Машина жасауға қойылатын техникалық талаптардың қалыптасуы

 

Машина жасаудың техникалық талаптары техникалық тапсырмаға байланысты. Машинаға тапсырма беру өндіріс технологиясына қажет болғандықтан туады. Техникалық тапсырма жоспарлау мекемесі немесе тапсырыс беретін өндіріс орны арқылы беріледі. Техникалық тапсырмада машинаның параметрлері, оның қолданылатын өндіріс салалары, жобалау институттары немесе бөлек конструкторлар тобының инициативасы бойынша жасалған техникалық ұсыныс, ғылыми – зерттеу жұмыстары, тәжірибе арқылы алынған машинаның үлгісі мен шет елде жасалған машинаның да үлгісі келтіріледі.

Өндіріс саласын жақсы білетін конструктор техникалық тапсырманы сын тұрғысынан қарап, керек болған кезде оған түзетулерін еңгізеді және бұл түзетулердің қажет екенін дәлелдеп орырады.

Параметрлері төмен, дұрыс анықталмаған, техникалық прогресті толық қамтамасыз ете алмайтын, санасы, сенімділігі, бұзылмайтындығы, жаңа қойылған жоғары талаптарға сай келмейтін машиналардың өндірістен шыққан бойдан – ақ конструкциясы ескіріп қалады, істелген жұмыс босқа кетіп, өндіріс керекті озат техникалық машина ала алмайды.

Машина жасаудың негізі конструкциялық бір ізділік. Конструкциялық бір ізділік деп жобалау кезінде бір-бірімен қатынас өндіріс салаларында жиналған оңды тәжірибелерді және жұмыс істеп тұрған агрегаттардың қолайлы, пайдалы жақтарын пайдалануды айтады.

Қазіргі машиналардың қай - қайсысы болмасын өткен ұрпақтың жұмысының нәтижелерінің арқасында жасалған. Қандай машина болмасын оның ең алғашқы түрі бірте-бірте жақсартылып, жаңа агрегаттармен жабдықталып отырады.

Кейбір конструкциялық шешімдер, жаңа ұтымды шешімдер жаңа технологиялардың пайда болуына және экеплуатациялық талаптардың қатаюына байланысты өзінен – өзі жоғалып жоқ болып кететін болса, кейбір, мысалы, велосипед конструкциясы, осы уақытқы дейін бұрынғы қалпында өзгерген жоқ.

Уақыт өткен сайын машиналардың техникалық – экономикалық көрсеткіштері өседі, қуаты мен өнімділігі де өседі, автоматизациялау деңгейі жоғары сатыға көтеріледі, сенімділігі күшейеді және бұзылмай жұмыс істейтін жылдары да ұзаяды. Машиналардың жұмыс көрсеткіштерінің жақсаруымен қатар осы салада істейтін, контрукциясы тіпті басқа схемамен жасалған, жаңа машиналар да пайда бола бастайды. Мұндай бәсекеде ең конструкциясы берік, прогресшіл машина ғана жеңіп шығады.

Машина жасау өндірісінің барлық салаларында қысқарып, онан кейін қайта-қайта өндірісте қолданылып келген талай конструкцияларды кездестіруге болады. Олардың көбі ұмытылып кетсе де, ондаған жылдардан кейін жаңа техникаға негізделіп өндірісте тағы да қолданыла бастайды.

Машина тарихын зерттеу мұндай қателерді қайталамай, машина жасау өндірісінің болашақта даму жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңа конструкцияларды жобалағанда алғашқы мәліметтерді зерттеудің, машиналардың параметрлерін дұрыс белгілеудің маңызы зор.

Кездейсоқ конструкциялық қателерді машина жасау кезінде жөндеуге болатын болса, машиналарды пайдалану мақсатында, параметрлерін белгілегенде, жіберген қателерді жөндеу мүмкін болмайды. Сондықтан бұл кезеңде зерттеу, жобалау жұмыстарын асықпай өте тиянақты жүргізу керек.

Машинаның параметрлерін анықтағанда оның ұзақ жыл бойы жоғары техникалық деңгейде болуын қамтамасыз ететін факторларды толық қамту керек. Өз елімізде және шет елдерде шығарылған машиналардың кемшіліктері мен жетістіктеріне сараптама жасай, оларды өз ара салыстырып және өндірістің даму бағытын, қажеттерін еске алып, жаңа машинаның дұрыс түп тұлғасын белгілеу керек.

Машинаның жобасын жасағанда конструктор оның жұмысының өте пайдалы болуын қамтамасыз ету керек.

Машинаның экономикалық тұрғыдан ең тиімді болуына әсер ететін негізгі факторлар деп, оның әкелетін пайдасы, сенімділігі, операторларға жалақы ретінде берілетін, энергия үшін, машинаны жөндеуге жұмсалатын қаражаттарды айтуға болады.

Авиация өндірісінің ғылыми – зерттеу институттары мен конструкторлық бюроларында елу жылдан астам П.И.Орлов жазған «Основы конструирования» деген анықтама-әдістеме құралында жоғарыда келтірілген факторларға толық сараптама берілген. Осы екі томдық анықтама-әдістеме құралда конструкторларға қажет жобалау негіздері мен кейбір күрделі мәселелердің оңай шешілетін жолдары келтірілген.

Енді машинаның негізгі көрсеткіштеріне әсер ететін факторлардың сипаттамаларын карастырамыз, олар машина масса, жұмыс өнімділігі,машинаныңсенімділігі, тоқтаусыздығы, беріктігі, жөндеуге жарамдылығы, сақталынулығы, жұмысқа қабілеттілік, жүмыс іс көлемі, нысанның шектік күйі, машина конструкциясының технологиялылығы және дизайн немесе машинаның техникалық эстетикасы.

Машина масса. Машинаның массасы көп жағдайларда жағымсыз факторге саналатындықтан оны мүмкіншілігінше кішірейту керек болады.

Көлік және жүк машиналарында олардың жалпы массасы тарту күшу мен орнықтылығына сәйкес болуын тексеру керек. Машинаның массасы оның сыртқы пішіміне (габаритіне) байланысты. Сыртқы пішімнің кіші болуы орналастырылатын механизмдерге, жөндеу және күту жұмыстарының ыңғайлы болуына және машинаның орнықты болуына байланысты.

Жұмыс өнімділігі.Машинаның жұмыс өнімділігі тиісті мөлшер бірліктерімен өлшенген өнімнің уақыт бірлігінде шығарған өнімі.

Жұмыс өнімділігінің жобалық, техникалық және эксплуатациялық деген үш түрі болады. Жобалау өнімділігі машинаның энергия және материал шығынынсыз және тоқтамай істегендегі ең максимал өнімділігі. Техникалық өнімділігі – машинаның тоқтамай, нақты бір жағдайда істеп тұрғандағы өнімі. Эксплуатациялық өнімділігі – машинаның технологиялық және ұйымдастыру шаралары, техникалық күту және жөндеу үшін кеткен уақыттарын есептегендегі өнімділігі.

Машинаның күрделілігі ондағы тораптар мен бөлшектеріне байланысты. Құрамында 1500-дей бөлшек бар машиналар қарапайым машиналар, 3000-дей бөлшегі бар машиналар жартылай күрделі машиналар, 3000-нан көп бөлшектері бар машиналар күрделі машиналар деп аталады.

Сенімділік.Белгілі режимде, техникалық күту, тасымалдау сияқты эксплуатациялық көрсеткіштердің шегінен шықпай, тапсырылған жұмысты тиісті уақыт ішінде орындау машинаның сенімділігі деп аталады.

Сенімділік – машинаның тоқтаусыздығы, беріктігі, жөндеуге жарамдылығы, ұзақ сақталынуы сияқты жинақтардың қасиеттері.

Тоқтаусыздығы –техникалық нысанның белгілі уақыт ішінде бұзылмай жұмыс істейтін қасиеті.

Беріктігі –техникалық күту, белгіленген уақтылы жөндеу жұмыстарын бұлжытпай орындап отырғанда машинаның өндірістік өмірінің ең ақырғы шегіне дейін тоқтамай жұмыс істеуі.

Жөндеуге жарамдылығы –техникалық нысанның тоқтап қалуын, бұзылып қалуын алдын – ала сезіп, дер кезінде күту, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайланған қасиеті.

Сақталынулығы –техникалық нысанның, үздіксіз түзулігінің және жұмыс қабілеттілігінің сақталуы кезінде де, тасымалдау кезінде де өзгермеуі.

Жұмысқа қабілеттілік –техникалық құжаттарда көрсетілген параметрлердің мағынасын өзгертпей, тапсырылған міндеттерді орындайтын техникалық нысанның қасиеті.

Іс көлемі –машинаның барлық жұмыс істеген уақыты немесе машинаның барлық істеген жұмыс көлемі.

Машинаның өндірістегі бар «өмірі» ішінде істеген жұмысын (іс көлемін) машинаның техникалық қоры (технический ресурс) дейді. Машинаны жұмысқа қосқан күннен бастап, оның жұмысқа жарамай тоқтатылған күніне дейінгі күнтізбектік уақыт мерзімін машинаның жұмыс мерзімі (срок службы машины) дейді.

Нысанның шектік күйі –машина жұмысының нәтижесінің өте төмендеп кетуі, қауіпсіздік шарттарының бұзылып, қалыпқа келтіруге мүмкіндік жоқ болғандығы, сонымен машина жұмысының тоқтатылуы.

Машина конструкциясының технологиялылығы –шығаратын заттардың өзі типтес басқа заттарға қарағанда көп қаражатты, көп еңбек сіңіруді керек етпеуі, машинаның техникалық көрсеткіштерінің өте жоғары деңгейде болуы.

Конструкцияның технологиялықтығы туралы мәселелер «машина жасаудың негізгі принципі мен әдістері» деген тарауда қаралады.

Дизаин немесе машинаның техникалық эстетикасы –формасының кемелді болуы, бояуларының үйлесімді болуы, күтудің оңайлығы, қолайлылығы.

 

 

 

 

Дәріс

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3442;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.