отырады.

 
 

 

 


Сурет 3. Газ реттейтін орынның сұлбасы.

Суретте:

1,6,8,9 – бекітуші жапқыш;

2 – газды тазалауға арналған сүзгі;

3 – шығын өлшегіш диафрагмасы;

4 – сақтандырғыш бекіткіш клапан;

5 – қысым реттеуіш;

7 – клапан.

 

Кәсіпшілік газды тарататын станция ..... қажет:

1. Газды редуцирлеу, яғни ондағы қысымды магистральді құбыр бойындағы қысымға дейін азайту үшін;

2. Газды механикалық қоспалардан тазарту үшін, әдетте майлы шаң аулағыштарда болады;

3. Газды одоризациялау үшін, яғни иіс беру;

 

Метанды қондырғы СН4 газына қосымша газ қосу үшін қажет, кристалл гидраттарының түзілуінің алдын алу үшін.

4-суретте ПГРС сұлбасы көрсетілген:

 
 

 

 


1 – газдың кәсіпшілік коллекторы; 2 – ПГРС-ке кіретін газ торабы; 3 – шаңнан тазалайтын сүзгі; 4 – РІ манометрлері; 5 – спирт алу үшін қажет метанды қондырғы; 6 – редуцирлеу торабы; 7 – елді-мекен орналасқан жерге газ жіберу арналған төмен қысымды торап; 8 – қорғаушы клапан; 9 – одоризациялайтын торап; 10 – магистральді газ құбыры.

 

Сурет 4. Кәсіпшілік газ тарататын станцияның сұлбасы.

Осы сүлбенің басты кемшілігі: қысымды орынсыз пайдалануы, ол бір жола қайтпай жоғалады. Осы қысымды пайдалану әдістерінің бірі – құйын тәріздес құбырды орнату, онда қысымды төмендете отырып суықты немесе жылыны алуға болады.








Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 1880;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.