Бұйымның элементтері
Өндірістік бұйымдары бөлшек, жинақ бірлік, торап, агрегат, кешен, комплект деген элементтерден құралады.
Бөлшек деп құрылым операциялары пайдаланылмаған, өзі тек бір келкі қатты және бір маркалы материалдан жасалған бұйымды айтады. Мемлекеттік стандартта бөлшектерге дәнекерленген, желімделген, пісірілген және беті қапталынған бұйымдарды да жатқызады. Бөлшектерге мысал ретінде біліктерді, қораптарды, тісті дөңгелектерді және т.б. келтіруге болады.
Негізгі құрау операциялары арқылы зауытта бірімен-бірін қосып жасаған бұйымды жинақ бірлігі деп айтады.
Технология курсында құралу операцияларына винтпен бекітіп қосу, тойтару, дәнекерлеу, желімдеу және т.б. жатады.
Кез келген бұйымдарды негізгі құрамға жатқызады, оның ішінде бөлшектер, жинақ бірлігі, комплекс, комплектілер де болуы мүмкін.
Мәселен, жинақ бірлігі ретінде редуктордың пісіру арқылы құрылған қорабын алуға болады.
Мысал келтіретін болсақ.
Осыған қосымша мемлекеттік аралық стандартта (ГОСТ 23887-79) жинақ бірлігіне торапжәне агрегатдеген ұғымдарды кіргізеді.
Торап деп бұйымның негізгі құрамынан бөлек құрастырылған, бойында өзіндік қызметі бар және жұмысын тек бұйымның басқа негізгі құрамымен біріге отырып істейтін құрылым бірлігін айтады. Мысалы, редуктордың ішіндегі өзінше бөлек құрастырылған редуктордың білікті торабын айтамыз.
Агрегат деп өзара ауыстыруға келетін, құрастырылған бұйымнан басқа негізгі құрамдарынан бөлек жүргізуге болатын және бұйымдардан дербес қызмет атқара беретін жинақ бірлігін айтады.
Кешен деп зауыдта құрылу операцияларымен қосылмаған, бірақ өзара байланысты пайдаланушылық қызметін атқара беретін, екі және одан да көп ерекше бұйымдардан тұатын жинақ бірлігін айтады.
Мысалы, таспалы конвейерді бұйым деп алсақ, онда оған кіретін кешендер таспа, көтермелеп тұратын тіректі роликтер, барабандар, конвейерлер рамаларының секциялары, редуктор, қозғалтқыш және т.б. болады.
Бөлшектер ерекшеленбеген бұйымдарға, ал ерекшеленген /ерекше/ бұйымдарға – жинақ бірлігі, яғни кешендер жатады.
Сатылып алынған бұйымдарға кооперация арқылы келетін бұйымдар, мысалы, подшипниктер, тарту тізбегі, болттар жатады.
Комплектеуші бұйымдарды жабдықтаушы зауыттар шығарады және олар бұйымның негізігі құрамы ретінде пайдаланады. Әсте комплектеуші бұйымдар сатып алынады.
Типтелген бұйымдар деп конструкциялары бір-біріне жақын және өндіріс кезінде қолданылатын көптеген, жалпылама технологиялық нышандары бар бір топ бұйымдарды айтады. Бір тектес машиналардың құрылысында типтелінген бұйымдардың қолдану деңгейі 65 – 75% кем болмағаны дұрыс.
Комплект деп зауытта құрылым операцияларымен қосылмаған бұйымдар айтады. Мысалы, аспаптар жиынтығының комплекті, гайка бұрайтын кілттер комплекті және т.б.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3246;