Машинаның рентабельділігі
Машинаның рентабельділігі q – деп машинаның бір мерзімдегі пайдалы қайтарымдылығының От осы уақыттағы шығындар сомасының қатынасына тең.
(5.3)
Мұндағы Р - қарастырылған уақыттағы шығындар сомасы.
Шығындар сомасы мынадай қосындылардың құнынан (бағасы) жиналады, олар
Эн – шығындалған электр энергияның шығыны
Мт – материалдар және оларды дайындауға кеткен шығындар
Ин – аспап-құралдарды пайдалануға кеткен шығындар
Тр – жұмысшылардың еңбек ақысы
Об – техникалық (оператордың)қызмет көрсетуге кеткен шығындар
Об - машинаға қызмет ету шығыны, оператордың еңбек ақысының iшiне кiредi;
Рм – жөндеуге кеткен шығындар
Нк – цехтың және зауыттың қосымша шығындары
Аш – амартизациялық шығындардың құны, онда:
Р = Эн + Мт + Ин + Тр + Об + Рм + Нк + Аш (5.4)
Машинаның рентабельділігінің q шамасы бірден үлкен болуы тиіс, кері жағдайда машина жұмысы шығынға ұшыратады пайдасыз болады және оны пайдаланудың мағынасы (мәні) болмайды.
Экономикалық пайдалы әсері Q.
Машина жұмысының жылдық экономикалық пайдалы әсері (жылдық кіріс)
(5.5)
Мұндағы: От – жылдық табысы , теңге/жыл;
Р – пайдаланудың жалпы шығындары, теңге/жыл;
Машинаның қызымет ету мерзіміндегі жалпы экономикалық пайдалы әсері ∑Q (жалпы кіріс) сол мерзімдегі табыс соммасының ∑Qт шығындар соммасынан ∑Р айырмашылығына тең (теңге).
Машинаның бүкіл қызмет ету мерзіміндегі жалпы экономикалық пайдалы әсер ∑Q (жалпы кіріс)
∑Q = ∑Qт - ∑Р, теңге немесе (7.4) теңдеуінен
∑Q = ∑От - ( ∑Эн + ∑Мт +∑ Ин + ∑Тр + ∑Об + ∑Рм + ∑Нк + ∑Ам (5.6)
Машинаның табыс берілімі мен пайдаланылуының шығындары, амартизациялық шығындарды ∑Аш және жөндеуге кеткен шығындарды ∑Рм есептемегенде, пайдаланылу мерзіміндегі машинаның нақты жұмысының ұзақтығына h пропорционалды болады. Пайдаланылу мерзіміндегі амартизациялық шығыны ∑Аш машинаның құнына С тең. Жөндеуіне кеткен шығындар машинаны нақты пайдаланған уақтқа h тікелей байланысты болмайды; олардың мөлшері мен мезгілділігі пайдаланылу жағдайымен, машиналардың сенімділігімен және жұмысқа пайдалану жағдайларымен анықталады.
Енді жөндеуге кеткен шығындарды ∑Р және амартизациялық шығыны машинаның құнына тең ∑Ам = С факторларын ескере отырып мынаны аламыз
∑Q = h [ От - (Эн + Мт + Ин + Тр + Об + Нк )] - ∑Pм – С (5.7)
Егерде машина механикалық ресурсын толық пайдалануға дейін жұмыс істесе ( h = Д ). Сонда
∑Q = Д [ От - (Эн + Мт + Ин + Тр + Об + Нк )] - ∑Pм – С (5.8)
Пайдалы қайтарылымды (табысы) көбеиту біріншіден өнімді көбейтуден немесе өнімнің сапасын арттырып оның құнын көбейтуге байланысты болады. Біріншісінде материалдардың және құрал саймандардың шығыны пайдалы қайтарымдылыққа пропорционалды:
Мт + Ин = а От
Мұнда а - өнім құнындағы материалдар мен құрал саймандар құнының үлесі, ол өнім профиліне байланысты 0,1 0,5 аралығында болады. Орташа мәнін a = 0,25 деп қабылдауға болады.
Онда (5.8) теңдеуі мына төмендегі түрді құрайды:
∑Q = Д [ От (1 - а) - (Эн + Тр + Об + Нк )] - ∑Pм – С (5.9)
Қосымша шығындарды Нк еңбек шығынының үлесі арқылы қабылдайды. Нк = в Тр, мұндағы в – пропорционалдық факторы, ол өнімнің түріне және ұйымдық құрылымына байланысты 0,5 - 3 аралығында болады. орта есеппен 1,75 деп қабылдауға болады
Онда Машинаның бүкіл қызмет ету мерзіміндегі жалпы экономикалық пайдалы әсері үшін (7.9) – теңдеуін мына түрде жазуға болады.
∑Q = Д [ От (1 - а) + Эн + (1+в) Тр)] - ∑Pм – С (5.10)
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 1646;