Сапа көрсеткіштері.

 

Сапа көрсеткіштері жан-жақты күрделі ұғым, оған жататындар:

- қызмет көрсеткіші;

- ресурсты үнемді пайдалануы;

- сенімділік көрсеткіштері;

- технологиялық және тасымалдылық көрсеткіштері ;

- стандарттау және бірыңғайлау;

- қауіпсіздік көрсеткіштері;

- техника -экономикалық көрсеткіштері;

- эстетикалық көрсеткіштері;

- экологиялық көрсеткіштері;

- патентті-құқықтық көрсеткіштері.

 

Өнімнің сапасын техникалық және үнемдеу тұрғысынан талдау үшін оның көрсеткіштерін өлшем шамасына қарай сұрыптау керек (мысалы, килограмм, метр, балл, т.б.).

Өнімнің өмірлік циклінің сатыларына қарай қолданылатын сапа көрсеткіштерін болжамдық, жобалық, өндірістік, пайдалану көрсеткіштері деп бөліп көрсетуге болады.

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің мәнін табуда (ГОСТ 15467 –79) төмендегідей бағалау тәсілдері қолданылады, олар:

- өлшемдік - техникалық құралдары арқылы;

- тіркеушілік – заттарды, шығындарды және өндірісте болып жатқан бірнеше құбылыстарды бақылау және есепке алу арқылы;

- есептілік - өнімнің сапа көрсеткіштерінің теориялық және тәжірибелік байланыстарын оның ішкі параметрлерін талдау арқылы;

- орган жәрдемділік – адамның сезімталдығын талдау арқылы;

- эксперттік – пікір қоюшылардың қойған тұжырымы арқылы;

- әлеуметтік – тұтынушылардың пікірлерін жинау және оларды талдау арқылы.

Осы көрсеткіштердің ішінен әрбір жабдықтардың негізгі жетістік дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш техника-экономикалық көрсеткіштер болып табылады. Оған мыналар жатады: жабдықтардың өнімділігі, шығындар коэффициенті, жабдықтың бағасы, жұмысқа пайдалану шығындары және өнімнің өзіндік құйы.

Шамамен 1970 жылдардан бастап сенімділік жөнінде ғылым пайда болды.

Сенімділік теориясы- тиімділік мақсатында бұйымдардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттейтін ғылым.

Сенімділік көрсеткіштері машинаның берілген нормативі құжаттармен орнатылған шектеулі пайдаланылуының көрсеткіштерін уақыт бойынша сақтай отырып, берілген функцияны орындай алу мүмкіндігін сипаттайды.

Машинаның сенімділігі оның істен шығусыздығы, ұзақ мерзімділігі, беріктігі, жөндеуге жарамдылығы және ұзақ сақталымдығы сияқты жинақтар көрсеткіштері сипатталады.

Машинаның істен шығусыздығы ретінде жұмыс қабилеттілігін сақтай алуын түсінуге болады, яғни техникалық нысанның белгілі уақыт ішінде бұзылмай жұмыс істейтін қасиеті

Бұған қарсы ұғымды машинаның істен шығуы деп атаймыз.

Беріктігі –техникалық күту, белгіленген уақта жөндеу жұмыстарын бұлжытпай орындап отырғанда машинаның өндірістік өмірінің ең ақырғы шегіне дейін тоқтамай жұмыс істеуі.

Жөндеуге жарамдылығы – бұл машинаның істен шығуынан сақтандыру және тоқтап қалуы, бұзылып қалуын алдын – ала сезіп, дер кезінде күту, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайланған қасиеті.

Жөндеу жарамдылықты анықтайтын қасиеттерге мыналар жатады: жөндеуге қол жеткізімділігі, бақылау жарамдылығы, жеңіл бөлінулік, өзара алмасымдылық, агрегаттанулығы, үйлестіру дәрежесі, майлау саңлауларының саны және т.б.

Ұзақ сақталымдылық - бұл машинаның жұмыс қабілеттілігінің сақталуы кезінде де, тасымал кезінде де өзгермеуі.

Машинаның сенімділігі техниканы қолдау коэффициентіне, жөндеудің үлесіне, сомалық еңбек сиымдылығына және т.б. көрсеткіщтерге байланысты.

Технологиялық көрсеткіштер – машинаны жасап шығарудың меншікті коэффицентімен (жинақ бірліктері санының жалпы құрушы бөлігіне қатынасы), материал сиысымдылығының қатынасымен сипатталады.

Эргономикалық көрсеткіштер – машинаның пайдалану барысындағы нормативі адам жұмысының санитарлы-тазалық жағдайларға сәйкестігімен анықталады (басқару мен бақылаудың қолайлылығы, шу мен дерел деңгейі және т.б.).

Техникалық-эстетикалық көрсеткіштер – машинаның композициялық бүтіндігі мен пішінінің, тауарлық көрілісінің функциональдық мақсатқа сәйкестігін және т.б. айқындап көрсетіледі.

Стандарттау және үйлестіру (унификация) көрсеткіштері машинаның стандартталған және үйлестірілген құрушы бөліктерімен толықтырылуы арқылы сипатталады да қолданымдылық пен қайталанымдылық коэффиценттерімен бағаланады.

Патентті-құқықтық көрсеткіштері – құрылымдардың патенттік тазалығын, машинада қолданылған отандық жаңалықтар мен патенттер санымен және жиынтығымен саналады.

Жұмысқа қабілеттілік –техникалық құжаттарда көрсетілген параметрлердің мағынасын өзгертпей, тапсырылған міндеттерді орындайтын техникалық нысанның қасиеті.

Инженер және конструкторлардың негізгі мақсаттарының бірі бұйымдардың сенімділігін арттыру.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 6024;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.