Ылыми – техникалық прогресті жеделдетудегі машина жасау саласының орны
Қазіргі еліміздің бетбұрыс дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарының алдына қойған негізгі мәселелері мейлінше жаңа технологиялық процестер мен операциялар ашу және халық шаруашылығындағы осы уақытқа дейін ашылған, пайдаланылып келе жатқан технологиялық процестер мен операцияларды ұтымды қолдану жолдарын ашу болып отыр.
Бұл мәселенің көкейтесті мақсаттарымынадай:
- елімізде шығаратын өндірістік бұйымдардың сапасын дүние жүзінде шығарылатын бұйымдардың сапасына сай арттыру немесе соларға пара-пар етіп шығару;
- бұйымдарды шығаратын өндірістің экологиялық тазалығын сақтауы және өндірістің қауіпсіз жағдайда қызмет етуін қамтамасыз ету;
- өндірісті барынша ынталандырып, жоғары халықаралық стандартқа сай сапалы өнімдер алу;
- бағдарламамен басқарылатын станоктарды пайдалану;
- бұйымдар шығаратын өндірістің ресурс сыйымдылығын, шығындарын соның ішінде еңбек шығынын, материалдар шығынын, энергия шығынын, негізгі қорларға жүмсалатын шығындарды, өндіріске жұмсалған қаржы шығындарын және т.б. шығындарды азайту.
Осы мақсатта машина жасау салаларының өте маңызды бағыттарына мына төмендегідей деген пікір айтуға болады:
- машина жасау кешенін /комплексін/, ең алдымен станок жасауды, есептеу техникасы өндірісін, прибор жасауды, электротехника және электронды өнеркәсібін түпкілікті қайта құрып, әлемдік деңгейдегідей озық дамыту;
- машина жасау кешенін дамытуға жұмсалатын күрделі қаржының көлемін едәуір арттыру;
- жаңа техника жасау мен игеру мерзімін қысқартудың көптеген техникалық және экономикалық мәселелерін шешу;
- машиналар мен жабдықтардың өлшемді қуаттарын экономикалық жағынан ақтай алатындай шекте арттыру;
- қайта реттелетін икемді өндірістер мен автоматтандырылған жобалау жүйелерді, автомат желілері мен микропроцестік техника құралдары орнатылған машиналар мен жабдықтарды, сандық бағдарламамен басқарылатын көп операциялы станоктарды, робот- техникалық, роторлы және роторлы-конвейерлі кешендерді кеңінен енгізіуіне жол ашу;
- өндірістерді қарқынды өнім шығару, бөлшек шығару және технология жөнінен мамандандыру мен жекешендіруді көбейту;
- механикалық құрастыру кәсіпорындарының мамандандырылған зауыттарымен тиімді ұштастырылуын қарастыру;
- тораптар мен бөлшектерді барынша бірыңғайлауға күш салу;
- бірыңғайланған блоктық-модулдік және базалық конструкциялар негізінде машиналар, жабдықтар және приборлар жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- техниканың көп функциялы түрлерін шығару;
- машина жасауда прогресті конструкциялық материалдарды, оның ішінде: қоспасы аз прокатты, иілген, фасонды және дәлме-дәл профильдерді, металл ұнтақтарын, композициялық материалдар мен пластмассаларды қолдануды кеңінен енгізу.
Машина жасау кешенінің даму бағыттарына орай, станок жасау өнеркәсібінің даму өзгешеліктеріне де тоқталған жөн.
Бұл арада шығарылатын жабдықтық құрылымы жетілдіріліп, тиімді ұста-пресс, металл жонатын, құю және ағаш өңдеу жабдықтарының жаңа түрлерін дайындау елеулі түрде ұлғайтылуы тиіс.
Сандық бағдарламамен басқарылатын металл жонатын станоктарды, "өңдеу орталығы" үлгісіндегі станоктарды, ауыр және бірегей станоктар мен престерді, машина жасау саласында жаппай шығарылатын өнімдерді құрастыруды автоматтандыруға арналған жабдықттарды, роторлы, роторлы-конвейерлі және машина жасау мен металл өңдеуге арналған басқа да автоматты линияларды озық қарқынмен шығаруды қамтамасыз ету қажет. Дәлдігі жоғары және аса жоғары станоктар шығару елеулі түрде кеңейтілуі шарт.
Автоматтандырылған және роботтандырылған кешендер мен тізбелер (линиялар), металл өңдеудің икемді өндірістік жүйелерін, оның ішінде табақшалап және аумақтап штамптауға, металл ұнтақтарынан, пластмассалардан және басқа металдардан бөлшектер, прогресті аспап пен технологиялы жабдықтарды, бақылауды автоматтандыруды осы заманғы халықаралық стандартқа сай өлшеу құралдарын өндіруге арналған жүйелерді жасауың ұлғайтылуы көзделгені жөн.
Аспап өндірісінің мамандандыру дамытылып, қатты қортпалар мен металды керамикадан жасалған, қайта қайралмайтын, сыртынан тозбайтын көп қабатты қаптамалар жалатылған жоғары өнімді кескіш аспап шығаруды 3-4 есе арттырылуы тиіс. Беріктікті арттыратын технологияның кеңірек пайдаланылғаны абзал.
Міне осының бәрі мына болашақ жас мамандар сіздерге жүктеліп отыр, ол үшін жоғарғы дәрежелі білікті маман болу керек, ол өздеріңізге байланысты, кімде-кім көп ізденіп терең білгісі келсе сол жетеді.
Дәріс
Тақырыбы:Машинаға қойылатын талаптар
Жоспары: 1Химия өнеркәсіптеріндегі технологиялыққойылатын талаптар
2. Машиналар мен механизмдердің қызметі және олардың жіктелуі
3. Аспап-құралдардың жіктелуі
Кіріспе
Бүгінгі тақырыбымыздың мақсаты машина танудың жалпы сипаттамаларымен танысу, соның ішінде химия өнеркәсіптеріндегі машиналарына қойылатын талаптармен, машиналардың негізгікөрсеткіштерімен, машиналар мен механизмдердің қызметі мен түрлерін және аспап-құралдардың түрлерімен танысу болып табылады.
2.1 Химия өнеркәсіптеріндегі технологиялық машиналарына қойылатын талаптар
Жалпы машина жасау саласындағы конструкторлардың ең маңызды мақсаты экология жағынан таза, энергияны аз жүмсайтын, үнемдегіш, ең алдыңғы әлемдік деңгейдегі технологияны ендіретін, жұмыс істеушілерге ыңғайлығы, өміріне қауыпсіз машиналар мен жабдықтарды жасау болып табылады.
Міне сондықтан машиналардың жобасын жасағанда, оларды құрастырып жинап шығарғанда пайдалануға оңай, экономика жағынан өте тиімді, өндірістің барлық талаптарына сай болуы керектігін ескереді.
Машиналардың негізгі көрсеткіштері.
- өнімділігінің жоғарылығы;
- экономикалық тиімділігі;
- жұмысқа сенімділігі;
- сыртқы пішіндерінің (габариттерінің), салмақтарының, металл және энергия шығындарының аз болуы;
- ұзақ уақыт бұзылмай жұмыс істеуі;
- моральдық ескірмеуі мен автоматтандыру мүмкінділігі;
- жұмыс істеуі мен жөндеуінің оңайлығы, қауыпсіздігі;
- жинауының, бөлшектеуінің және басқаруының оңай болуы;
- бөлшектерінің стандартқа сай болуы, өз ара ауыстыруға ыңғайлылығы;
- техникалық эстетика мен экономиканың талаптарына сай болуы.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2149;