Машиналар мен механизмдердің қызметі және олардың жіктелуі

Энергияны, материалды және ақпараттарды механикалық қозғалыс арқылы өзгертуге арналған құрылғыларды машинадейді. Машиналар энергетикалық, жұмыс машиналары және ақпараттық болып үш түрі бөлінеді.

1. Энергетикалық машина.Энергияның кез келген түрін механикалық энергияға айналдыратын машинаны Энергетикалық машинадеп атайды. Оларға негізінен қозғалтқыштар жатады. Бұл машиналарға электр қозғалтқыштар, іштен жанатын қозғалтқыштар, турбиналар, бу машиналары, электр генераторлары т.б. жатады.

2. Жұмыс машиналары. Материалдарды өзгерту, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын жұмыс машиналарының технологиялық машиналар және көлік машиналары деген екі түрі болады.

Технологиялық машиналар материалдардың пішінін, қасиетін, күйін өзгерту, өңдеу үшін қолданылады. Өңделетін материалдар қатты денелер, сұйықтықтар және газ күйінде болуы мүмкін. Технологиялық машиналарға металл өңдейтін станоктар, прокат станогы, тоқыма станогы, құйма араластырғыш, үсақтағыш машиналар және т.б. жатады.

Көлік машиналарына автомобильдер, ұшақтар, темір жол көліктері - поездар, су кемелері жатады. Көлік машиналары материалдарды, заттарды, адамдарды және т.б. бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін қолданылады.

3. Ақпараттық машиналар алынған ақпараттарды немесе хабарларды өңдеуге арналған. Егер ақпарат сан түрінде алынса ондай машинаны есеп машинасы дейді оларға электронды есептеу машиналары (ЭЕМ) жатады. Ақпаратты өңдеу процесіне адам қатыспаса мұндай машиналарды автоматтық машиналар дейді. Бірге істейтін бірнеше автоматтық машиналардың тізбегін автоматтық желі деп атайды.

Машиналарды мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

Орындайтын жұмыс түрі бойынша, жұмыс режимі бойынша, жетек түрі бойынша, жылжымалығы бойынша, универсальдығы бойынша, басқару түрі бойынша және басқару әдісі бойынша жіктекге болады.

1. Орындайтын жұмыс түрі бойынша мынадай кластарға бөлінеді:

а) ұнтақтаушы машиналар;

б) сұрыптаушы машиналар;

в) тасымалдайтын машиналар;

г) құйма төсеуші машиналар т.б.

Әр кластағы машиналар өз ара әртүрлі топқа бөлінеді. Мысалы, ұнтақтаушы машиналарды жармалау, езу (дробилка) тобы және майдалау тобы (диірмен) деп бөлуге болады.

Бұл топтағы машиналардың өздері де машиналардың конструкциясына байланысты түр-түрге бөлінеді. Мысалы, жармалау (дробилка) машиналары кострукторларына қарай конусты, білікті, роторлы болып келеді және бұл машиналар мөлшеріне қарай, массасына қарай, өнімділігіне қарай бөлінеді.

2. Жұмыс режимі бойынша машиналарды былай жіктеуге болады:

а) үздіксіз әрекетті режимді (елек, конвейер);

б) мерзімді немесе циклдік режимді (крандар, құйма араластырғыш).

3. Жетек түрі бойынша:

а) электр жетекті;

б) гидравликалық жетекті;

в) пневматикалық жетекті;

г) құрастырылған дизель-электр жетекті;

д) құрастырылған электрогидравликалық жетекті;

е) іштен жанатын қозғалтқышты жетекті.

4. Жылжымалығы бойынша:

а) жылжымайтын, түрақты (стационарлық);

б) жылжымалы (жыланбауырлы жүрісті, дөңгелекті жүрісті, адымдай жүрісті).

5. Универсальдығы бойынша:

а) универсал машиналар. Бұл машиналардың тек бір негізгі агрегаты ғана болады да қалған агрегаттарын (күш агрегатын, жұмыс агрегатын, жылжу агрегатын, т.б.) жұмыс түріне қарай ауыстырып отырады;

б) мамандандырылған машиналар. Бұл машиналар жұмыстың тек бір түріне ғана арналған.

6. Басқару түрі бойынша:

- қолмен басқару;

- механизм көмегімен басқару;

- автоматтандырылған жүйесімен басқару.

7. Басқару әдісі бойынша:

- механикалық әдісті;

- электрлік әдісті;

- гидравликалық әдісті;

- пневматикалық әдісті;

- электропневматикалық әдісті.

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 4537;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.